400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары IT Startup

Материал туралы қысқаша түсінік
IT Startup
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары №19


Сабақ тақырыбы

6.3.1. IT Startup

Модуль /пән атауы

Информатика

Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы

Күні


Курс, топ

1 курс

Сабақтың түрі

аралас

Міндеттер

1) Startup тұжырымдамасын және краудфандинг платформасының қалай жұмыс істейтінін сипаттау.

Мақсаты

  1. Startup тұжырымдамасын сипаттайды;

  2. Краудфандинг алаңдарының жұмыс істеу принциптерін түсіндіреді;


Күтілетін нәтижелер

Startup тұжырымдамасын және краудфандинг алаңдарының жұмыс істеу принциптерін айқындайды.

Қажетті ресурстар және АКТ

Дербес компьютер, интерактивті тақта, интернет ресурстары, Оқулық 11 сынып «Алматыкітап» баспасы.

Сабақтың барысы


Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы


  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік



Ұйымдастыру кезеңі

1. Студенттермен сәлемдесу;

2. Сабаққа қатысуын тексеру;

3. Сабақтың тақырыбын хабарлау, оқу нәтижесі және бағалау критерийлерімен таныстыру


Психологиялық ахуал

(7 минут)

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Белсенді» әдісі

Сабақ барысында оқытушы мен студенттің белсенді өзара әрекет формасы негізінде анықталып, студент тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне еніп, оқытушымен бірдей деңгейде сабаққа атсалысады.

Лекция сұрақтары

1. Стартап деген не және стартап терминін кім және қай жылы қолданысқа енгізді?

2. Стартап жасау неше қадамнан тұрады?

3. Стартап неше кезеңнен тұрады?

4. «Краудфандинг платформасы» дегеніміз не?

5. Краудфандингтің жұмыс-істеу қағидалары қандай?




Мақсаты мен міндетін хабарлау

Жұптық жұмыс.

1-тапсырма:

«Реттілікпен орналастыр» әдісі

Стартап жасау қадамдарына талдау жасайды және learning apps қосымшасында рет-ретімен орналастырады

Өзін-өзі бағалау


Тапсырманың қадамдары:

● Стартап қадамдарын ретімен орналастырады;

● Әр қадамды түсіндіре алады.


Әр толық орындалған қадамға 5 балл. Барлығы 10 балл.



  1. Теориялық және практикалық


2.1. Алдын ала білім

Жалпы қайталау

(13 минут)

Топқа біріктіру.

«Рандом» әдісі арқылы топты

3 шағын топқа біріктіру


2.2. Жаңа материалды зерттеу


2.3. Жаңа білімді практикада қолдану


Бекіту.

Бақылау жұмысы


(60 минут)

Топтық жұмыс.

2-тапсырма:

«Сәйкестендіру» әдісі

Стартап жасау кезеңдері және анықтамалары берілген, әр кезеңге талдау жасайды және learning apps қосымшасында сәйкес анықтамамен біріктіріп, түсіндіреді.

Бірін-бірі бағалау


Тапсырманың қадамдары:

● Стартап кезеңдерін ретімен атап бере алады;

● Стартап кезеңдерін түсініп сәйкес анықтаманы қатесіз біріктіреді;

● Әр кезеңнің ерекшелігін айқындайды.


Әр толық орындалған қадамға 5 балл. Барлығы 15 балл.





https://learningapps.org/display?v=p3ng4sqoc23




Топтық жұмыс

3-тапсырма:

«Жоба» әдісі

Startup жоба жасау

Әр топ Қазақстан аумағында сұранысқа ие болатын IT-саласында жаңа идея тауып, соған сәйкес Startup жоба жасауы керек. Кейін жобаны презентация жасап таныстыра білуі керек.

Жобаны таныстыру презентациясына қойылатын талаптар

  • Жобаның аты және қатысушы топтың аты

  • Жобаның маңыздылығы (өнім, механизм) – жобаны қолға алу идеясының тууына себеп болған проблеманы көрсетіп, тауар не үшін қажет екендігін көрсету

  • Проблеманы сіздің жобаңыздың көмегімен шешу жолдары

  • Нарықты зерттеу – болжам, өнімге немесе жобаға сұраныс, өзге елдердегі аналогтар, бәсекелестік ортаны көрсету

  • Жобаның артықшылығы мен кемшілігін көрсету

  • Жоба/өнімді дамыту стратегиясы- мақсатты аудитория, жобаның алдағы ай/жылда дамуы, оған қатысты сіздің мақсатыңыз бен жоспарыңыз, негізгі қаржылық көрсеткіштерді көрсетуге болады. Мәселен, шығын мен пайда

  • Командалық жұмысты көрсетіңіз: тобыңыздағы жұмыс қалай бөлінді, негізгі компетенциялар

Сізбен қалай байланысамыз



Дербес компьютер, интернет ресурстар, интерактивті тақта


Жұптық жұмыс (Оқу сауаттылығы)

4-тапсырма:

«Көршіңмен талқыла!» әдісі

Берілген сілтемемен өтіп мәтінді оқу.

Төменде берілген сұрақтарға жауап беру.

1) Мадина отбасымен бірге Алматы қаласының іргесіндегі ауылда тұрады. Жасы 35 те, екі баласы бар. Үлкені 5 жаста, кішісі 6 айлық. Баласы кішкентай болғаны себепті қалаға барып оқуға жағдайы жоқ. Мадина IT-Aiel бағдарламасына қатыса алама?

2) Айдана 9 сынып оқушысы, сынып үздігі. Болашақта IT маманы болуды армандайды. IT-Aiel бағдарламасына қатысуға өтініш берді. Бірақ өтініші қабылданбады, не себеп?

3) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша елімізде 967 мың жұмысқа қабілетті әйелдер бар. Соының қаншасы жұмыс істемейді?


Өзін-өзі бағалау


● Мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап жазады.

● Оқытушының ұсынған нақты жауаптары негізінде өзін-өзі бағалайды.


Әр дұрыс жауапқа 5 балл. Барлығы 15 балл.



https://astanahub.com/kk/article/kazakhstanskie-zhenshchiny-besplatno-obuchatsia-it-professiiam-v-ramkakh-programmy-it-aiel



  1. Қорытынды


Үй тапсырмасы

(4 минут)


Өткен тақырыптарды қайталау.


https://www.mentimeter.com/app/home


Бағалау

(3 минут)

«Сөздер бұлты» әдісі

Интерактивті тақтадағы QR сілтеме бойынша өтеді, бүгінгі сабақ қаншалықты ұнағанын, немесе ұнамағанын жазады.

  1. Сабақ бойынша рефлексия


(3 минут)

Ауызша бағалау.

Бүгінгі сабаққа қалай қатысқандарын,не түсініксіз болғанын, әр білімалушы өз ойларын айтады.



Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


  • Startup тұжырымдамасын және краудфандинг платформасының қалай жұмыс істейтінін сипаттай алады.

  • Startup тұжырымдамасымен жұмыс істей алады

  • Краудфандинг алаңдарының жұмыс істеу принциптерін біледі


Баға

«Жақсы»

70-89


  • Startup тұжырымдамасын және краудфандинг платформасының қалай жұмыс істейтінін сипаттай алады.

  • Startup тұжырымдамасымен жұмыс істей алады

Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


  • Startup тұжырымдамасын және краудфандинг платформасының қалай жұмыс істейтінін сипаттай алады.



Оқытушы___________________А. Шыңғысова

Н.06.2-14 Басылым 3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25 сәуір
292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі