Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ жоспары Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні:

Тәрбиеші:

Топ: «Балауса» ортаңғы «А»

Білім беру саласы: Таным

ҰОҚ: Жаратылыстану

Бөлімі:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы : «Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Жабайы жануарлардың сыртқы түрі мен тіршілік қалпы туралы түсініктерін кеңейту.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:

Білімділігі:Жанды табиғатқа қызығушылықтарын, бастамаларын, жауапкершіліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Көзбен қабылдау, фонематикалық есту қабілетін, есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.

Тәрбиелік: Құрдастарының жауаптарын тыңдай білуге жəне жануарларға қамқорлық көрсете білуге тəрбиелеу.

дайындық жұмыстары: əңгіме жүргізу; суреттер мен фотосуреттерді қарау; үнтаспа тыңдау; жұмбақтар шешу, қарапайым тəжірибе жəне зерттеу жұмыстары, зерттеу мақсатындағы серуендерге шығу, тақпақтар жаттау.

Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, кусочки меха, интерактивті құрал.

Сөздік жұмыс: ін, апан, тон, жыртқыштар, өмір салты.

Билингвалды компонент: тиін – белка

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп +

Есеп -

Ой қозғайтың себептер

Педагог балалардың жұмыс істеуіне эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады.












Білімдерін белсендіру.

Қазір қай жыл мезгілі?

Жабайы жануарлар қыста қалай тіршілік етеді? Білесіңдер ме?

Сұрақтарға жауап алу арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын жəне мақсатын болжамдап тапқызады.

Шыңнан сырғып түсті де,

Келді етекке қыс, міне.

Ақ қарлар ақ көбелек,

Қонды үйлердің үстіне.

Боран соғып бірде өкпек,

Үйге айдады «кір», – деп тек.

Мұз көрпеге оранды,

Сулар тоңып дірдектеп.

Аулаға қар үйгізді,

Бетті аязға сүйгізді.

Тоңбасын деп теректер,

Қырау ішік кигізді.

Р. Тышқанбаев

Балалар қыстың белгілерін атайды: Күн шығып тұрғанымен, қыздырмайды. Қар жауады. Ағаштардың жапырақтары жоқ. Адамдар жылы киінеді...

Егер терезе қырау болса, соны көреді.



Ізденіс – ұжымдық-негізі бөлім

Жағдаят шешу:

Қыс түсті. Бұл жақсы ма əлде жаман ба?

«Қыс жақсы ма əлде жаман ба?» дидактикалық ойыны

Педагог тақтаға қыс мезгілін білдіретін жəне əртүрлі жағдайлар бейнеленген суреттерді іледі.












Суретке назарларын аударады: Суреттер бойынша сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын тыңдайды, толықтырады.


Олардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?


Өзекті сұрақ: Қоян неліктен сұр тонын ақ тонға, ал тиін қызғылт тонын сұр тонға ауыстырады?



Тиін қысқа қалай дайындалады?

Тиіннің іні қай жерде?


Педагог балаларды күлдіреді: Аю ағаш қуысында ұйықтай ма? (Балалар күліп, жауап береді).



Қоян орамжапырақты қайдан алады?








Сергіту сəті. Жануарлардың балаларын атайды.






































Магнит тақтаға аңдарды ретімен қоюға тапсырма береді.


Балабақшаға келе жатып қатты тоңдыңдар ма?

Өзекті сұрақ: Жануарлар өздеріне жылы киім сатып ала ала ма?

Олар қалай қыстап шығады?

Қыста тоңбай ма?

Сұраққа болжамдап жауап береді.




Суреттерге қарап, жауап береді. Қиналған сəттерінде педагог жауаптарын толықтырып отырады.

Қыс жақсы. Қармен ойнауға болады, аққала жасаймыз.

Қыс жаман. Дала өте суық. Серуенге шыға алмайсың.

Қыс жақсы. Қоян сұр тонын ақ тонға ауыстырады.

Оны қасқыр байқамай қалады.

Қыс жаман. Қоянның жейтін қорегі жоқ. Оның қарны аш. Бұта түбінде суықтан тоңып отыр.

Қыс жақсы. Орман іші аппақ жəне тып-тыныш.

Қыс жаман. Орман іші көңілсіз. Жапырақтар жоқ, құстардың дауыстары естілмейді.


Балалардың жауаптары:

1) Мынау дала. Шөптер мен бұталар ғана өседі. Далада тіршілік ететін суыр мен атжалман қысқы ұйқыға кетеді.

2) Ал мынау орман. Орманда ағаш көп. Аю апанында қысқы ұйқыға жатады. Кірпі інінде ұйықтайды. Қоян сұр тонын ақ тонға ауыстырады. Оны жаулары ақ қардан байқай бермейді. Түлкінің жүні қалың болып өседі. Тиіннің қызғылт тоны сұр тонға ауысады. Олардың жүндері қалың жəне үлпілдек болады. Жабайы жануарлар қоректерін өздері тауып жейді.

3) Қоян ақ құр үстінде жүгіріп жүреді. Тиін бұтақтан-бұтаққа секіріп жүреді. Тиін ағаш қуысында тұрады. Ол жаңғақ, бүр, кепкен саңырауқұлақтарды ағаш қуысына тығып қояды. Қыс бойы осы азықтарды жейді.

4) Қоян күндіз бұта түбінде немесе шұңқырларда тырады. Ал түнде қоректенуге шығады. Ағаштың қабығын жейді.

Бірде аңадар суатқа су ішуге келе жатты: (балалар шеңбер бойымен бір-бірінің артынан жүреді), Бұғының артынан бұғышақ (аяқтарын топылдатып жүреді),

Түлкінің артынан мыршай (аяқтарының ұшымен бұқпантайлап жүреді),

Кірпінің артынан кірпінің баласы (отырып, баяу жүреді), Аюдың артынан қонжық (маймаңдап жүреді),

Тиіннің артынан тиіннің баласы (секіріп жүреді)

Қоянның артынан көжек (көжектер сияқты секіреді),

Қасқырдың артынан бөлтірік (еңбектеп жүреді) келеді, Бəрі суаттан су ішті, тойды (шеңбер бойында тұрып, тілдерін шығарып, тамсанады).


Ең үлкен аңдардан бастап ретімен қойып шығады: аю, қасқыр, түлкі, қоян, тиін.


Балалар жауап береді: Жануарлар киімді сатып алмайды. Олардың тондары бар. Қыста ол қалың болып өседі.


Жүнді ұстайды, сипайды, өз олжамдарын айтады.



Рефлексиялық түзету

Педагог қорытынды жасайды. Рефлексия: рефлексияның бір түрін қолданады: дене күші (үлгердім үлгермедім); сенсорлы (көңіл күйі: қолайлы, қолайлы сезінбедім);

интелектілі ені түсіндім? Нені түсінбедім?

Қандай қиындықтар болды?).

ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады. Көтеріңкі көңіл күймен ҰОҚ-да алған əсерлерімен бөліседі.



Күтілетін нəтиже:

Қайталай алады : жабайы жануарлардың қыс кезіндегі сырт келбеттерінің қандай болатынын, олардың тіршілігі туралы;

Түсінеді : жабайы жануарлардың ауа райының өзгерістерінің қалай бейімделетінін;

Қолданады : жануарлардың қыс кезіндегі ерекше мінез-құлықтарын біледі, осы білімдерін өмірлік тəжірибеде.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2019
756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12