Пән: география. Сынып: 6
«а»
Сабақтың тақырыбы: Жел және
оның түрлері
Сабақтың мақсаты: 1.Жел
және оның түрлері,адамзатқа қажнттілігі,тигізетін әсері туралы
білімді қалыптастыру;
2.Оқушының тез қабылдауына
жол ашу,теориялық білімін ,зейінін
дамыту;
3.Табиғатты сүюге
баулу,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ
әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: « Жел»
тақырыбындағы презентация,кесте
Сабақ типі:аралас
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу,сабаққа
дайындығын тексеру.
Бүгінгі ауа рай туралы
мәлімет беру.
2.Үй жұмысын тексеру
Географиялық диктант.
1.Ауаның жер беті мен
ондағы заттарға түсіретін салмағы (атмосфералық қысым)
2.Қалыпты атмосфералық
қысым (760мм сынап бағанасы)
3.Ауаның құрамындағы
негізгі газ (азот)
4.Жер бетінен әрбір 10 м-ге
көтерілген сайын атмосфералық қысым .... төмендейді.
5.Атмосфералық қысымды
өлшейтін құрал. (барометр)
3.Өткен сабақты
пысықтау

Сұрақ: Егер Жер бетінде
атмосфералық қысым 760 мм сн. б.(қалыпты) болса ,мұржаның басында
қанша болады? Есепті шешіңдер.
Жауап: 757 мм с.б.
Сұрақ:
Қай жерде қысым жоғары екен?
Жауап: төменде,жоғарыда
аз.
Сұрақ:Түтін неге мұржамен
жоғары қарай көтеріледі ? (Жоғары қысымды аймақтан төмен қысымды
аймаққа қарай жылжиды)
Сұрақ: Ауаның осылай
қозғалуын қалай атаймыз?
Жұмбақты шешіңдер: Ол келсе
орман шулайды,
Теңіз толқын тулайды
Қуса өзен қуады
Ешкім оны қумайды.
Шешуі: Жел.
Бүгінгі жаңа сабағымыз да
жел туралы болады.
4.Жаңа сабақ
Жел деп
Жер бнтінде ауаның горизонталь бағытта ауысып,қозғалуын
айтады.
Қысымы жоғары аймақтан
қысымы төмен аймаққа қарай ауа ауысып жел пайда болады.
Желдің жылдамдығы
метр/секундпен өлшенеді,ал желдің күшін балл арқылы анықтайды.
Жел көкжиектің қай тұсынан
соқса,сол бағыттың (шығыс желі) атымен аталады.
Қазақстан аумағындағы күшті
желдер Арыстанды-Қарабас желі,Ебі,Сайқан,Шілік желі т.б.
Осындай басым желдер
негізінде әр аймақта жел картасы мен жел өрнегін сызуға болады.
Желдің бағыты мен
жылдамдығын желбағар(флюгер) көмегімен анықтайды.Жер бетіндегі
желдің орташа жылдамдығы 5-10 м/сек.
Желдің
түрлері көп. Солардың бірі бриздер мен муссондар.
Бағытын тәулік ішінде екі
рет өзгертетін теңіздердің жағалауында соғатын желдер-
бриздер деп аталады.Олар
күндізгі және түнгі бриз деп бөлінеді.
Құрлық пен мұхит арасында
бағытын жыл ішінде екі рет өзгертетін желдер
соғады.Олар-муссондар.Олар жазғы және қысқы болады.
Желдің маңызы. Жел күшін
пайдаланып желкенді кемелер жүзген.Жел күшін жел диірмендеріне
пайдаланған. Жел су айналымына қатысады.
Желдің зиянды әрекеті де
бар.Жел топырақтың құнарлы бөлігін ұшырып әкетеді.
Су тасқынына себеп
болады.Электр желілерін үзіп,ағаштарды құлатады.
5.Жаңа сабақты бекіту
Дәптермен жұмыс.
1.Бриздер мен муссондардың айырмашылығын венн диаграммасы
арқылы көрсетіңдер.
2. Кесте бойынша жел
өрнегін сызыңдар.
6.Қорытындылау
Ойланайық ! Логикалыөқ
тапсырма .
Жел мен өсімдік арасында
қандай байланыс болуы мүмкін?
Танымдық материалдармен
таныстыру.
7.Бағалау
8.Үй
жұмысы § 21 оқу , жел туралы
қызықты мәліметтер жинақтау.