Сабақ жоспары "Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны (тұтас жеңдер)"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны (тұтас жеңдер)"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктерін зерттеп, анықтай алады Шығармашылық идеяларын таныстыруда ақпарат көздерін қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектебі Дизайн және технология

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ишимбаева Куляш


Сынып: 8 сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны.

(тұтас жеңдер)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.4.2-Зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау

8.1.3.1-Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)

Сабақтың мақсаты

  • Тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктерін зерттеп, анықтай алады

  • Шығармашылық идеяларын таныстыруда ақпарат көздерін қолдана алады

Бағалау критерийі

  • Тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктерін зерттеп, анықтайды.

  • Шығармашылық идеяларын таныстыруда ақпарат көздерін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Дизайн – көркем сурет және  сәулет  өнерінің  өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.

Термин сөздер

Дизайн - дизайн – design

Халықтық пішім -народный крой-national cut

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдікбірліктер:

Ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіздер?

Киім пішудің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Олар немен ерекшеленеді?

Құндылықтарға баулу

  • Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайнын дайындаудың маңызы мен қажеттілігін түсіну арқылы Қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік құндылығы қалыптасады;

  • Достарының пікірін тыңдай білу, оған қолдау көрсету арқылы құрмет құндылығы қалыптасады;

  • Топта бірлесе жұмыс жасау және шешімді бірлесе қабылдау арқылы ынтымақтастық құндылығы қалыптасады;

  • Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайнындайындаудаеңбек пен шығармашылық құндылығы қалыптасады;

  • Сұрақтарға жауап беру, мен қалыптастырушы бағалау үдерісі арқылы ашықтық құндылығы қалыптасады;

  • Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайнындағы дизайнерлер мен сәнгерлердің тұтас жеңдер үшін халықтық пішімді қолданудың ерекшелігін түсіну арқылы өмірбойы білім алу құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика және геометрия – тұтас жеңдердің өлшемдерін алуда математикалық есептеулерді, лекала дайындауда геометриялық фигураларды қолдану және симметрия заңдылықтарының сақталуын түсіндіру.

Көркем еңбек - дизайнерлер жұмыстарындағы заманауи киім үлгілеріндегі этникалық идеялары мен тақырыптарды талдау, эскиз тақырыбымен байланыстыру.

Информатика шығармашылық идеяларын таныстыруда интернет ресурстарын, тақырыпты түсіндіруде АКТ құралдарын пайдалану.

Алдыңғы білім

Киімнің тарихынан мәліметтерге ие. Киім және оған қоятын талаптарды атай алады. Әр жастарға арналған киімдерді салыстыра алады.

Өзіндік шығармашылық жұмыстарын орындау бойынша сарамандық дағдылары мен аудиторияға жұмысын ұсыну бойынша тәжірибелері бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин






3 мин


Топқа бөлу. Оқушылар топтарға тұтас жеңдердің қималарын құрастыру арқылы бөлінеді.

Миға шабуыл. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады:

1. Халықтық пішімнің ерекшелігі неде?

2. Жеңі тұтаспішімді киімнің артықшылығы неде?

3. Киім пішімі халықтың мәдени дәстүрімен байланысты ма?

Оқушылар және мұғалім толықтырулар жасайды, мұғалім ынталандырушы сөздермен (тамаша, керемет т.с.с) бағалайды, соңынан «Үш шапалақ» әдісімен қорытындыланады.

Әртүрлі жеңдердің қималары (пазлдар)

Сабақтың ортасы

7 мин



10 мин












14 мин

Киім пішудің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? Олар несімен ерекшеленеді? Сұрақ қою арқылы тақырыпты таныстырылым арқылы түсіндіреді.

Интернет ресурстары мен қосымша әдебиеттерді пайдаланып, жең түрлерін қарастырыңдар. Оларды салыстырыңдар. Олардың пішу ерекшелігін атаңдар. Сән журналын қолдана отырып, халықтық пішім негізінде жасалған киім модельдерін таңдаңдар. Қалай ойлайсыңдар, модель салу барысында сәнгерлерді не шабыттандырады? Топта талқылаңыздар.

Топтар жұмыстарын қорғайды. Басқа топтар олардың жұмыстарын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Ақпарат көздерін пайдаланып, тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктеріне зерттеу жүргізіп, кестені толтырып, қорытынды жазады.


Зерттеу парағы

Тұтынушылар жайлы мәлімет

Қандай өнімді таңдайды (стилі, пішімі)?

Сіздің ұсына

тын өніміңіз (стилі, пішімі)?

1.

Жастар 18-44 жас



2.

Орта жасты 44-59 жас



3.

Егде жасты 60-74 жас



Неліктен, Сіздің өніміңізді таңдау керек?



Топта жүргізген сауалнамаларының қорытындысымен таныстырып, дескриптор арқылы бағалайды.

Дескриптор:

-тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктеріне зерттеу жүргізеді;

-кестені толтырады, қорытындысын шығарады.

Презентация




https://www.google.kz/search?biw=1640&bih=913&tbm=isch&sa=1&ei=sjApW5vEC8ub6AS- &oq=жеңнің+түрлері

сән журналдары.








Әлеуметтік желі

Сабақтың соңы

3 мин



  1. Қорытынды рефлексия:

  2. «Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі.

Оқушыларға стикерлер таратылып беріледі де сол стикерлерге бүгінгі сабақта тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды жазып, чемоданның тұсына, ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына, бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазып жапсырады.

Стикерлер,

чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігінің суреттері

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмалар, қарқын, дереккөздер, диалог және қолдау көрсету, бағалау, қорытынды.







Бақылау, қадағалау, қолдау көрсету және бағыттау, «Үш шапалақ», «Бас бармақ» әдістері, критерий арқылы бағалау,«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдістері қолданылады.

Кеспе картамен жұмыс жасағанда өткір, ұшты құралдармен жұмыс жасауда техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалаймын.

АКТ-мен жұмыс жасауда (ақпараттармен жұмыс жасау және таныстырылым дайындауда), әлеуметтік желімен жұмыс жүргізгенде денсаулық сақтау технологиясын басшылыққа аламын.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді

ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

1:

2:


2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
3864
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі