Материалдар / сабақ жоспары "Жаныңда жүр жақсы адам" 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

сабақ жоспары "Жаныңда жүр жақсы адам" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейрімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту және оқушыларды сүйіспеншілікке, сыпайлыққа, жақсыны сезіне білуге, адалдыққа, риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
580
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:

Мектеп: Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп Мерзiм: 15.04.2017ж. Сабақ: 28Тақырып: Жаныңда жүр жақсы адамҚұндылық: «Сүйіспеншілік»Қасиеттер: адалдық, сыйластық, риясыз сүйіспеншілікМұғалiм: А.Борашова Сынып: 6 «а» Оқушылар саны: 23

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік бере отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:Білімділігі: оқушыларды адамдардың өзара қарымқатынасындағы ынтаықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету.Дамытушылығы: оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейрімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту;Тәрбиелігі: оқушыларды сүйіспеншілікке, сыпайлыққа, жақсыны сезіне білуге, адалдыққа, риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Ресурстар:Оқулық, дәптер, үнтаспа, бейнефильм, А4, маркер, стикер, слайд
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз. Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Тыныштық сәті Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.Сұрақтар:Қандай сезімде болдыңыздар?Жаттығу сіздерге қалай әсер етті?Үй тапсырмасын тексеруҚ.Толыбаевтың «Ақиқат» шығармасын айту. Шәкірттер не туралы пікір таластырып қалды?Олар неліктен бір тоқтамға келе алмады?Сабақ барысын талқылау
ДәйексөзЖақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңдіөзің зертте. Конфуций Сұрақ: Айналаңдағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесіңдер?«Жаныңда жүр жақсы адам» дегенді қалай түсінесіңдер?Ізгі ниет пен ыстық ықылас адамға не үшін қажет?

Қорытынды: Адамзат баласының өзіне және өзгелерге жасаған жақсылығынан кейінгі ұрпаққа үлгіөнеге, ғибрат алады. Қоршаған ортаға, айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап, қолыңнан келгенше көмек көрсете алу адамшылықтың белгісі.


Әңгімелеу

Видеофильм «Ата – ана»Сұрақ: Айналадағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесіңдер?Жақсы іс адамның қандай әрекеттерінде көрініс табады?“Әрбір жақсы істің жарасымдылығы жүрекке нұр шашады” дегенді қалай түсінуге болады?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Постер қорғау «Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?»«Жақсылық жасау деген не?»

Топпен ән айту Ән: «Немерем» Заттыбек Көпбосынұлы
  • Сен қосылып немеремКеңейді ғой керегемӘттең қолдан келмейдіАйды алып берер ем.Саған терді төгер емБар нәрсемді берер емОның бәрін аз десеңЖан беруге көнер емСен аман бол немерем.2. Ұрлап жатыр күн-түндіКөп күттім мен бұл күнді Еш нәрсеге кимаймын Сенің таза күлкіңді.ҚАЙЫРМАСЫ:3. Жатыр күлкің жаңғырыпЖұртты естен таңдырыпБалғын тілім жүр менің Мейрімімді қандырып.ҚАЙЫРМАСЫ:
  • 4. Әжеңді де жұбаттың  Қайғымызды уаттың Қартайғанда атаңды Жас баладай қуанттың. ҚАЙЫРМАСЫ:


    Үйге тапсырмаС.Бақбергеновтің «Қасиет» шығармасын түсініп оқып, мазмұнын айту. Мейірімді әже неліктен мейірімді сөз айтуға мәжбүр болды?Немересінің әжесі айтқан бір ауыз сөзін ұмытпай жүруінің себебі неде?

    Соңғы тыныштық сәтіБалалар ішкі тыныштығызды жүрегімізде сақтап, өз ойымыз, ісімізбен сөзімізге сенімді болып, ешкімге қиянат жасамай, дұрыс әрекет етіп, отбасымызды, бүкіл адамзатты риясыз сүйіспеншілікке бөлейік. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық. Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.



    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!