400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Жарасымды қарым – қатынас" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, өз ойлары, сөздері мен ісіне жауапкершілікпен қарауын ұғындыру және оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Мектеп: Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп

Мерзiм: 9.02.2016ж.

Сабақ: № 21

Тақырып: Жарасымды қарым – қатынас

Құндылық: «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер: адалдық, сыйластық, риясыз сүйіспеншілік

Мұғалiм: А.Борашова

Сынып: 10 « а»

Оқушылар саны: 13

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамдар арасындағы жарасымды қарым – қатынас туралы түсінік бере отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:
Білімділігі: оқушылардың адамдар арасындағы кісілік пен кішілік, тіл табыса білу, сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылығы: оқушыларға үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, өз ойлары, сөздері мен ісіне жауапкершілікпен қарауын ұғындыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, риясыз сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық, дәптер, үнтаспа, бейнетаспа, дәйексөз, стикер, маркер, А4

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталаймыз.

Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәті Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ - қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет.

Сұрақтар:

Қандай сезімде болдыңыздар?

Жаттығу сіздерге қалай әсер етті?


Үй тапсырмасын тексеру.

Жастық шаққа байланысты дәйексөз


  • Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.

  • Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.

  • Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.

  • Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.


  • Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған уақыт…

Ж.Руссо

  • Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.
    А.Құнанбаев








Дәйексөз.

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе оның басқа адамдармен қарым -

қатынасы»

А.Линкольн

Сұрақ:

1. Жарасымды қарым – қатынас дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Кез келген адаммен қарым – қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек деп ойлайсыңдар?
3. Ол қасиеттер өз бойларыңда бар ма?

Әңгімелеу (Мұғалім сыйы)

Бейнетаспа: «Қарым қатынасты бағала»


Сергіту сәті

«Сәлемдесу»

1.Қазақстанда қол қысып амандасады.

2.Италияда құшақтасып амандасады.

3.Зимбавада арқаларымен төс қағысып амандасады.

4.Никарагуада  шынтақтарын тигізіп амандасады.

5.Бразилияда арқаларын сипап амандасады.

6.Австралияда аборигендер 3 түрлі  амандасады: қол шапалақтайды; секіреді; жамбастарын оң жақ бүйірден, сол жақ бүйірден соғып амандықтарын білдіреді.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І топ: Отбасындағы жағымды қарым қатынас.

ІІ топ: Достар арасындағы жағымды қарым қатынас.

Қорытынды: Жан жылуының көрінісі тек отбасында ғана емес, ол ұжымдағы адамдар арасында да, дос - жолдастар арасында да болатын жақсы қасиет. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.







Топпен ән айту.

«Қайдасыңдар достарым»

Әнін жазған Әбілахат Еспаев

Сөзін жазған Қабдыкәрім Ыдырысов

Бірге тойлап, бірге өткізген

Жалындаған жас шағын

Талай қызық күнді өткізген,

Қайдасыңдар достарым.

Достар, достар жүрсің қайда

Бірге еді гой жанымыз

Еске алысып осындайда,

Бірге еді гой жанымыз.

Бәрімізде таптық бүгін,

Бақыт жолын іздеген.

Дос үміті – достық сенім

Әрқашанда бізбенен.

Достар, достар жүрсің қайда

Бірге еді гой жанымыз

Еске алысып осындайда,

Бірге еді гой жанымыз.

Жүрсек – дағы қиыр шетте,

Досты ұмытқың келмейді.

Достық жалын бар жүректе,

Суымайды, сөнбейді.

Достар, достар жүрсің қайда

Бірге еді гой жанымыз

Еске алысып осындайда,

Бірге еді гой жанымыз.


Үй тапсырмасы.

«Ақсақал», «Ел ағасы» деп кімдерді атаған? Ой-толғау жазып келу.

Соңғы тыныштық сәтi

Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс атқарайық! Сабақтан алған әсерлерімізді жүрегімізге орналастырайық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі