жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Ғарыш және Жер" Жаратылыстану
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарыш және Жер Күні: Сынып: 1 |
Мектеп: «№11 ЖОББМ» КММ Мұғалімнің аты-жөні: Кайранбекова Корлан Базылтайкызы Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Глобусты қалай қолданады? |
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: |
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау |
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Глобус жер пішінінің жасанды моделі екенін біледі; Көптеген оқушылар: Жердің пішінін глобус арқылы анықтайды; Кейбір оқушылар: Глобустан құрлықтар мен мұхиттарды табады; |
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Ғаламшар, Жер, шар. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Ғарыштың Жерден қандай айырмашылығы бар? -Ғарыштан қарағанда Жер неге ұқсайды? -Жер пішіні жағынан алсақ қандай ғаламшар? |
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының 3-қадамы «Зайырлы қоғам және руханият» құндылығын басшылыққа ала отырып, білім алушыларды жауапкершілікке, шығармашылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеймін. |
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек, |
АКТ қолдану дағдылары |
|
Бастапқы білім |
Жер ғаламшарының көрінісі |
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы Психологиялық ахуал
Топқа бөлу
Ой қозғау
|
«Достасайық» әдісі. Оқушылар орнынан тұрып хормен достық өлеңін оқиды. Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Бір сыныпқа жиналып, Достығымыз жарасқан. «Пішіндегі құпиялар» әдісі арқылы. Дөңгелек пішінінде жасырылған сөз – Жер. Үшбұрыш пішінінде жасырылған сөз – ай. Шаршы пішінінде жасырылған сөз – Күн. «Ғарыш әлеміне саяхат» әдісі арқылы.
Заттардың суреттері мен моделін ұсыну. Қандай айырмашылықтар байқағанын сұрау. -Біздің үлкен ғаламшарымызды зерттеу үшін оның суретін қалай салуға болады?(Глобус – Жердің кішірейтілген көшірмесі деген тұжырымға келуі тиіс) -Глобус қандай? Неге шар тәріздес? Глобус өз осінен неге айналады? Глобустың түстеріне мән берейік, неге әр түрлі түспен боялған? Көк түсі нені білдіреді? Ал сарғыш, қоңыр, жасыл түстері ше? |
Бейне жазба «Жер» |
Сабақтың ортасы 1-тапсырма (Т) Шарты
Дескриптор
Ойлау дағдысының деңгейі ҚБ
Кері байланыс
Сергіту сәті 2-тапсырма (Ж)
Шарты
Дескриптор
Ойлау дағдыларының деңгейі ҚБ
Кері байланыс |
«Ойлан, тап, құра» әдісі. (Көркем еңбек)Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. А) Берілген глобустың суретін бояңыз. В) Кеңістікте глобусты түрлі-түсті қағаздармен бейнелеңіз. С) Ермексаздан Жердің макетын құрастырыңыз. А) Суретті дұрыс бояйды. В) Түрлі-түсті қағаздардың түсін дұрыс таңдайды, кеңістікте глобусты нақты бейнелейді. С) Макет құрауға қажетті ермексаздың түсін дұрыс таңдайды, үлгіге сай макетты дұрыс құрастырады. Білу, түсіну, қолдану.
Топтар бірін-бірі бағалайды.
-Тапсырма не туралы болды? Қай жері қиындық туғызды? Не себептен? -Осы тапсырманың оқу міндетімізге жетуімізге ықпалы болды ма? «Көрейік те, қайталайық» әдісі «Мен таптым» әдісі. Оқушылар оң жақтағы көршілерімен жұптасады. Глобустан мұхиттар мен құрлықтарды тап, мұхиттарға көгілдір түсті стикерлерді, құрлықтарға қағаздан жасалған адам бейнелерін жапсыр. (Әр жұптағы оқушыға глобустың бір жартысы беріледі) - Мұхиттарды табады. - Құрлықтарды табады. Білу, түсіну, қолдану.
Үлгі бойынша тексеру
-Тапсырма не туралы болды? Қай жері қиындық туғызды? Не себептен? -Осы тапсырманың оқу міндетіне жетуіне ықпалы болды ма? |
Желім, А4, түрлі-түсті қағаз, бояу, ермексаз, қайшы
Видеоролик
Глобус суреті, стикер, қағаздан жасалған адам
|
Сабақтың соңы ҚБ
Қорытынды рефлексия |
Олай болса барлығымыз қолымыздағы глобусымызға назар аударайық. Мұхитты бояймыз. - Глобустың екі құрлығы да жасыл болса жасылмен бояймыз(сабақты толық түсінді) - Бір құрлығы жасыл, бір құрлығы сары болса көкпен бояймыз(сабақты орташа деңгейде түсінді) -Екі құрлығы да сары болса сарымен бояймыз(сабақты түсінбеді). Сыныптың ортақ деңгейін шығару -Бүгінгі сабағымызда не туралы әңгімеледік? -Біздің міндетіміз не еді? -Міндетімізге жету барысында қандай тапсырмалар орындадық? Қай тапсырмада қиналдыңдар? Неліктен? -Алдымызға келесі сабаққа қандай міндет аламыз? -Осы сабақтың өмірлеріңе пайдасы бар ма? Қандай? |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген