400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Ғылыми стиль", 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Стиль бөлімі бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты


Сынып:


Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы:

Бастауыш,бірыңғай мүше,оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын сызықша

Жалпы мақсаты:

Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы ғылыми - теориялық түсінік беру, олардың түрлері мен тыныс белгілерін меңгерту, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Сыни ойлау көзқарасын, логикалық ойлауын, өз пікірін дәлелдеу, байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру, есте сақтау қабілетін, көркем жазу сауаттылығын дамыту; Жаттығулардың тәрбиелік мәніне назар аударту, ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту. Ізгі қарым - қатынас негізінде тәрбиелеу.

Негізгі мақсат:

1.Жұрт алдында мәдениетті сөйлей білуге дағдыланады.

2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.

3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.


Оқыту нәтижелері:

Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілердің ережелерімен таныса отырып, сауатты жазуға дағдыланады

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Ресурстар:

деңгейлік тапсырмалар, таратпа қағаздар, қосымша оқулықтар, маркерлер, плакаттар, стикерлер

Іс-әрекет түрлері:

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, оқу үшін және оқыту үшін бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, АКТ, оқу мен оқыту басқару және көшбасшылық

Жеке жұмыс

Топпен жұмыс

Формативтік бағалау

Ынталандыру (смайликтер)

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе. Қызығушылықты ояту.

1) Психологиялық ахуал тудыру.

Амандасу. Түгелдеу. Оқушы көңіл-күйін сұрау. 2) Топқа бөлу

Оқушылар бір-біріне жылы сөздермен амандасып, тілек айтады.

Тұсаукесер

Үй тапсырмасын тексеру

«Олжалы бестік» ойыны. 5 сөз дайындап, олардың артына сұрақ жасыру және бір сөздің артына тек қана «5» бағасын қою.

«Мықты болсаң, тауып көр» - Сөйлем мүшесі деген не? Сөйлем мүшелерін ата.

«Жүйрік болсаң, шауып көр» - Пысықтауыш деген не? Мысал келтір.

«Алғыр болсаң, алып көр» - Анықтауыш қандай мүше?

«Тапқыр болсаң, тауып көр» - Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегенді қалай түсінесің?

«Ойлы болсаң, озып көр» - Толықтауыш, оның түрлері.

«Зерек болсаң, айтып көр» - М. Мақатаевтың бір өлеңін айтсаң, «5» аласың!

Сыни ойлау. Белсенділік таныту.

Негізгі бөлім Мағынаны тану.


Түсіндіру жұмысы

"Топтық тергеу"

 1. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
 2.Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады?  
 3.Бастауыш,баяндауыштың сөйлемдегі қызметі қандай?
 4.Оңашаланған айқындауыш дегеніміз не?
 5.Қосарлы айқындауыш дегеніміз не?
 6.Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
 
Тақырыппен танысады.Негізгі белгілері мен ерекшеліктерін постерге салады (186-188 бет)

І топ (постер)

ІІ топ (ауызша баяндау)

ІІІ топ (негізгі белгілерін жазу).

ІҮ топ (5 мысалмен дәлелдеу)

Сергіту сәті


2.Жаттығу жұмысын жүргізу

Оқушылардың топпен және жеке жұмыс жасау қабілеті мен білім деңгейін байқау, бағалау

187-жаттығу

-мәтінді оқу,сызықша қою, қойылу себ.түсіндіру

- морфологиялық талдау

189-жаттығу

-тыныс белгісін қою,түсіндіру

-синтаксистік талдау жасау

192-жаттығу

Жалқы есімдер мен туынды сөздерге морфологиялық талдау жаса

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша шығармашылық жұмыс жасайды. Топта бірлесе жұмыс жасау.

Көшбасшылық таныту.










Оқушылар бірлесе талдау жасап жаттығуды орындайды.






Әр оқушы жеке орындайды. Топ тан бір оқушы оқып шығады.

Сабақты бекіту

1.«Миға шабуыл»
1.    сөйлем ішіне қандай тыныс белгілер қойылады?
2.    сөйлем ішінде ерекшеленіп, мағынасы айқындалып тұратын сөздер қандай сөздер?
3.    тыныс белгілерін қолданудың заңдылықтарын ата.

2."Қарлы кесек" әдісі


Топ алған білімдерін постерде қорғап шығады.

Топтық жұмыс







Топ мүшелері келесі топқа доп лақтыру арқылы сұрақ қояды

Қорытындылау

Рефлексия

Тақырып бойынша ой қорыту

."Екі жұлдыз,бір тілек"

Тақырыпты түсінулері мен сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп рефлексия жасайды,мұғалімге ұсыныс-тілектерін стикерлер арқылы білдіреді.

Бағалау

Топ басшысы тыңдалады.Топтық және жеке бағалау жүргізеді.Оқушылар мұғалім тарапынан сабақтың әр кезеңінде ынталандыру смайликтерімен бағаланып отырылады.

Топты бағалап ой- пікірлерін айта білуге машықтанады.

Үйге тапсырма

«Абайды білемін бе?» тақырыбына эссе жазу;

(өтілген тыныс белгілерін қолдана отырып)

Күнделікке берілген тапсырманы жазып алады.

Рефлексия

Сабақта не сәтті өтті?




Сабақтағы

кедергілер




Сабақ бойынша

ескерілу керек тұстары,болашақтағы жоспарым







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі