400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Сабақ жоспары "Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?" - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал информатика пәнінен 5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тақырыбы: Интернеттегі қауіпсіздік

Күні:

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы

Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?

Сабақтың тақырыбы

Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.4.2.1- біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Интернет ұғымын және біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын білу;

Көпшілігі: Интернеттен ақпарат алу, браузер түрлерін білу;

Кейбірі: Электрондық пошта қызметі мен домендік атаулармен танысу;

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану, талдау.

Бағалау критерийі

1.Оқушылар интернетпен жұмыс жасай алады және бөгде жұмыстың көшірмесін алу заңды еместігін біледі.

2.Интернеттен ақпарат алуды және браузер түрлерін ажырата алады.

3.Электрондық пошта қызметін және домендік атауларды біледі.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар үшін:

Интернетті пайдалана отырып қауіпті және қауіпсіз программаларды білу.

Пәндік лексика және терминология:

Plagiat, Internet,Yandex, Opera, Amigo, Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla, E-mail

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  1. Интернетті қолдану қызметтері?

  2. Интернет желісінен келетін қандай қауіп бар?

  3. Біреудің жұмысын көшіріп алу неге заңсыз деп ойлайсыз?

Құндылықтарға баулу

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Топтық жұмыста – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау. Бәсекеге қабілетті ету.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын, әдебиет, құқық

Алдыңғы білім


Компьютердің негізгі және қосалқы құрылғыларын ажырата алады. Бөгде заттарды рұхсатсыз алмауды біледі.


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин





4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Оқушылардың ойын бір жерге жинақтау үшін «Адасқан әріптер» әдісі бойынша берілген спрцоесор, джаы, ртітуін сөздерден араласқан әріптерді орнына қою.

«Модем» «Кабель» сөздер қиындысы арқылы сынып 2 топқа бірігеді.

Үй тапсырмасын «Домино» әдісі арқылы пысықтаймын.

«Модем» тобының тапсырмасы

Дыбыс колонкалары

Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы


Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы

Принтер



Экран бетіндегі меңзерді басқарушы тетік

Модем


Тінтуір

Интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін құрылғы




«Кабель» тобының тапсырмасы

Қатқыл дискі

Интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін құрылғы



Дерек жазуға, ақпараттарды ұзақ мерзімде сақтауға арналған құрылғы

Модем



Компьютерге ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы

Монитор


Ақпараттарды бейнелеуге арналған құрылғы

Пернетақта




Тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар








Сабақтың ортасы



3 мин

Қызығушылығын ояту

Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында ортаға сұрақ тастап сабақ тақырыбын ашамын.

  1. Интернеттен ақпараттар көшіріп алуға бола ма?

  2. Алынған ақпаратты өз еңбегің ретінде пайдалануға бола ма?




Білу ,түсіну

«Джигсо» әдісі


15 мин





Талдау

«Бірге ойлаймыз» әдісі


5 мин




















Талдау

ВЕНН диаграммасы

5 мин


«Джигсо» әдісі бойынша оқулықтағы жаңа тақырып бойынша мәтінді оқып, бір-біріне түсіндіреді

«Модем» тобының тапсырмасы

Оқулықтағы 22-24 беттер


«Кабель» тобының тапсырмасы

Оқулықтағы 25-27 беттер

Екі топ өз ойларын постерге түсіріп, қорғайды.


тапсырма (топтық жұмыс)

«Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша орындалады.

Топқа тапсырмалар беріледі, көршілері естімейтіндей талқылайды, оқушылар сандардың ретімен өздерін белгілейді. Мұғалім сандардың бірін атап сол санға сәйкес оқушы топтан шығып жауап береді.

Модем» тобының тапсырмасы

Жағдаят берілген Азамат «Атамекен» тақырыбында өлең құрастырып интернетте жариялады. Бірнеше күннен кейін Азамат жариялаған өлеңін досы Самат интернеттен алып мен шығардым деп хабарлайды. Оны Азамат көріп таң қалады. Интернеттегі бөгде жұмыстың көшірмесін алу заңсыз екендігін достарыңа қалай түсіндірер едіңіз.

«Кабель» тобының тапсырмасы

Өлең шумағының үзіндісі берілген. Плагиат осы өлең жолдарында орын алып тұр ма? Өзгенің еңбегін рұқсатсыз иемдену дұрыс па? Оны достарыңызға қалай түсіндірер едіңіз.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Бейбіт Тойбеков

Дескриптор

1 Біреудің жұмысын иемдену заңсыз екенін түсінеді

2 Көшірудің заңсыздығын анықтайды

3 Көшірудің заңсыздығына қорытынды жасайды

тапсырма (топтық жұмыс)

Электрондық поштаның кәдімгі поштамен ұқсастығы мен айырмашылығын талдаңдар

Shape2 Shape1

Ұқсастығы



Дескриптор

1. Электрондық пошта қызметін біледі.

2. Электрондық пошта мен кәдімгі поштаның айырмашылығын біледі.

Плакат. Стикер, маркер

5 сынып информатика оқулығы

«Арман ПВ» баспасы





Тапсырма жазылған кеспе қағаздар





























Кескін салынған А4парағы, маркер












Сабақтың соңы

«Сұрақ-жауап» әдісі бойынша

3 мин



Кері байланыс

«Тазалық» әдісі бойынша

2 мин

1.Интернеттің қолдану қызметтері?

2.Браузерлердің қандай түрлерін білесіздер?

3.Интернет желісінен келетін қандай қауіп бар?

4.Біреудің жұмысын көшіріп алу неге заңсыз деп ойлайсыз?

Shape4




«Чемодан» Білімді өзіммен бірге әкетіп барамын

«Еттартқыш» Мен бүгінгі тақырыпты толық түсінбедім, әлі де толықтыруды қажет етеді

«Себет» Мен бүгін ештеңе түсінбедім

Оқушылар қолдарындарындағы стикерлерге жұмыстарға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жазып жапсырады.



















Стикер

Үйге тапсырма

«Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?» тақырыбын оқып келу.




Сабақ бойынша рефлекция















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі