400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Халықтың нәсілдік,тілдік,ұлттық құрамы және дүние жүзіндегі діндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға халықтың нәсілдік,тілдік, ұлттық құрамы және дүние жүзіндегі діндер жөнінде түсініктер беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып:10

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Халықтың нәсілдік,тілдік,ұлттық құрамы және дүние жүзіндегі діндер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға халықтың нәсілдік,тілдік, ұлттық құрамы және дүние жүзіндегі діндер жөнінде түсініктер беру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілетін,дүниетанымындамыту,пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:Оқушылардың ой –өрісін дамытып,бірлікке, адамгершілікке,өз бетінше ізденугееңбектенуге дағдыландыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың тегі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі:Дүние жүзінің саяси картасы,оқулық, жұмыс дәптері

Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі

Сабақтың формасы:Жеке, ұжымдық

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу 2.Оқушыларды түгендеу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

1.Зымыран сұрақтар

1.Д.ж бойынша орташа есеппен 1км кв жерге неше адамнан келеді?/52

2.Халық тығыз қоныстанған 1 км кв жерге 100 адамнан артық қоныстанған аудандар қатарын ата/Батыс еуропа,Үнді ганг ойпаты,Оңтүстік Үндістан,Шығыс Қытай,Жапон аралдары,Ява аралы,Ніл аңғары,Нигер өзенінің төменгі ағысы,АҚШ-тың солтүстік- шығысы,Бразилия мен Аргентинаның Атлант мұхит жағалауы

3.Халық сирек қоныстанған аудандарды ата/Сахара, орталық Азия,Арабия, Аустралия шөлдері,Канада ,Ресейдің,Еуропаныңсолтүстігі,қалың орманды ,батпақты Амазония

4.Халқы тығыз шоғырланған елдер қатарына қандай елдер кіреді?/Бельгия,Ұлыбритания,Германия,Жапония,Бангладеш,Индонезия

5.Халық тығыздығы ең жоғары елді ата/Бангладеш 1062 адамнан келедіКорея Республ.491,Нидерландыда 404

6.Иммиграция деген не?/елге басқа мемлекет азаматтарының көшіп келуі

7.Эмиграция деген не?/елден адамдардың көшіп кетуі

8.Шығыс жарты шарда халықтың қанша пайызы келеді?/ 85

9.Оңтүстік жарты шарда халықтың қанша пайызы тұрады?/10

10.Көші –қонның себептерін ата/ табиғи жағдайы,діни,экономикалық,саяси,отбасы-тұрмыс

2.Үй тапсырмасын бекіту. Тест 1.Д 2.е 3.е 4.а 5.с 6.а 7.в 8.в 9.в10.д

1. Халқы ең тығыз орналасқан ел:

а) Иран; в) АКШ; с) Жапония; д) Бангладеш; е) Бутан.

2. Халықтың орналасуына әсер ететін факторлар:

а) тарихи жағдай; в) табиғи өсу;с) ғылым ; д) өнеркәсіп, мәдениет; е) тарихи, табиғат жағдайы, экономикалық жағдай;

3. Халқының саны басқа елден көшіп келушілердің есебінен өзгеруін...........дейміз:

а) көшіп-қону; в) урбандалу; с) табиғи қозғалыс; д) демографиялық жарылыс;е) механикалық қозғалыс.

4. Жаңа индустриалды елдер:

а) Корея, Сингапур; в) Вьетнам, Пакистан; с) Тайланд, Чили; д) Қытай, Монголия; е) Индонезия, Замбия

5. Федерациялық мемлекет:

а) Франция;в) Өзбекстан; с)Мексика; д) Непал; е) Украина.

6. Халық ең көп қоныстанған дүние бөлігі:

А) Азия; в) Америка; с) Еуропа; д) Африка.

7. Қай елдер « қоныс аудару капитализміне» жатқызылады?

А) Бразилия, Мексика; в) ОАР, Жаңа Зеландия; с) АКШ, Канада; д) Германия, Дания.

8. Қай елде әйелдерге қарағанда ер адамдар саны басым?

А) Жапония, Тмд;в) Қытай, Үндістан; с) Польша, Германия; д) Канада,АКШ; е) барлығында бірдей

9. Халықтық механикалық қозғалысы деген не?

А) халықтың ұдайы өсуі; В) миграция ( көшіп-қонуы); с) көліктік шығын; д) бюджет; е) сауда қатынасы.

10. Экономикалық дамуынан артта қалған елдер қай аймақта?

А) Азияда; в) Австралияда; с) Солтүстік Америкада; д) Африкада; е) Евразияда.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.Балалар осы біз басқа жерге яғни шет елге барсақ өзіміздің қазақ халқын көрсек кәдімгідей қуанамыз,бірақ ол адаммен біз сөйлеспей – ақ оның қазақ екенін сеземіз, сонда біз оны қандай ерекшелігі арқылы білеміз? Ия, дұрыс айтасыңдар балалар, біз олардың сырт бейнесі арқылы танимыз.

Нәсілдер – адамдардың сыртқы бет – бейнесінің ұқсас белгілері(түсі,шашының сипаты,бет әлпеті, бас сүйегінің пішіні,дене тұрқы және т.б) бойынша біріктірілетін топтары.Антропологиялық белгілер ұзақ уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу нәтижесінде қалыптасқан.

Жер шары халқы 3 үлкен нәсілге Еуропалық,монғол тектес,экваторлыққа жатады.

Нәсілдердің сыртқы айырмашылықтары болғанмен , нәсілдердің биологиялықжәне әлеуметтік- мәдени тұрғыдан алғанда тең екендігі ғылым жүзінде дәлелденген.

Ұлттық құрамы.Этнос немесе халық дегеніміз-тілі мен ата қонысының, шаруашылық сипаты мен мәдениетінің ортақтығы негізінде тарихи қалыптасқан және бірыңғай ұлттық санаға ие адамдардың қауымдастығы.

Ғалымдар этностар санын 3-4 мыңдай деп болжайды.Қазіргі кезде әлемдегі аса ірі этнос-қытайлар.Жер шары халқының 43%-ға жуығын ірі 10 этнос құрайды.

Д.ж мемлекеттердің жартысынан астамы ұлттық құрамы жөнінен бірұлтты,көпұлтты болып саналады.Бір ұлтты елдер қатарына: Дания,Швеция,Жапония,Корея

Көпұлтты елдер:Үндістан,Нигерия,Индонезия,Ресей,АҚШ,Қазақстан

Тілдік құрамы.д.ж 7 млрд адам бар.Олардың қанша тілде сөйлейтіндігі әлі нақты анықталмаған, кейбір ғылыми деректерде3 мыңнан асады десе,ал кейбір ғылыми деректерде тіл саны 5 мың деп шамалайды.Олардың 1000-нан астамы жойылып бара жатырған немесе әлі толық қалыптасып бітпеген тілдер болып табылады. Қазіргі кезде Аустралияда аборигендердің 250,С.Америкада үндістердің 170 тілі жойылу алдында тұр.Тілдердің ¾ бөлігі ауыз екі сөйлесуге ғана пайдаланылады,яғни жазба үлгісі жоқ.Д.ж. тілдерд і45-тен астам тіл тобына, оларды өз кезегінде 20 тілдік семьяға топтастырады.Сонымен қатар ешқандай тіл семьясына, тобына енгізілмеген, шығу тегі белгісіз оқшау тілдер де бар.Олар:жапон,корей,Испанияда тұратын басктердің тілі.

Қазіргі кезде д.ж кең таралған 12 тілде халықтың 60%-дан астамы сөйлейді.Кең тараған 6 тіл:ағылшын,француз,орыс, испан,араб,қытай.БҰҰ-ның жұмыс тілдері болып саналады.

Әлем діндері.Саны жағынан христиандар басым.Христиан діні-католиктік,протестант, православие ағымдарына жіктеледі

Ислам – д.ж.120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар.Мұсылмандар, негізінен Азия жерінде шоғырланғанмен, олардың саны Еуропа мен Африкада едәуір.Мұсылмандардың жалпы саны жөнінен Индонезия(160млн),Пәкстан126 млн),Үндістан (100 млн адам) д.ж. алдыңғы орындарды алады.

Буддизм – әлемдік діндердің ішіндегі ең ежелгісі болғанымен, бұл дінді ұстанушылардың саны христиандар мен мұсылмандарға қарағанда әлдеқайда аз. Буддизм – Қытай, Жапония, Корея кеңінен таралған; Мьянма,Шри- Ланка,Тайланд,,Монғолия,Бутан,Вьетнам,Камбоджа,Лаоста басым дін болып табылады.

Сабақты бекіту.

1.Географиялық диктант

1.Нәсілдер – адамдардың сыртқы бет – бейнесінің ұқсас белгілері(түсі,шашының сипаты,бет әлпеті, бас сүйегінің пішіні,дене тұрқы және т.б) бойынша біріктірілетін топтары.

2.Антрополпологиялық белгілер ұзақ жылдар бойы белгілі бір табиғат жағдайларына бейімделу жағдайына байланысты қалыптасқан.

3.Жер шары халқы 3 үлкен нәсілге . Еуропалық,монғол тектес,экваторлыққажатады.

4 Этнос немесе халық дегеніміз дегеніміз тілі мен ата қонысының, шаруашылық сипаты мен мәдениетінің ортақтығы негізінде тарихи қалыптасқан және бірыңғай ұлттық санаға ие адамдардың қауымдастығы.

5.Әлемдегі аса ірі этнос - қытайлар.

6.Бір ұлтты елдер - .. Дания,Швеция,Жапония,Корея

7.Көпұлтты елдер - .. Үндістан,Нигерия,Индонезия,Ресей,АҚШ,Қазақстан

8.Оқшау тілдер- . жапон,корей,Испанияда тұратын басктердің тілі.


9.шаманизм қандай дін? ...Дәстүрлі діндер

10. Буддизм орталығы ...Қытайда таралған.

2. Диаграммалар сөйлейді.

1- топ

1.18- сызба нұсқаны талдау. Дүние жүзіндегі аса ірі этностардың өзгеру диаграммасын салыстыру.

2.Термин сөздер: унитарлы,федерациялы,отарлар,теократтық

2-топ

1.20 – сызбанұсқа. Ірі тілдердің таралуы арасындағы айырмашылық.

2.Дәстүрлі діндер туралы сипатта

3 – топ

1.22 – сызбанұсқа. Д.ж діндердің таралуын бір – бірімен салыстыру

4-топ

Иудаизм,Индуизм,даосизм,синтоизм,конфуцийлік туралы түсінік беріңдер

5 – топ

1.16 – суретті талда, сипаттаңдар

2.Ислам діні туралы баянда

Бағалау.

Қорытынды

Кескін картамен жұмыс Дж нәсілдердің таралуын кескін картаға түсіру

Үйге тапсырма:§23 оқу2. Дж нәсілдердің таралуын кескін картаға түсіруді аяқтау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
756
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі