Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары: "Исламда өсім үкімі " тақырыбында
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ жоспары№7
Оқытушы: Жунусова Айгүл
Пән: Фиқһ мәтіні
Мамандық топ: 0112000 - «Исламтану» 2-курс 23-11-71
Сабақтың тақырыбы: Исламда өсім үкімі
Күні:
Сабақтың мақсаты: Студенттерге исламнан бұрынғы надандық кезеңінде өмір сүрген яһудилер, арабтар және оларға көршілес халықтар арасында өсімқорлық өте кең етек алған үрдіс болағандығын, ислам діні қоғам мен қоғам мүшелеріне зияны көп өсімқорлықтың алдын алғандығын үйрету
Күтілетін нәтиже:
1.Өсімқорлықтың үкімін біледі және Құраннан дәлел келтіре алады
2.Өсімқорлықтың хикметтерін үйреніп,өсімқорлыққа бой алдырмайды
Сабақтың түрі: Практикалық
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру,талдау,баяндау,топтық жұмыс
Сабақтың көрнектілігі: Құран Кәрім аяттары,хадистер жиынтығы,бейне баян
Пәнаралық байланыс: Ақида, хадис, Құран,тәпсір,
Әдебиет:
Негізгі: Мухтасар ал-Уиқоя, Убайдулла ибн Масьуд , Бейрут 2013 .
Қосымша: Ат-тасһил ад-дарури, Мухаммад Ғашиқ Иләһа әл-Барнә, Қарачи, 2013.
Ислам ғылымхалы, М.Исаұлы, Қ.Жолдыбайұлы, Алматы, 2011.
№ |
Сабақ кезеңдері |
Кезең мазмұны |
Уақыты |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
Сәлемдесу,студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру шеңбер құрып, бір-біріне жақсы тілек айту |
5 минут |
22 2 |
Білімдерін тексеру Білім бағалау өлшемі |
Жалпы сұрау: Судада мұсылмандардың мән беретін төрт нәрсесін атаңыз?Дін ғұламалары қалай сауда жасайтын?Қандай жағдайда сауда-саттық сахих болмайды?Сауда саттық жайында Пайғамбарымыз с.а.с ның хадистерін келтір. |
25 минут |
3 |
Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі |
Ауызша баяндама арқылы: Өсімқорлықты араб тілінде «риба» дейді. Тілдік мағынасы арту, көбею деген ұғымды береді. Арабтар қандайда бір нәрсенің артуын раба деген. Құранда бұл термин тілдік мағынасында былайша қолданылған: «فَإِذَا أَنزَلْنَا عَلَيْهَا الْمَاء اهْتَزَّتْ وَرَبَتْ» «Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде құлпырып өседі». («Фуссилат» сүресі, 39-аят). Бұл сөздің шариғаттағы терминдік мағынасы (Ханафи мәзһабы бойынша): Өсім дегеніміз екі тарап бір затты екінші бір затпен айырбастарда, бірін екіншісінен ешбір қайтарымсыз артық мөлшерде алуы. |
25 минут |
4 |
Оқушылардың өздік жұмысы |
Өсімқорлық жайында Құранда келтірілген аяттарды жазып талдау |
10 минут |
5 |
Тақырыпты бекіту |
Жалпы сұрау; Өсімқорлық жайында Құраннан келтірілген дәлелдерді атап айт.Пайғамбарымыз с.а.с ның өсімхорлық жайлы келтірген хадистерін келтір. |
20 минут |
6 |
Сабақ қорытындысы |
Сандық жүйе арқылы баяндау |
3 минут |
7 |
Үй тапсырмасы |
Өтілген сабақты оқып келу , негізгі кітап бойынша: Мухтасар ал-Уиқоя, Убайдулла ибн Масьуд , Бейрут 2013 . |
2 минут |
Оқытушының қолы:_______________
Исламдағы өсімнің үкімі.
Исламнан бұрынғы надандық кезеңінде өмір сүрген яһудилер, арабтар және оларға көршілес халықтар арасында өсімқорлық өте кең етек алған үрдіс болатын. Ислам діні қоғам мен қоғам мүшелеріне зияны көп өсімқорлықтың алдын алды.
Өсімқорлықты араб тілінде «риба» дейді. Тілдік мағынасы арту, көбею деген ұғымды береді. Арабтар қандайда бір нәрсенің артуын раба деген. Құранда бұл термин тілдік мағынасында былайша қолданылған: «فَإِذَا أَنزَلْنَا عَلَيْهَا الْمَاء اهْتَزَّتْ وَرَبَتْ» «Сонда Біз оған жаңбыр жаудырған мезгілде құлпырып өседі». («Фуссилат» сүресі, 39-аят). Бұл сөздің шариғаттағы терминдік мағынасы (Ханафи мәзһабы бойынша): Өсім дегеніміз екі тарап бір затты екінші бір затпен айырбастарда, бірін екіншісінен ешбір қайтарымсыз артық мөлшерде алуы. Қарызға берілген ақшаны уақыты келгенде артығымен алу немесе әлдебір заты қарызға беріп, қарызданушы құнын уақытында өтей алмаған жағдайда, оған қасымша уақыт беріп, сол уақыт келгенде құнын артығымен алу.
Үкімі. Ислам діні өсімқорлықты үлкен күнәлардың қатарына жатқызып, онымен шұғылдануға қатаң түрде тыйым салды. Өсімнің харамдығы Құран, сүннет және ижмамен бекітілген.
Құрандағы дәләлдері:
Ғұламалар өсімқорлыққа бірден емес, бірте-бірте сатылап тыйым салынғанын айтады.
1 - وَمَا آتَيْتُم مِّن رِّباً لِّيَرْبُوَ فِي أَمْوَالِ النَّاسِ فَلَا يَرْبُو عِندَ اللَّهِ وَمَا آتَيْتُم مِّن زَكَاةٍ تُرِيدُونَ وَجْهَ اللَّهِ فَأُوْلَئِكَ هُمُ» الْمُضْعِفُونَ» «Сендердің адамдардың малына берген өсімдердің Алланың қасында өспейді. Алланың ризалығын тілеп берген зекеттерің өседі. Ал сонда, міне солар артықша сауапқа бөленушілер» делінген. («Рум» сүресі, 39-аят).
Өсімқорлықтан тыйған осы аят Меккеде иман мен тәрбиенің іргетасы қаланып жатқан кезеңде түсті. Аят өсімді тікелей харам етпей, өсімқорлықтың жағымсыз жақтарын сөз етіп, оның берекетсіз іс екендігін ескертумен шектеліп, жанама түрде оны даттаған.
2 - .فَبِظُلْمٍ مِّنَ الَّذِينَ هَادُواْ حَرَّمْنَا عَلَيْهِمْ طَيِّبَاتٍ أُحِلَّتْ لَهُمْ وَبِصَدِّهِمْ عَن سَبِيلِ اللّهِ كَثِيراً»
وَأَخْذِهِمُ الرِّبَا وَقَدْ نُهُواْ عَنْهُ وَأَكْلِهِمْ أَمْوَالَ النَّاسِ بِالْبَاطِلِ وَأَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ مِنْهُمْ عَذَاباً أَلِيماً» «Сонда яһудилердің зұлымдықтарының және көптеген адамдарды Алланың жолынан тосулары салдарынан оларға халал етілген көптеген жақсы нәрселерді оларға арам қылдық және де оларға тыйым салынған бола тұра өсім алулары және адамдардың малдарын орынсыз жеулері» деп айтылған. («Ниса» сүресі, 160-161-яттар)
Яһуди дініндегілерге бұрын өсім харам етілгенімен, олар өсімді халал деп, өсімқорлықтан тыйылмаған болатын. Мәдинада түскен бұл аят олардың осы себепті көптеген келеңсіздікке душар болғандықтарын айта отырып, өсімнің харам екендігіне назар аудартқан.
3 – «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تَأْكُلُواْ الرِّبَا أَضْعَافاً مُّضَاعَفَةً وَاتَّقُواْ اللّهَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ» «Әй, мүминдер! Үсті-үстіне өсім жемеңдер, Алладан қорқыңдар.Әрине құтыласыңдар» – деп айтылған. («Әли Имран» сүресі, 130-аят.) Бұл өсімқорлықтан қайтарған үшінші аят.
4 – «الَّذِينَ يَأْكُلُونَ الرِّبَا لاَ يَقُومُونَ إِلاَّ كَمَا يَقُومُ الَّذِي يَتَخَبَّطُهُ الشَّيْطَانُ مِنَ الْمَسِّ ذَلِكَ بِأَنَّهُمْ قَالُواْ إِنَّمَا الْبَيْعُ مِثْلُ الرِّبَا وَأَحَلَّ اللّهُ الْبَيْعَ وَحَرَّمَ الرِّبَا فَمَن جَاءهُ مَوْعِظَةٌ مِّن رَّبِّهِ فَانتَهَىَ فَلَهُ مَا سَلَفَ وَأَمْرُهُ إِلَى اللّهِ وَمَنْ عَادَ فَأُوْلَـئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ يَمْحَقُ اللّهُ الْرِّبَا وَيُرْبِي الصَّدَقَاتِ وَاللّهُ لاَ يُحِبُّ كُلَّ كَفَّارٍ أَثِيمٍ».
«Сондай өсім жегендер (қабірлерінен) жын соғып тұрғандай есенгіреп тұрады. Бұл олардың: «Сауда да тура өсім сияқты» деп айтқандығынан. Ал негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббысынан насихат келгенде тыйылса, бұрынырақта өсімнен тапқан табысы өзіне тиесілі болып қалады. Оның ісі Аллаға тапсырылады. Ал кім өсімді адал санап, қайтадан өсімқорлыққа салынса, міне солар тозақтықтар. Олар онда мәңгі қалады. Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әрі Алла барлық қарсы келуші күнәларды жақсы көрмейді» - деп Алла тағала өсімқорлықты нақты түрде харам етеді, бұл тәсіл харамдықты баяндауда ең ауыр тәсіл. («Бақара» сүресі, 275-276-аяттар.) Бұл аят арқылы Алла құлдарын одан тек қайтарып қоймай, өсімқорларды ауыр жаза күтіп тұрғанын ескертуде.
Сүннеттегі дәлелдері:
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің бір хадисінде: «Алла Тағала өсімқорларды, өсімге зат алушыларды және оның куәгерлері мен қағаз бетіне түсірушілерді лағынеттейді» - деген. (Ибн Масғудтан Әбу Дәуіт риуаят еткен). Тағы бір хадисте: «...оның ең жеңіл дегені (яғни, күнә тұрғысынан ауырлығы) еркектің өз анасымен үйленуі іспетті..» деп, өсімнің ең жеңілінің өзі де, өз анасымен үйленгеніннің күнәсімен тең екендігін ескерткен. (Ибн Мажа, «Сунан», Ибн Масғудтан риуаят етілген хадис).
Ижма дәлелі
Алғашқы және кейінгі ғалымдар өсімнің барлық түрін, оның азының да, көбінің де харам екенін бір ауыздан құптаған. Имам Науауи өсімнің үлкен күнә екендігін және ол барлық шариғаттарда харам етілгенін айтады.
Өсімқорлықтың харам болуының хикметтері
Жалпы Алла Тағаланың әрбір бұйрығы мен тыйымдары хикметке толы. Оның кейбірі ашық көзге ұрып тұрады. Ал кейбіріне ойлану арқылы сырына қанығуға болады. Өсімнің харам етілуін имам әр-Рази төрт себепке негіздейді:
1. Өсім – ол адамның мүлкін еш қайтарымсыз (эквивалентсіз) алу. Мысалы, біреу бір дирһамды екі дирһамға сатса, сатып алушы жайдан жай бір артық дирһамға ие болады және оны қайтармайды. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде «حُرْمَةُ مَالِ الاِنْسَانِ كَحُرْمَةِ دَمِّهِ» «Адам баласының өмірі қандай құнды болса, оның дүние-мүлкі де сондай құнды» деп адал ақшаның қаншалықты қадірлі екенін баян етті.
2. Өсім – адамның адал ризық тұтынуына кедергі болады. Егер адам баласы өсім арқылы дүние таба бастаса, оңай жолмен келетін ақшаға үйреніп қалады. Бұл өз кезегінде бұл дүниедегі өмір сүру заңдылығына қайшы. Себебі, өмірдің жүйесі сауда-саттық, қолөнер, өндіріс және т.б. адал еңбекке негізделген.
3. Өсім – кісіге қарыз беру, қарыз алу секілді адамдарға пайдалы әрі рұқсат етілген қарым-қатынастың үзілуіне алып келеді. Қарыздануға мұқтаж күйге түскен адам әдетте сол сомманың өзін қайтаруға қиналады. Ал егер оны еселеп артық мөлшерде қайтару қажет болса, тіпті тығырыққа тіреледі. Нәтижеде адамдар арасындағы тепе-теңдік, құрмет, мейірімділік деген өлшемдер әлсірейді, тіпті жойыла бастайды.
4. Өсім – бай мен кедейдің арасын алыстатып, олардың қарым-қатынасын суытады. Себебі, кедейге өсім арқылы қарыз берген байдың әрекетінде қанаушылық сипат басым болады. Бұл Құдай сүйетін іс емес.