жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Ғаламшар қалай орналасқан?" 2 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Мектеп: «Ащысай ОЖББМБ» КММ |
|||||
Сабақ тақырыбы: Ғаламшарлар қалай орналасқан? |
|||||
Күні 13.02.2019ж |
Мұғалімі: Кабиева Нагима Рашидовна |
||||
Сынып: 2 |
Қатысқандар саны 8 |
Қатыспағандар саны 0 |
|||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты |
2.4.2.1.Күн жүйесінің ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау |
||||
Сабақ мақсаттары |
Күн жүйесінің ғаламшарларымен танысу, олардың орналасу тәртібін анықтау; |
||||
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
|
Барлық оқушылар: ғаламшарлардың атауларын біледі. Көптеген оқушылар: ғаламшарлар тобын күн жүйесіндегі орнын анықтайды, орналастырады. Кейбір оқушылар: Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін анықтайды |
||||
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: Оқушылар сипаттарына сәйкес ғаламшарлардың орналасу тәртібін талқылап, қорытындылау. Талқылауды табысты түрде жүзеге асыру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою: Ғаламшарлар қандай тәртіппен орналасқан? Оларға қандай ортақ атау беруге болады? Бұл ғаламшарларды қалай орналастырар едіңдер? Неліктен екендігін айта аласыңдар ма? Себептерді түсіндіру. |
||||
Терминология: Ғаламшар, орналасу |
|||||
Сөз тіркестері: Ғарыш денесі, күн жүйесі, ғарыш денелері |
|||||
Құндылықтарды дарыту |
- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығы; - Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; - қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы мәлімет беру |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиеттік оқу - сөйлеу мәдениеті, тіл байлықтарын дамыту, математика - ғаламшарларды санап атауда |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта, ғаламшар суреттері,слайд, жұлдызшалар |
||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Күн жүйесі, жердің серігі, күн жүйесіндегі планеталардың аттарын біледі. |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурс тар |
|||
Сабақтың басы 3 мин
4 мин |
Психологиялық ахуал туғызу Сынып оқушыларын ортаға шақырылып, ұлдар мен қыздар болып екі топқа бөлініп тұрады. Ұлдарға бойларының ұзындықтары бойынша, ал қыздарға шаштарының ұзындықтары бойынша рет-ретімен тұру ұсынылады. - Балалар, сендер белгілі бір тәртіппен сапта орналастыңдар. Мінекей, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың да өз орны бар екен. Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасы ҚБ тапсырмасы арқылы тексеріледі. Жалғастан өткен сабақ бойынша «гравитация» сөзінің мағынасын сұрау. Ғаламшарлар, жұлдыздар мен серіктер сияқты аспан денелері арасындағы тартылыс күші гравитация деп аталады |
ҚБ тапсырмасы |
|||
Сабақтың ортасы 8 мин
3 мин
4 мин
3 мин
5 мин
3 мин
5 мин |
1.Видеорлоик көру «Ғаламшарлардың орналасуы» 2. Санамақ «Зерттеу» . Балалар санамақты хормен 2 рет қайталап, есте сақтайды және өздері ғаламшарлар боп, өз орындарына орналасады. Дескриптор
Қай суретте ғаламшарлар дұрыс орналасқан? Оларға қандай ортақ атау беруге болады?
«Кір жаятын жіп» әдісі Оқушылар шашылған ғаламшар суреттерін алып, түсіндіріп кір жаятын жіпке кезекпен іледі. |
Күн жүйесінің суреті
Кір жаятын жіп, суреттер |
|||
3 .Саралау тапсырмасы “Дереккөздер" Бос ұяшыққа Күн жүйесіне енетін басқа ғаламшарлардың суретін сал немесе атауын жаз. Ғаламшарларды Күн жүйесіндегі орналасу ретіне сәйкес нөмірле |
ҚБ тапсырмасы |
||||
4.Сергіту сәті: "Орныңды тап" ойны Шарда жазылған ғаламшар атауларын тауып, өз орындарына тұру |
Шарлар |
||||
5.Зерттеу жұмысы. Саралаудың «Жіктеу» тәсілі. Ермексаздан ғаламшарларды жасау, күн жүйесіне орналастыру. Дескриптор: 1. Ғаламшарларды ермексаздан жасайды; 2. Күн жүйесіне орналастырады; 3. Оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Ғаламшарлардың аттарын Күннен алыстау реті бойынша қалай есте сақтауға болады? Арнайы сөз тіркестерін ойлап табу. М- Ш- Ж- М- Ю- С- У- Н- Дескриптор
|
Ермексаз
Топшама |
||||
6. «Білімлэнд» тапсырмаларымен жұмыс 1. Сәйкестендіру 2.Тест тапсырмалары |
«Білім лэнд» сайты |
||||
Сабақтың соңы 2 мин |
Үй тапсырмасы Тақырыпты түсініп оқу Кері байланыс Күн –мен бүгінгі сабақты толықтай түсіндім Жер – мен әлі де білгім келеді Ай –маған көп іздену керек |
|
|||
Қосымша ақпарат |
|||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Барлық оқушыларға тапсырма тәсілі ғаламшарлардың атауларын білу, себебі қажеттіліктеріне қарай жетелеу нәтижесін береді деп ойлаймын. Көптеген оқушыларға ойындар арқылы ғаламшарлар тобын күн жүйесіндегі орнын анықтау, орналастыру тапсырмаларын бердім. Себебі оларға бұндай тапсырмалар ғаламшарлардың орнын есте сақтау үшін тиімді болды.
Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, сондықтан оларға саралау және зерттеу жұмыстары бердім. Оларға қосымша көмекті «Білімленд» сайтынан видео көрсету арқылы және сондағы тапсырмаларды орындату арқылы жоспарладым. |
||||
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен «Жұлдызшалар» беру арқылы қолдау көрсетіліп, бағаланып отырды. |
||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Партаға дұрыс отыруы, сергіту сәті кезінде, зерттеу жұмысын жасау барысында кауіпсіздік ережесін сақтау ескертілді. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген