400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Іздегенде табылатын қасыңнан" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары "Іздегенде табылатын қасыңнан" 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары



Мектеп: № Мерзiм: Сабақ:№12

Тақырып: Іздегенде табылатын қасыңнан

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік, адалдық,сыйластық,әділдік

Мұғалiм:

Сынып: 8

Мақсаты: «Дос», «Достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;

  • Өзара сыйластықпен қарым-қатынас жасауға баулу арқылы түсіністік қасиеттерін дамыту;

  • Жауапкершілікке, адалдыққа,сыйластыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.



2.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Екі дос» әңгімесі бойынша сұрақ қою

Сұрақтар:

Аңыз әңгіменің идеасы неде?

Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?

Өз достарыңа көмек көрсетіп жүрсіңдер ме?

Сабақ барысын талқылау:

3.Әңгімелесу. Мұғалімнің сыйы.

А)Сұрақтар:Достық деген не? Она қалай түсінесіңдер?

Дос сөзінің мағынасына үңіліп көрдіңдер ме?

Достың көп болуы мүмкін бе?

Өз достарың жайлы не айтасыңдар?

Б) «Екі дос» әңгімесін айтып беру.



4.Дәйексөз

1.«Достық негізі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады»

Дәйексөзді көзқарас,себеп,мысал,қорытындылау арқылы талдау.

2.Дос туралы нақыл сөздер (бейнеролик)


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1.Адамгершілік тобы:а)Оқулықта «Жағдаяттарды талдау» айдарында төмендегідей тапсырма берілген.

Жағдаятты оқыңдар. Төмендегі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіңдер.

б)Дос туралы мақал айту.

2.Мейірімділік тобы:а)Оқулықта берілген үзіндіні оқыңдар.Ондағы ұқсас айтылған ойды тауып, баяндап беріңдер.

б) Достың бойында қандай қасиеттер болуы керек.

3.Адалдық тобы:а)Төменде берілген үзіндіні оқыңдар. Ондағы түйінді ойды тауып, себебін түсіндіріп беріңдер.


Әбунасыр әл-Фараби

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл ағзырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

б) «Дос» туралы өлең оқу.

Дәпермен жұмыс 2-тапсырма. Айтылған түйінді ойға өз ойыңды қосып жазу.



6.Топпен ән айту. 3 мин. «Жан досым»


7.Үй тапсырмасы. ««Дос жүрегі-шарайна»тақырыбына эссе жазу.


8.Қорытындылау. Адамдардың бір-біріне деген адал сенімі, өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы, рухани жақындықтары. Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сенім жүктейді. Достар бір-біріне қуанышта да, қиыншылықта да ниеттес, қамқор болады. Достық – сыйластықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындық та үзе алмайды.

Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Бүгінгі сабағымды жақсы тілектермен аяқтағым келеді.(бейне- ролик)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі