400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Хлор" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың басында оқушылардың деңгейлерін саралай отырып, топтарға біріктіремін. Деңгейі төмен оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын; Қарқыны жоғары оқушыларға жоғары деңгейлік тапсырмалар беру арқылы қажеттіліктерін қанағаттандырамын, ал орташа қарқынды оқушыларға тапсырманы орындауына қосымша уақыт беріп қолдау көрсетемін..
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Химия

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

9.3А 17(VII), 16(VI), 15(V), 14(IV) топ элементтері және олардың қосылыстары

БҚО, Орал қаласы

Мектеп: №46 ЖОББМ



Мұғалімнің аты-жөні: Максотова А.Т

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Хлор

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

9.2.1.9 Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау; металдармен, сутекпен, галогенидтермен әрекеттесуі

Сабақ мақсаттары

1)Хлордың химиялық қасиеттерін білу;

2)Хлордың химиялық қасиеттерін тотығу-тотықсыздану реакциясы тұрғысынан түсіндіру;

3)Хлордың химиялық қасиеттеріне сәйкес сандық есептер шығару.

Бағалау критерийі

Хлордың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазады;

Хлордың химиялық қасиеттерін тотығу-тотықсыздану реакциясы тұрғысынан түсіндіреді;

Хлордың химиялық қасиеттеріне байланысты есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат:

-хлордың химиялық қасиеттерін сипаттайды;

Лексика және терминология:

-хлор, галоген, ас тұзы, электролиз, темір (ІІІ) хлориді, мыс (ІІ)хлориді

Диалогта қолданылатын тіркестер:

Хлор .... реакциясына түседі;

хлор .... қасиет көрсетеді;

хлор ... тотығу дәрежелерін көрсетеді



Құндылықтарға баулу

Оқушыларды қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығына баулу мәтінмен жұмыс барысында топтарға біріктірген тұста байқалады;

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы білім

8.2.1.6 -химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы































Прямая соединительная линия 6

Сабақтың ортасы




























































































































Ұйымдастыру бөлімі (1мин)

(М) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

Ширату жаттығуы (3мин) «Серпілген сауал» әдісін қолданып мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

(М) -құбыр суынан қандай иіс шығады?

(О) – хлормен тазаланғандықтан хлор иісі шығады

(М) -ағартқыш сұйықтықты қолданғанда ненің иісі шығады?

(О) – Өзіне тән иісі бар, хлордың иісі шығады

(М) -Тағамның дәмін келтіру үшін нені қолданамыз?

(О) – Ас тұзын қолданамыз

(М) – Адамның асқазанында ас қорытуға не нәрсе көмектеседі?

(О) – Тұз қышқылы

(М) - Сонымен, бүгінгі сабақ не туралы болмақ?

(О) - хлор;

Бүгінгі сабақта қол жеткізуіміз керек мақсатымыз - хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау; металдармен, сутекпен, галогенидтермен әрекеттесу реакцияларын білу, яғни, сабақтың соңына дейін осы мақсатта жұмыстанамыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін!

(С)Оқушыларды мозайка әдісі арқылы үш топқа біріктіремін. Сәйкес суретке байланысты топтар өз атауларын табады.



(Т) 1-тапсырма (10 мин) Мәтінмен танысып, 1-топ «Денотатты граф» әдісі, 2-топ «РАФТ» әдісі, 3-топ «Тергеу» әдісін қолданып постер құрастырыңыз.

1-топ. Хлордың металдармен әрекеттесуі

2-топ. Хлордың сутегімен әрекеттесуі

3-топ. Хлордың галогенидтермен әрекеттесуі

Бағалау критериі:

1. Реакция теңдеулерін жазады;

2. Реакцияның жүру жағдайларын сипаттайды;

3. Бірнеше мысал келтіреді;

4. Постерді суреттер мен схемалар көмегімен безендіреді.





(Б) Топтар тапсырмаларын қорғап болғаннан кейін бір-біріне «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс жасап, бағалайды.

(М) Оқушылардың жұмыстарын және бағалауларын ескере отырып, кері байланыс жасайды.



(Ж) 2-тапсырма (7 мин) Оқушыларға «Үзілген тізбек» әдісімен жеке тапсырма беріледі.

Тапсырма 1: Хлордың химиялық қасиеттері мен алынуына байланысты берілген реакция теңдеулерін толықтырыңыз және жүру-жүрмеу себебін түсіндіріңіз:

1DrawObject2 DrawObject1 ) NaCl (электролиз) → +

2DrawObject4 DrawObject3 ) KClO3 + → Cl2 + KCl +

3DrawObject5 ) Fe + Cl2 →

4DrawObject7 DrawObject6 ) Cl2 + KBr → +

5) Cl2 + NaF →

6) Cl2 + Н2 →

Дескриптор:

1. Бірінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;

2. Екінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;

3. Үшінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;

4. Төртінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;

5. Бесінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;

6. Алтыншы реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;

(Б) Дәптерін көршісімен ауыстырады, интерактивті тақтаға шығарылған дұрыс жауаптармен салыстырып тексереді, «Фигуралар сөйлейді» әдісі арқылы бағалайды. Дескриптордың 1-2 ғана дұрыс болса – үш бұрыш, 3-4 дұрыс болса – төрт бұрыш, 5-6 дұрыс болса жұлдызшаның суретін салып, бағалайды. Содан соң мұғалім ауызша кері байланыс береді.



(ЖЖ) 3-тапсырма (10мин) Хлордың химиялық қасиеттеріне байланысты есептерді шығарыңыз.

1-есеп. Хлордың алыну реакциясының теңдеуін «электрондық баланс» әдісімен теңестіріп, осы реакциядағы хлордың рөлін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан түсіндіріңіз:

KMnO4 + HCI = KCI + MnCI2 + CI2 + H2O

Дескриптор:

1.Реакция теңдеуін жазады;

2.Элементтердің тотығу дәрежелерін қояды;

3.Тотығу дәрежелері өзгерген элементтерді тауып жазады;

4. Қосып алған немесе беріп жіберген электрондарды жазады;

5. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтап жазады;

6. Реакция теңдеуін «электрондық баланс» әдісімен теңестіреді.



2-есеп. Баллонда 30кг сұйық хлор бар. Қалыпты жағдайда хлордың осы массасы қандай көлем алады? [9 сынып оқулығы]

Дескриптор:

1. Есептің берілгенін жазады;

2. Есеп шығаруға қажетті формуланы тауып жазады;

3. Хлордың зат мөлшерін есептейді;

4. Хлордың көлемін есептейді.

5. Есептің жауабын жазады.

(Б) Оқушылар реакция теңдеулері жазылған қағаздар арқылы жұптарға бөлінеді де, жұптағы оқушыларға екі түрлі есеп беріледі. Барлығы есептерін шығарып болған соң, интерактивті тақтада есептердің дұрыс шығарылу жолы көрсетіліп, берілген дескрипторға сай оқушылар өз-өздерін тексереді де, «Бағдаршам» әдісі арқылы өздерін бағалайды, яғни дескрипторға сай барлық бөлімдер орындалса, оқушы бағдаршам сигналының жасыл түсін, ал алғашқы үшеуін орындаса – сары түсін, ешқайсысын орындай алмаса қызыл түсін көтереді, қате болса есебін өзгертеді де, жұбына түсіндіреді.

(М) Оқушылардың көтерген сигналдық карталарына байланысты ауызша қалыптастырушы бағалау жасайды.



4-тапсырма (5мин) Пликерс парақшаларын қолданып тест тапсырмасын орындаңыз

1) Хлор молекуласындағы байланыс түрі

А) Коваленті полюссіз

В) Иондық

С) Ковалентті полюсті

Д) Металдық

2) Хлорға газына сипаттама

А) Түссіз, жағымды иісі бар, улы емес газ

В) Сары-жасыл түсті, өткір иісті, улы газ

С)Қара түсті, иіссіз, улы емес газ

Д)Түссіз, иіссіз, улы емес газ

3)Өндірісте хлорды бертолле тұзына концентрлі тұз қышқылымен әсер ету арқылы алады деген тұжырым дұрыс па?

А) дұрыс

В) дұрыс емес

4)Мына қосылыстардағы хлордың тотығу дәрежелерін анықта: Сl2, HCl, KClO3

А) 0, +1, +5

В) 0, -1, +5

С) +1, +3, +5

Д) 0, +3, +5

5) Cl- ионының сыртқы қабатында қанша элестрон бар?

А) 5

В) 7

С) 8

Д) 6

(Б) Мұғалім пликерс бағдарламасы арқылы тапсырманы сол мезетте тексереді де, жіберілген қателерді жетілдіру бағытында «мадақтау» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізеді.












Топқа бірігу





Химия оқулығы 9 сынып. Мектеп баспасы. Авторлары: М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова













Химия оқулығы 9 сынып. Мектеп баспасы. Авторлары: М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова





























Реакция теңдеулері жазылған қағз қиындылары















АКТ



Бағдаршамның жасыл, сары, қызыл түсті сигналдық карталары

















Мұғалімнің ұялы телефоны

АКТ

Пликерс парақтары



Сабақтың соңы

(4мин)


(С) Сабақ соңындағы оқушылар парталас көршілерімен «блиц кездесу» әдісі арқылы бүгінгі меңгерген оқу мақсатына, бағалау критериіне сай рефлексия жасайды, яғни 30 секунд ішінде бүгінгі сабақта нені білдім, не түсініксіз болды, нені болашақта білгім келеді деген сұрақтарды қамти отырып тоқтаусыз жауап беруі керек. Содан соң өз есімдері жазылған стикерді «Рефлеесия пирамидасы» әдісінде қолданылатын пирамида тұсына жапсыруы қажет. Мұғалім бақылап жүріп, оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтап, жалпы сабақ бойынша ауызша қалыптастырушы бағалайды, дәптерлері жиналып, жазбаша кері байланыс беріледі

Стикерлер




Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Сабақтың басында оқушылардың деңгейлерін саралай отырып, топтарға біріктіремін. Деңгейі төмен оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын;

Қарқыны жоғары оқушыларға жоғары деңгейлік тапсырмалар беру арқылы қажеттіліктерін қанағаттандырамын, ал орташа қарқынды оқушыларға тапсырманы орындауына қосымша уақыт беріп қолдау көрсетемін..

Бағалау критериіне сай тапсырмалар дайындадым, оған дескриптор құрдым. Сол тапсырманың орындалуына қарай мен оқушыларды «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Фигуралар сөйлейді», «Бағдаршам», «Мадақтау», «Рефлексия пирамидасы» әдістерінің көмегімен бағалаймын

Акт-ы 20 мин аспай колдану


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау







Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2921
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі