400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Графикалық редактор"

Материал туралы қысқаша түсінік
өндірістік сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Графикалық процедуралар мен функциялар.



Мақсаттары: Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары туралы толық мағлұмат бере отырып білімгерлердіңПаскаль тіліндегі алған білімдерін дамыту.



Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

А) білім алушыларды түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру

II. Кіріспе нұсқама

1. Жалпы қауіпсіздік техникасы

2 .Тапсырмамен таныстыру

3. өткен тақырыпты еске түсіру

4. жұмыс орындарына бөлу

5 .жұмыс орындағы нұсқама



III. Негізгі нұсқама

Қазіргі дербес компьютерлердің графикалық ақпараттарды енгізу, шығару,және өңдеуге арналған техникалық құрылғылары бар. Графикалық ақпаратты енгізу үшін – сканер, ал шығару үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.



Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы СRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.

Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Екі режимде де пиксель деп аталатын дисплей экранының режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.

Графикалық режимде графикалық нүктелердің өзінің «координаталар жүйесі» енгізіледі.

Экрандағы графикалық бейне графикалық экранның буферінің күйіне байланысты графикалық нүктелердің жарықталуынан құралады. Экран буфері дегеніміз – бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі. Пайдаланылған графикалық экранның режиміне, дисплейдің типіне және жадының көлеміне тәуелді графикалық экран үшін бір немесе бірнеше буфер ұйымдастырылуы мүмкін. Мұндай буферлер графикалық экрандық беттер деп аталады. Дербес жағдайда, физикалық экран тек бір ғана бетпен байланысты болуы мүмкін. Графикалық ақпаратты сол мезетте шығаруға бағытталған буфер активті бет (буфер) деп аталады.

Графикалық режимді алғаш рет іске қосу (инициализациялану) үшін INITCRAPH («драйвер», «режим», «жолы» ) процедурасы қолданылады. Мұндағы, «драйвер» - графикалық драйверге арналған integer типті айнымалы, «режим» - адаптердің жұмыс режиміне арналған integer типті айнымалы (тағайындалатын графикалық режимінің нөмірі), жолы – графикалық драйвердің файлына баратын жолды көрсететін string типті өрнекр.

Графиктік режимнен шығу үшін Closegraph процедурасы пайдаланылады.

GetGraphMode:Integer; функциясы адаптердің, яғни графикалық ағымдағы режимінің мәнін береді;

SetGraphMode (Mode;integer) – графикалық режимді тағайындайды, тазартады, мұндағы Mode – орнатылатын режимнің коды

MoveTo (X,Y:integer) – процедурасы курсорды көрсетілген координатаға орналастырады;

MoveRel (DX,DY:integer) – курсорды тұрған нүктесінен әрі қарай DX бірлігіне көлденең (оңға), DY бірлігіне тіке (төмен) бірлікке орын ауыстыру;

RestoreCRTMode процедурасы графикалық режимнің алдындағы режимді қалпына келтіреді. Оның CloseGraph процедурасынан өзгешелігі – қойылған графикалық режимдерді өшірмейді, буферді тазаламайды;

GetX және GetY функциялары курсордың ағымдағы координатасын анықтайды.



Нүкте салу операторы. Экранның кез келген жеріне нүкте салуға болады.

PutPixel процедурасы экранға нүктені көрсетілген координатасымен және түсімен шығарады.

Форматы: PutPixel (х,у,С); мұндағы х,у - нүктенің координатасы, С – түсі.

GetPixel функциясы - координатасы көрсетілген экаранның графикалық нүктесінің түсін анықтайды.

Форматы:GetPixel (х,у,С); мұндағы х,у - нүктенің координатасы, С – түсі.

Line процедурасы бастапқы және соңғы нүктелерінің көрсетілген координатасы бойынша кесінді салу.









































Компьютермен жұмыс





№1. Экранда бұрыш жасаған екі түзу сызық, шеңбер центрінде орналасқан нүкте салу программасын құру керек.



program syret;



uses Graph Crt;



var graphdriver, graphmode: integer;



begin



clrscr;



initgraph (graphdriver,graphmode,’d:\bp\bgi’);



setColor(3)’line(250,50,475,200);line(200,50,25,300);



setcolor(8);circle(250,200,100);putpixel(250,200,5);



readln; closegraph;



№2. Әр түрлі түспен берілген геометриялық фигуралардың астына аттарын жазатын программа құру керек.



program syrettext;

uses Graph, Crt;

var GraphDriver: integer; GraphMode:Integer;

Begin ClrScr;

GraphDriver:=0;

InitGraph(GraphDriver,GraphMode,’d:\bp\bgi’);

SetBkColor(15);SetColor(10);

rectangle (60, 40, 100, 80);SetFillStyle(1,3);FloodFill(300,70,10);

SetColor (0); ;SetTextStyle (5,0,3);

OutTextXY(60,65’RectanglE’);

setcolor(11);circle(200,65,20);setfillstyle(2,4);

setcolor(1);settextstyle(4,0,4);outtextxy (180,80’ circle’);

ellipse(300,80,0,360,50,30); settextstyle(5,0,5); outtextxy(250,90,’ ellipse’)

setcolor(5); line (360,65,450,65);settextstyle (6,0,6); outtextxy(360,80,’ line’);

setcolor(4)arc(500,70,260,,90,20); settextstyle (6,0,6); outtextxy (500,90,’arc’);





Сұрақтар.



* Турбо Паскальда графикалық мүмкіндікті қолдануға бола ма?



* Графикалық режиді қалай іске қосады?Экранда нүкте салатын процедура қалай аталады?

* LineTo және LineRel процедурасының айырмашылығы неде?

* Шеңбер салу операторын ата?

* Arc процедурасы не үшін қолданылады?

* Эллипс салу операторының жазылу форматы қандай?

* Rectangle процедурасы не үшін қолданылады?

* Drowpoly процедурасының қызметі?

* OUTTEXT процедурасының атқаратын қызметі қандай?

* ОUTTEXT OUTTEXTХУ(х,у,текст) процедурасындағы х,у – нені білдіреді?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
832
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі