Материалдар / Сабақ жоспары Информатика 8 сынып

Сабақ жоспары Информатика 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: CORELDRAW ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ CorelDraw графикалық редакторы – геометриялық (сызық, доға, төртбұрыш, шеңбер т.б) фигуралардан тұратын объектілермен жұмыс жасауға арналған бағдарлама.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2022
715
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: CORELDRAW ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ


CorelDraw графикалық редакторы – геометриялық (сызық, доға, төртбұрыш, шеңбер т.б) фигуралардан тұратын объектілермен жұмыс жасауға арналған бағдарлама.

Мұнда әрбір объект өзіне тән түстер мен абристерге ие. Сонымен қатар бағдарламада мәтін және растрлық бейнелермен де жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Ондай мүмкіндікті Corel PHOTO-PAINT сияқты қосымшаларында қарастырылады.

Бағдарламаны іске қосу командасы:

Пуск – Все программы – CorelDraw Suite X3 - CorelDraw X3 немесе жұмыс үстеліндегі арнайы жарлығынан қосуға да болады.

Сонымен CorelDraw бағдарламасы – негізі сызық немесе кез келген геометриялық фигура болып табылатын векторлық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.

CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты ерекшеленбейді. Бағдарламаны алғаш іске қосқанда көрінетін терезе:

Запустить программу командасын таңдағанда құжат ашуға немесе құруға, сақталып қойылған шаблондарды пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір сұқбат терезе ашылады.

Векторлық графика CorelDraw редакторының жұмыс терезесінің негізгі элементтерімен танысалық. Бағдарламаның құжат форматы автоматты түрде Рисунок1.CDR деп сақталады.

Жұмыс терезесінің құрылымы:

  1. Тақырып жолы: CorelDraw X3 – [Рисунок1] деген автоматты түрде ашылатын құжат атынан және терезе құрылымын өзгертетін жинау, үлкейту, жабу батырмалары орналасады.

  2. Мәзір қатары:

Файл-құжат ашу, сақтау, құру, импорт, экспорттау секілді әрекеттерді орындау мүмкіндігін береді.

Правка – әрекеттерді қайтару немесе кері қайту, объектіні редактрлеу жұмыстарын: көшіру, қою, көбейту, көшірмесін алу т.б орындауға болады.

Вид- Терезе қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді.

Макет- Парақ параметрлерін өзгертуге арналған.

Упорядочить-объектінің параметрлерін: орналасу ретін, топтау, біріктіру, құлыптау т.б өзгертуге болады.

Эффекты-объектіге түрлі эффектілер беру.

Растровые изображения – Растрлық бейнелермен жұмыс жасауға арналған.

Текст-мәтінмен жұмыс жасауға арналған.

Инструменты – бағдарламаны баптауға мүмкіндік береді.

Окно-қосымша терезелерді терезе аумағына шығаруға мүмкіндік береді.

Ішкі терезені басқару батырмалары – жинау, жаю, жабу.



  1. Стандарттар қатары: Құру, Ашу, Сақтау, Баспаға шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою, Кері қайту, Алға өту, Импорт, Экспорт, Бағдарламаның қосымшаларын ашу, Веб –түйін, парақ масштабы.

  2. Қасиеттер панелі: Парақ немесе белгілі бір объектіге қатысты қасиеттерін көрсетіп тұрады. Объектінің х, у осі бойынша орналасуы, объект өлшемі, объект масштабы пайызбен, айналу бұрышы, объектінің бұрыштарын өзгерту, т.б.

  3. Жұмыс аймағы: Алғаш бір парақ Страница 1 деген атпен ашылады. Парақтың санын (тышқанның оң жағын парақ атауында шертіп, Вставить страницу перед немесе после текущей) және парақтың атын (тышқанның оң жағын парақ атауының үстінде тұрып шерту, Переименовать страницу) өзгертуге болады. Жұмыс аймағының үстіңгі және сол жағында сызғыш орналасады.

  4. Анықтама: Бағдарламамен жұмыс жасауға, әрбір объектімен жұмыс жасау тәсілдері туралы кеңестер алуға болады.

  5. Түстер: Түстерді таңдау мүмкіндігін береді.

  6. Қалып күй қатары: объектінің парақтың қай жерінде орналасқаны туралы және сол объектімен қалай жұмыс жасауға болатыны және объектінің түсі мен шекара сызығы туралы анықтама көрсетіп тұрады.

Терезенің сол жағында тігінен орналасқан аспаптар панеліндегі аспаптар тізімі:


1-тапсырма: Сұрақтарға жауап жазу

1. CorelDraw бағдарламасын іске қосу командасы?

2. CorelDraw графикалық редакторының құжатының форматы?

3. Парақ саны көбейту командасы?


4. Қалып күй қатары қай жерде орналасқан және қандай қызметі бар?

5. Макет мәзірінің қызметі?

6. Упорядочить мәзірінің қызметі?

7. Окно мәзірінің қызметі?

8.Қасиеттер терезесінің қызметі?



2-тапсырма: Дұрыс немесе Бұрысын белгілеу.

Сөйлем

Дұрыс

Бұрыс

CorelDraw бағдарламасы – негізі сызық немесе кез келген геометриялық фигура болып табылатын векторлық объектілерді өңдеуге арналған бағдарлама.



CorelDraw бағдарламасының жұмыс терезесі басқа графикалық редакторлардың терезесінен қатты ерекшеленбейді.



Запустить программу командасын таңдағанда құжат ашуға немесе құруға, сақталып қойылған шаблондарды пайдалануға мүмкіндік беретін тағы бір сұқбат терезе ашылады.




  1. Жұмыс аймағы: Алғаш бір парақ Страница 1 деген атпен ашылады. Парақтың санын (тышқанның оң жағын парақ атауында шертіп, Вставить страницу перед немесе после текущей) және парақтың атын (тышқанның оң жағын парақ атауының үстінде тұрып шерту, Переименовать страницу) өзгертуге болады. Жұмыс аймағының үстіңгі және сол жағында сызғыш орналасады.




  1. CorelDraw графикалық редакторында мәтін және растрлық бейнелермен де жұмыс жасауға мүмкіндік бар






Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. Мәзір қатарын үш тілде жатқа білу.

  • ФайлThe file - Файл

  • Правка – Editing - Түзету

  • ВидLook - Түр

  • МакетThe model - Макет

  • Упорядочить- To order - Реттеу

  • Эффекты- Effects - Эфект

  • Растровые изображения – Raster images - Растрлік сурет

  • Текст- The text- Мәтін

  • Инструменты – Tools - Құрал-саймандар

  • Окно- Window - Терезе


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ