400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары І- бөлім. Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы, уақыт айырмасы, сағаттық белдеулерге тоқталып, көршілес жатқан мемлекеттерді тану туралы білім беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану: "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік декадасының ашылу сценарий

03.02.2020ж.

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы ізгі рухани-адамгершілік қасиеттерді "мейірімділік", "жақсылық", "махаббат", "жақсы іс", "жақсы сөз" туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -Оқушыларды мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға ретінде қалыптастыру;
- Оқушылардың кішіпейілділік , адамдарға риясыз қызмет етуді бойларына сіңіре отырып, сүйіспеншілікпен қарым–қатынас жасауды дамыту;
- Оқушыларды игілік іс, қамқорлық жасауға, ізгілікке тәрбиелеу
.

Өткізу орны: Акт залы (безендірілген) Көрнекіліктер: проектор, бейнероликтер, слайд, музыка.
Өтілу барысы: Ашылу: Қазақша би 



1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Өзін-өзі тану: "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік декадасының ашылу іс-шарасына қош келдіңіздер! 
Өзіңді тану – ғаламды тану,
Жақсы менен жаманды тану.
Өзіңді - өзің талқыға салып,
Адал менен арамды тану.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірін.
Құрметтеп сыйлау керек.









2-жүргізуші: Әрбір адам өзіне, ата-анасына,Отанға, туған елге сүйіспеншілікпен қарайды. Ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырады. Әлемдегі бар жақсылық, сүйіспеншілік, жақсы сөз, жақсы ой арқылы келеді. Олай болса жақсы тілек, құттықтау сөз кезегін берейік: 1. Мектеп директоры: Раимбердиева Алмажай Жұмағалиқызына сөз беріледі.

2. Мектептің оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Изжанова Нұржамал

1- жүзгізуші: (слайд) Бүгінгі іс-шараның бастауына ұйытқы боп отырған мейірімге толы Алтын жүректі Ана, Қазақстанның Бірінші Ханымы, "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының Президенті, өзін- өзі тану рухани-адамгершілік ғылыми жобасының авторы , панасыз, жетім балалардың қолдаушысы, қоғам қайраткері, өскелең ұрпақты рухани -адамгершілікке бағыттаушы Назарбаева Сара Алпысқызын айтпау мүмкін емес. Сара Алпысқызы Назарбаевның өмір жолы. Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын құрылыста істеп, сылақшылықпен бастаған. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист Жұбайы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті. 3қыздары бар.

2- жүзгізуші: Сара Алпысқызының ойынша, даналықтың шыңы, ол- махаббат, ол — бақыттың құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы.Осы орайда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастырып, салауаттылыққа тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше.

  1. Жүргізуші

Сонымен келесі кезекті әдеби монтажға берейік.

3 «А» сынып оқушыларынның орындауы.


Бейнетаспаны тамашалаңыздар. Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» пәнінің білім беру саласындағы ерекше орны бар туралы ойы.
2-жүргізуші: «Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген көзқарасын оятып, бір-біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды деп

6 «В» сынып оқушыларынның орындауында керемет биді тамашалайық.

1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй деп.

Ән: 5 «Б » Тұманбай Сағыныштын орындауында

Қорытынды: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар Сіздерге "Мейірімді жүрекшелер" таратылады. Сондағы жазылған «Мейірімді асыл, жақсы қасиеттерді» бойына дарытқан тұлға өз адамгершілігін жоғалтпайды. Жүрегіміз жылы, мейірімге толы, таза, ақ болсын!

Қош сау болыңыздар!

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы ізгі рухани-адамгершілік қасиеттерді "мейірімділік", "жақсылық", "махаббат", "жақсы іс", "жақсы сөз" туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. 















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
516
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі