400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Галогендер" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа жаңартылған білім бойынша сабақ беретін химия пән мұғалімдеріне дайын ҚМЖ. Бұл сабақ жоспарында жеке, жұптық, топтық тапсырмалар қарастырылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: химия

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.3 А

Мектеп: Батыс Қазастан облысы, Орал қаласы №46 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Максотова Асемгул Тураровна

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Галогендер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.5 – галогендер молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау

9.2.1.8 – топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау

Сабақтың мақсаты

  • Галогендер молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін білу

  • Галогендердің формуласына сәйкес кристалдық торы мен байланыс түрін аныктау

  • Топта бойынша галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау.

Бағалау критерийі

  • Галогендердің электрондық формуласын жазады

  • Формулаға сәйкес кристалдық тор мен байланыс түрлерін анықтайды

  • Галогендердің топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіреді


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология.

  • Фтор,хлор, бром, йод; галогендер;

  • Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш;

  • Ковалентті полюссіз байланыс;

  • Молекулалық кристалдық тор;

  • Фторос, бромос

Диалогтер мен жазуүшінқолданылатынтіркестер:

  • Галогендердің периодтық кестегі орны?

  • Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

  • Галогендер қандай агрегаттық күйде болады?

  • Металдық/ бейметалдық қасиеттері топтарда жоғарыдан төмен қарай артады/кемиді, себебі .......

  • Металдық/ бейметалдық қасиеттері периодтарда солдан оңға артады/кемиді, себебі .......…

Оқушылар галогендердің атом құрылысындағы айырмашылықты ажырата алады.

Құндылықтарға баулу


Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы – галогендердің қолданылуымен және биологиялық рөлімен танысқанда экологиялық бағытта жүзеге асады.

Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.

Пәнаралық байланыс

математика, физика, жаратылыстану

Алдыңғы білім


7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы

8.2.1.6 -химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут






6 минут









































«Ширату жаттығулары»

М: Оқушылармен амандасу. «Атомдар мен молекулалар ойыны» әдісі бойынша ортаға шақырып, топқа біріктіремін. Мұғалім оқушыларға бәріміз молекулалар сияқты жалғыз қимылдаймыз дейді. Молекулалар бірігіп-бірігіп, екеу болады, сосын үшеу болады, атомдар түзіледі. Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы 3 топқа біріктіремін.


«Мен кіммін» атты жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.

«Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян» деп жұмбақтарды қоя бастаймын.

1. Мен 1811 жылы француз фабриканты химик-технолог Бернер Куртуа ашты. Атым грекше күлгін, қара көк деген мағына береді. Теңіз орман-жапырағы деп аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6%-мын. Организмдеріңізге мен жетіспесем, бақшаңкөз ауруына шалдығасыздар.

О: Йод

М :-Ия бұл жұмбақтың шешуі «Йод» болады, Йод VІІ топтың негізгі топшасындағы элемент болып табылады деп сипаттама береміз. Келесі жұмбақтың жалғасы:

2. Мен бүлдіргіш элементпін, қ.ж. солғын сары түсті бейметалмын. Өткір иісті улы газбын. Қосылыстарымда бір валенттімін, өте белсендімін, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттесемін. Менімен жанасқан кезде натрий, кальций, кремний, күкірт, фосфор жанады,ал су айырылады. Ауыз суда мен жетіспесем тістеріңіз ауыратын болады.

О: Жауабы: Фтор элементі. Келесі жұмбақ

3. Мені 1826 жылы француз ғалымы Ж.Балар ашқан. Иісім сасық болғандықтан меннен бәрі қашады. Мен қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтықпын, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түземін.

О: Бром

Мұғалімнің сөзі: – Ия бұл элемент Бром болып табылады.

Сонымен оқушылар осы Йод, Фтор, Бром элементтері арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар және де қай топқа жататын элементтер деп сұрақ қою арқылы бүгінгі тақырыбымызға өтеміз. Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Галогендер». Ендеше 7-8 сыныптарда өткен білімізге сүйене отырып галогендерді периодтық кестедеден сипаттайық. Оларға қандай агрегаттық күй тән? Галогендердің металдар ма, әлде бейметалдарға жатады ма соны есімізге түсірейік.


Сабақтың мақсатымен таныстыру:

М: Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсаты:

- галогендер молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау

– топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау


М: Ал енді осы бүгінгі сабағымызға сәйкес күтілетін нәтижеміз:

  • Галогендердің электрондық формуласын жазады

  • Кристалдық тор мен байланыс түрлерін анықтайды

  • Галогендердің топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсініп меңгеруіміз керек.

Мұғалімнің сөзі: «Барлық оқушыларға сәттілік тілеймін!»











Д.И.Менделеевтың периодтық кестесі

Сабақтың ортасы




7 минут



















2 минут











5 минут


































5 минут























7 минут

Топтарды мәтінмен жұмыстану үшін «Борт журналы» арқылы жұмыстандырамын. Ол үшін 1- топқа кітапта берілген материалды оқып шығуға, ал қалған 2 топқа қосымша деректер беремін. Материалмен танысып оқып шығуға 5 минут уақыт беріледі. Материалмен танысып болғаннан кейін осы кестені толтырып, топтан бір оқушы өздері толтырған кестені оқып таныстырады. (Мұғалім оқушылар мәтінмен жұмыстанып жатқан кезде уақытты ескертіп отырады.)

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?




ҚБ: Топтар өзара бірін-бірі топтық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек»  әдісі  арқылы  бағалайды.


Мұғалім сөзі: Оқушылардың өздері оқып меңгерген білімін, алған материалдарын толықтырып кетемін. Галогендер тобына – фтор, хлор, бром, иод жатады. Олардың молекулалары екі атомды, нағыз бейметалдар.

Олардың барлығы ұшқыш сутекті қосылыстар береді. Салыстырмалы атомдық массалырының мәндері артқан сайын элементтердің белсенділіктері кемиді. Топшада атомдық нөмері

өскен сайын галогендердің атом радиусы да өседі, сондықтан фтордан астатқа қарай тотықтырғыш қасиеттері кемиді. Соған сәйкес тотықсыздандырғыш қасиеттері артады, ал электртерістілігі кемиді.

1-тапсырма

(Ж) Берілген F2, Cl2, Br2 элементтерінің электрондық формулаларын құрастыру.


Элементтердің атауы

Молекулалардың электрондық формуласы

1-топ

F


2-топ

Cl


3-топ

Br


Дескриптор

1. Химиялық элементті орналасқан орны бойынша сипаттайды

2. Период бойынша неше деңгейден тұратының анықтайды

3. Элементтің электрондық формуласын құрастырады.

Топтық жұмыста

Орындадым

Жаңа ой-пікірлер ұсындым

Берілген уақытты ұтымды пайдаландым

Талдау жасап , қорытындылауға қатыстым

Қателерін тауып, түзету енгіздім

Топ мүшелеріне көмек көрсеттім

ҚБ: Орындадым деген жерге «+» белгісін қояды. “Жетон” бағалау әдісі арқылы бағаланады.

Б ағалау критерийі:

Қызыл жетон – барлығын түсіндім

Көк жетон – енді түсініп келемін

Сары жетон - толықтырамын

(Т) 2 –тапсырма. Берілген қосылыстардағы химиялық байланыстың түзілу жолын жазып, байланыс типін және кристалдық торын анықтайды. Нәтижесін жұмыс дәптеріне жазады.

1-топ F2, HF, NaF.

2-топ Cl2, HCl, NaCl

3-топ Br2, HBr, KBr


Дескриптор

1. Қосылыстардағы химиялық байланыстың түзілу жолын жазады

2. Байланыс типін анықтайды.

3 Кристалдық торын жазады.


ҚБ: Топтар бір-бірін «Сигналдық карта» әдісі арқылы бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • еDrawObject1 сеп толық шығарылса

  • еDrawObject2 септі жартылай шығарып, әлі де толықтыруды қажет етсе

  • еDrawObject3 септі мүлдем шығармаған болса


(Жж) 3-тапсырма Осы берілген сызбанұсқада галогендердің топ нөмері, атомдық нөмері мен период бойынша қалай өзгеретінің сипаттаныз. F→Cl→Br→I→At


Дескриптор

1. Топ нөмері бойынша агрегаттық күйі мен түсінің қалай өзгеретінін түсінеді.

2. Атомдық нөмері өскен сайын тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш қасиеті мен электртерістілігін өзгеруін анықтайды.

3. Период бойынша металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеруін байқайды.


ҚБ: Оқушылар қасындағы жұбы екеуі тапсырмаларын ауыстырып, презентацияда көрсетіліп тұрған дұрыс жауабы арқылы бір-бірлерін тексереді. Алдарына алдын ала таратылған үш түрлі стикерді дәптерлеріне жапсырып береді.


Бағалау критерийлері:

1. Сызбанұсқа бойынша галогендердің өзгеруін толық сипаттаса жасыл стикер беріледі.

2. Егер оқушы топ пен атомдық нөмері бойынша немесе период бойынша ғана қасиеттерінің өзгеруі бойынша сипаттаса сары стикер беріледі.

3. Егер оқушы тек бір ғана қасиетінің өзгеруін сипаттаса қызыл стикер береді.


* Барлық тапсырмаларды аятап отырған, яғни қарқыны жоғары оқушыға осындай қосымша тапсырмалар дайындап отырмын.

Қосымша тапсырмалар.

 №1-есепті шығару

Бөлме температурасында судың бір көлемінде 500 көлемге жуық хлорсутек ериді. Ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.

  №2-есепті шығару

 Көкөністерді тұздау үшін тығыздығы 1,06 г/мл натрий хлоридінің 8%-дық ерітіндісін пайдаланады. Көкөністерді тұздау үшін 20 л тұздық дайындауға натрий хлоридінің қанша массасы және судың қандай көлемі қажет?

  №3-есепті шығару

 Көлемі 1 л теңіз суының құрамында 27,6 г натрий хлориді, 0,8 г калий хлориді, 3,2 г магний хлориді, 2,1 г магний сульфаты, 1,3 г кальций сульфаты бар. Егер 1 л теңіз суын буландырғаннан кейін түзілген қалдықты күкірт қышқылымен өңдесе, хлорсутектің қанша массасын алуға болады?


«Допты лақтыру» әдісі бойынша мұғалім бастап бір оқушыға сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Сонда оқушылар бүгінгі жаңа сабақ бойынша сұрақ қоя алады және алған білімдері бойынша сол сыныптастары қойған сұрақтарға жауап береді. Сол арқылы оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергенін біле аламын.

ҚБ: /Мұғалімнің мадақтауы/

Презентация



























































Периодтық кестедегі заңдылықтар:

http://serc.carleton.edu/sp/mnstep/activities/19801.html

Элементтер және олардың қосылыстары химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары:

https://distant-lessons.ru/ximiya/zakonomernosti-izmeneniya-ximicheskix-svojstv-elementov-i-ix-soedinenij












Презентацияда 3-тапсырманың жауабы көрсетіледі.



Сабақтың соңы


5 минут

Рефлекция «Табыс» ағашы

Оқушылардың бүгінгі қойған мақсатымызға қаншалықты жеткенімізді және де бүгінгі сабағымызға сәйкес күтілетін нәтижелеріміз:

  • Галогендердің электрондық формуласын жазады

  • Кристалдық тор мен байланыс түрлерін анықтайды

  • Галогендердің топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсініп меңгеруіміз керек едіғой. Осы сабақта біз нәтижеге жеттікпе? – деп сұрақ қоя отырып оқушыларға «Табыс ағашы» рефлекциясын ұсынамын.


Сабақ өте қызықты болды. Маған ұнады. Тапсырмаларды өзім орындадым.


Маған сабақ ұнады, бірақ аздап қателер болды. Маған мұғалім мен оқушылар көмектесті.


Маған сабақ қызықсыз болды. Мен тапсырмаларды орындамадым.












Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін дереккөздер арқылы мәтінмен жұмыстануға тапсырмалар бердім. Тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне сәйкес жеңілден күрделігі көтерілу мақсатында бердім. Қарқыны жоғары оқушыныда ескеріп қосымша есептерді де дайындадым. Әрбір орындалған тапсырмадан кейін оқушымен өзара диолог болды және де тапсырма орындау барысында түсінбеген кездерінде қолдау көрсетілді.

Бағалау үшін «Екі жұлдыз бір тілек», «Өзін-өзі бағалау», «Смайликтер» арқылы бағалау әдістерін қолдандым. Әрбір бағалаудан кейін кері байланыс жасалды.


Партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақмақсаттары немесе оқумақсаттарышынайы, қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
37 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
7684
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі