|
Мақсаты
Күтілетін
нәтиже
Сабақтың
жабыдығы
Түрі
|
Білімділік:
Айтыстың шығу тарихын, түрлерін, ерекшелігін, мақсатын еске
түсіру. Айтыс өнерінің маңыздылығын ұғындыру. Пікірталас тудырудағы
айтыстың рөлін таныту.
Тәрбиелілік: Жаңа
сабақпен байланыстыра отырып, батылдыққа, шыншылдыққа, орнықтылыққа
тәрбиелеу. Сөз өнерін қадірлеу білуге
үйрету.
Дамытушылық: Оқушының
шығармашылық дамуына әрекет ету, ойларын еркін жеткізуге
дағдыландыру. Оқушының ой- түйінін
білім мазмұнына әкелу.
|
|
Психологиялық
ахуал
|
Психологиялық
дайындық
Біз балдырған
баламыз,
Құстай қанат
қағамыз.
Дүниені
аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты
ояту
|
Жұмбақ
Айтыс– айтыс жанрының бір
түрі. Онда табиғат құбылыстары, адам, жан-жануар, қоғам тіршілігіндегі
көріністерді жұмбақтау арқылы өнер бәсекесіне түскен әріптестер
бір-бірінің ақыл-парасаты мен ой-түсінігін сынап, сөзден тосып,
тізе бүктіруді көздейді. Жұмбақ айтыстың ең алғашқы түрі – қыз бен жігіт
қайымдасуларында бір-біріне тосыннан сұрақ қойып, оған қолма-қол
жауап қайыруды өзара мақсат еткендіктен, көбінесе олардың
жауаптасулары барынша жинақы, терең мағыналы болып келеді. Қайым
айтыстарының бір топ үлгілерінде (аты-жөні мәлімсіз көптеген қыз
бен жігіт қайымдасулары, “Ұлбике мен Күдері қожа айтысы”, тағы
басқа) қойылатын бір-екі ауыз жұмбақ айтыс тағдырын үзілді-кесілді шеше алмайды,
көбінесе, қарсыласын оқыстан тосып тоқтатудың көп тәсілдерінің бірі
ғана.
|
|
Мағынаны
тану
|
Сапарғали мен
Нұржан
Сапарғали:
Мен көрдім неше жүйрік даналарды,
Байқауға ойладың ба шамаларды.
Жұмбағыма қайтарса дұрыс жауап,
Біз де сынап қарайық балаларды.
Нұржаным, білдірейін сізге тағы,
Құс көрдім өзі жансыз, бір аяғы.
Теңізде салған жолы сайрап жатыр.
Байыппен ойлап тапшы мұны дағы. Нұржан:
Сапеке, айтқаныңды қазір табам,
Жансыз құс бір аяқты, мұның – қалам.
Теңіз, мысал, қағаз ғой, жолың – жазу,
Жұмбағың осыменен болсын тамам. Сапарғали:
Мен көрдім бір теңізде темір қайық,
Әр пенде пайдаланар көріп лайық.
Үстінде түндігі жоқ үйді тігіп,
Кетеді ризықтанып барша халық. Нұржан:
Дастарқан – теңіз, мысал, қайық – поднос,
Бұл күнде әмбе халық қойған ықылас.
Шыныаяқ – түндігі жоқ үй дегенің,
Әр пенде ризықтанып ішпей ме ас. Сапарғали:
Бір нәрсеге өзі жансыз, аяғы жоқ.
Су менен шөптен басқа тамағы жоқ.
Ішін ашып қарасаң бір мезгілде,
Тұрады жеген жемі жабағы боп. Нұржан:
Шәйнектің ұқсатамын сияғына,
Су мен шай мысал қылды тамағына. Ішіп шайды, қақпағын алғаннан соң,
Шамбасы ұқсамай ма жабағыға.
|