Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары "Жер ғаламшарының көрінісі" 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаратылыстану
Сабақ тақырыбы: |
Жер ғаламшарының көрінісі |
Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі |
|||
Күні : 31.01 |
|
Мұғалімнің есімі: Гүлжанат Байжұмаева |
|||
СЫНЫП: 1Бсынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқу мақсаты: |
Барлық оқушылар: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтау; |
||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдеріс терді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну. |
||||
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
|||||
Ресурстар: |
|
||||
Күтілетін нәтижелер: |
|
||||
Сабақтың мақсаты: |
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау; 1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау; 1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау 1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау |
||||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 1 минут |
Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері |
|||
Сабақтың басы 5 минут |
Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта “Ғарыш әле міне” саяхат жасайтындарын айтыңыз. Ауа райы қолайлы болса, сабақты сыртта жүргізіңіз. Оқушы-ларды далаға шығарып, аспанға және көкжиек сызығына қарап тұрып, аспан мен жердің біріккен жерін тауып, көкжиекті анықтауға бағыт- бағдар бе ріңіз. “Аспан мен жер қалай түйісіп тұр? Не байқа дыңдар?” деген тәрізді сұрақтар қойыңыз. Бақылау жүргізіп болған соң, бақылау барысында оқушының не түсінгенін, қандай ой туындағанын сұрап біліңіз. Оқушының барлық жауабын қабыл даңыз және “дұрыс емес” деген сөзді айтпауға Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пі шіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған. Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаған. Ежелгі Қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Аласұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығысқа қарай қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған. Ежелгі Үндістан халқы Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған. |
Оқулық |
|||
Тыңдалым 5 минут |
Жер қандай? Оқушылардың назарын сурет терге аударыңыз. Ежелде адамдардың Жер ғалам шарын қалай елестеткені туралы айтып беріңіз. Неге олай ойлағаны туралы сұраңыз. Осы жерде “Старик Хаттабыч” фильмінен үзінді көрсетіп, бірлесе талқы лауға болады.
|
Фильмнен үзінді |
|||
Тәжірибелік жұмыс 5 минут |
Оқушылармен тәжірибелік жұмыс жүргізіңіз: қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді? — деген жетелеу сұрағын қойыңыз. Ертеде адамдар осы тәрелкедегі сияқты жердің шетіне шығып кетсе, онда басқа аймаққа өтіп кетеді деп ойлағаны туралы айтыңыз. |
Ойыншықтар |
|||
Топтық жұмыс 5 минут |
Зерттейік. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Жердің домалақ екенін әр топ зерттеу жүргізе отырып дәлелдейді. Бірінші топқа: Айдың тұтылу кезіндегі фотосу ретін беріңіз. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударыңыз. Тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды? (Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасау керек. |
Доп Өшіргіш Қалам кітап |
|||
Ойлан 3 минут |
“Ойлан” айдарын оқып, тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жа салған кемені партаның үстімен жүргізіп көріңіз.
|
Кеме |
|||
Суретпен жұмыс 5 минут |
Суреттерге қара. Оқушыларға доп пен гло бусты салыстыруға беріңіз де, мынадай сұрақтар қойыңыз: — Мына доп пен глобус бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсас? — Қандай айырмашылықтары бар? Шардың сыртқы белгілері туралы сұраңыз: — Шардың пішіні қандай? — Ол неге ұқсайды? — Шардың бұрыштары бар ма? Мұның алдында жасаған бақылаулары бойынша қорытынды жасауға жетелеңіз. Өздігінен тұжырым жасауға ұмтылған балаларды мақтаңыз.
|
Доп глобус |
|||
Жұптық жұмыс 7 минут |
Шарға ұқсас заттарды ата. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз. Ол үшін шар пішінді бірнеше дөңгелектің кескіні салынған парақтарды таратып беріңіз. Оқушылар жұбымен ақылдаса отырып, дөңгелектерді қандай да бір заттың немесе нысанның суретіне айналдырады, яғни суретті аяқтайды. Мысалы, ол сағат немесе доптың суреті болуы мүмкін. Қай жұп шарға ұқсайтын заттарды көп салғанына көңіл аударыңыз. |
Суреттер |
|||
Математика. Шар —көлемді геометриялық пішін. 7 минут |
Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшар дың атын біледі. Ол қандай? Оқушылар Жер ғаламшарын сипаттайтын сөз дерді таңдап, ол сөздерді Күн сәулелеріне жазады. Негештің хаты. Оқушылар хатты оқу үшін О әріптерін сызып тастайды. Сонда “Жер” деген сөз қалады. Содан кейін “Жер шарға ұқсайды” немесе “Жер — бұл ғаламшар” деген сөйлемдерді жазуды ұсыныңыз. Оқушы Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі керек. Жердің пішіні. Оқушылардың бақылау жүргізу кезіндегі белсенділігі, тәжірибелік тапсырманы өз бетінше орындай алуы бағаланады. Оқушылар Жер дің пішіні тәрізді заттардың суреттерін таңдауы қажет. Тәрелкені таңдағанда: “Оның пішіні дөңес диск сияқты ма әлде шар тәрізді ме?” деп сұраңыз. Математика сабағынан: “Жазық қағаз бетінде кө лемді фигураларды көрсете алмағандықтан, шар пішіні дөңгелек болып беріледі” деп, оқушылардың естеріне салуға болады. |
Шар |
|||
Бағалау 2 минут |
Оқушылар өздері өмір сүріп жатқан ғаламшар дың атын біледі. Ол қандай? Оқушылар Жер ғаламшарын сипаттайтын сөз дерді таңдап, ол сөздерді Күн сәулелеріне жазады. Негештің хаты. Оқушылар хатты оқу үшін О әріптерін сызып тастайды. Сонда “Жер” деген сөз қалады. Содан кейін “Жер шарға ұқсайды” немесе “Жер — бұл ғаламшар” деген сөйлемдерді жазуды ұсыныңыз. Оқушы Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі керек. Жердің пішіні. Оқушылардың бақылау жүргізу кезіндегі белсенділігі, тәжірибелік тапсырманы өз бетінше орындай алуы бағаланады. Оқушылар Жер дің пішіні тәрізді заттардың суреттерін таңдауы қажет. Тәрелкені таңдағанда: “Оның пішіні дөңес диск сияқты ма әлде шар тәрізді ме?” деп сұраңыз. Математика сабағынан: “Жазық қағаз бетінде кө лемді фигураларды көрсете алмағандықтан, шар пішіні дөңгелек болып беріледі” деп, оқушылардың естеріне салуға болады. |
||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |