400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Сабақ жоспары Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Жануарлар және тіршілік 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтайды; Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚМЖ

Сабақ:қазақ тілі

Мектеп: «Қосағаш» жалпы орта мектебі


Тексерілді: С. Сайлауов.

Сынып: 5 а,ә

Мұғалімнің аты жөні: Турдалиева Айжан

Күні: 8. 11. 2018 ж

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім / тақырып

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Жануарлар және тіршілік

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;

5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады

Тақырыптағы негізгі және қосымша ақпараттарды өмірмен байланыстырып , омоним ,антоним , синоним сөздерді қолданып ой қорытады.

Бағалау критерийі

мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтайды;

Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, айтылған мәселені талдап ,тапсырмаларды шарты бойынша орындап, талдап түсіндіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Антоним ,синоним , омоним сөздер, бүркіт

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жануарлардың мінез құлықтары туралы білесің бе?

«Жануарлар тіршілігі» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?


Құндылықтарға баулу

Достық, ынтымақтастыққа баулу;

Өзіне және қоршаған ортаға деген құрмет көрсетуге үйтету;

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, әдебиет

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Жануарлардың түрлері, жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүру ортасы туралы біледі. Омоним,синоним, антоним сөздердің мағыналары жайлы түсінік қалыптасқан.

Жоспар


Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


5 мин


Оқушылармен амандасу, ынтымақтастық орнату.

Шаттық шеңберін құрып, ынтымақтастық атмосфера орнату. «Малекула – атом» әдісі арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

Сабақтың мақсаттары және бағалау критетийлерімен таныстыру





Сабақтың ортасы

11 мин






14 мин



5 мин

Тыңдалым.1-тапсырма. Мәтінді үнтаспадан тыңдап,тақырыбын қойып,мәтіннің қандай стильде баяндалғанын анықтаңдар. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңдар.

Бүркіт

Қазақ халқының ежелден қас­тер­леп киелі деп санаған құсының бірегейі – бүркіт. Халқымыздың өткен тарихы мен күнделікті тұрмыс тіршілігі тікелей бүркіт құсымен тығыз байланысты. Көрнекті ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның деректері бойынша ана тілімізде бүркітке қатысты 1,5 мыңға жуық жеке атау сөздер, сөз тіркестері, теңеу сөздер, мақал-мәтел­дер, халықтық даналық нақылдар бар.

Халқымыз бүркітті ерекше дәріптеп, «Құс патшасы – бүркіт, аң патшасы – арыс­тан», «Көк аспанның әміршісі», «Құс төресі бүркіт», «Аспан перісі», «Қанаттылар тәңірі», «Дала сермендесі», «Қандыкөз», «Болат тұмсық» және т.б. деп өте жоғары бағалап оған үнемі құрметпен қараған. Бүркіт халқымыздың ұғымында батыл­дық пен батырлықты, азаттық пен айбын­дылықты, еркіндік пен бостан­дықты, өрлік пен ерлікті, қайсарлық пен қайраттылықты сүйетін құс ретінде сипатталады. Соған байланысты «Бүркіт жеті қазынаның бірі» немесе «Ер жігіттің жеті асылының бірі» деген ұлттық ұғымдар қалыптасқан. Қазіргі тәуелсіз еліміздің көк туында да қыран бүркіт бейнеленген.


«Бүркіт» тақырыбына видео көрсету.


Айтылым. 2-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.

  1. Қазақ халқы бүркітті қалай қастерлеген?

  2. Қазақ тілінде бүркітке қатысты қанша сөз бар?

  3. Қыран бүркіт бейнеленген қандай затты білесіңдер?

  4. Бүркітке қатысты есімдерді атай аласыңдар ма?Жауаптарың қандай стильде баяндалған?Дәлелдеңдер.

Айтылым. 3-тапсырма. Топтық жұмыс. Төмендегі сөздердің синонимін және антонимін тауып, қолданыстағы мағынасын сөйлеу жағдайына қарай түсіндіріңдер.

Алыс, шалғай. Алыс-жақын.

Бүгін, қазір. Бүгін-ертең

Амандасу, сәлемдесу. Амандасу-қоштасу.

Тіл қату, сөйлеу. Тіл қату-үндемеу.

Қуану, шаттану. Қуану-ренжу.

Көп,мол. Көп-аз

оқулық


















Проектор

ноутбук
















Сабақтың соңы

5 мин

ҚБ.

Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап алыңыз.

Жануарлар мен өсімдіктер

Жануарлар дүниесі алуан болып келеді. Бізге белгілі жануарлардың түрлері жылдан жылға көбеюде. Жәндіктердің қазір 1,5 млн түрі анықталып зерттелінді, бірақ жыл сайын 2 мыңға жуық жаңа түрлері қосылуда. Жалпы жануарлардың 2 млн түрі зерттелінді. Жануарлар суда, құрлықта, топырақта, ауада және өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың денесінде тіршілік етеді. Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор. Олардан әртүрлі тамақ өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа, уылдырық, бал) және өнеркәсіп шикізаттарын (жүн, тері, құстың жүні, былғары, талшық) алады. Құстар өсімдіктердің тұқымдарын, саңырауқұлақтардың тұқымдарын жан-жаққа тасымалдаушы. Ал бал арасы гүлдерді тозаңданырады. Бүркіт пен үкі сияқты жыртқыш құстар, жыландар егіншілік алқабының зиянкесі тышқан тұқымдас кемірушілермен қоректенеді.

Өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды. Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі - барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы. Өсімдіктер ауаны әр түрлі шаң-тозаңдардан тазалайды. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды.

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де қорғауды қажет етеді.

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі 3 нақты ақпараттарды анықтайды;

анықталған ақпараттарға қатысты 3 қосымша ақпараттарды анықтайды








Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алады.

«Конверттегі сұрақ»

Сабақ ұнады ма?

Бүгін не үйрендің?

Қай тапсырманы орындау қиын болды немесе орындай алмадың? Неге?





Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды..






Омоним, антоним, синонимдерді қолдана алады.

Үйге тапсырма:

«Жануарлар және тіршілік» тақырыбына эссе жазу,омоним,синоним,антоним,тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қатыстырып.


Қосымша ақпарат

Саралау

Оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырмаларды қалай күрделендіресіз?

Бағалау

оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Денсаулық технологияларын сақтау


Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды..Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдана алады.

Топтық бағалау,

Өзара бағалау



Осы мақсатқа сай қауіпсіздік ережесі сақталды.


Рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?

Уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?



Қорытынды бағамдау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)


Қандай екі тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты?


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
1437
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі