Сабақ жоспары "Жүрек жылуы" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Жүрек жылуы" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану мұғалімдеріне 2 сыныпқа күнтізбелік жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Өзін-өзі тану

Сыныбы:

2

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

Жүрек жылуы

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А)ақпараттық

Б)коммуникативтік

В)проблеманы шешу

«Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.



-мейірімділік,қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

-қамқорлық жасауға жетелеу;

-мейірімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды түсіндіру

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Түсіндіре отырып оза оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі:

Түсіндірмелі-иллюстративті,көрнекілік,практикалық

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі,музыка,дүниетану

Көрнекі құралдар:

Үнтаспа,тауық пен балапандардың суреті,дәптер,оқулық


Сабақтың барысы:

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

I Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері

Ж.Әділжанқызы

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

Балалар шеңбер құрады.Бір-бірімен сәлемдесіп,мұғаліммен бірге Ж.Әділжанқызының өлеңін қосылып айтады.

Оқушылар үлкен достық шеңберіне қабылданғанын түсінеді,өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.

II Жаңа материалға кіріспе:

Әңгімелесу

-Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

-Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

-Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Балалардың жауаптары:

Адамдардың жүректері мейірімге, қайырымға,махаббатқа,жылы сезімге толы екенін және жақсылықтың бәрі жүректен шығады.

Оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнату.

III Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды түсіндіру

Мәтінмен жұмыс

« Жәй ғана әжей»

В.Осеева

-Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

-Бұл оқиғадан не үйреңдің?

-Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Табиғаттағы барлық жылу-күннен,Өмірдегі барлық жылу-адамнан» М.Пришвин

Балалардың жауаптары:



Абзал қайырымды,қамқор жан.Кез-келген адамға қол ұшын беріп,алғысқа бөленеді және Айнұрда кішіпейіл адам.




Қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріп,жаның жай тауып,қуанасың,сол адамды қуантасың.Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса,бір-біріне қайырымдылық жасап жатса,әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта,бақытта өмір сүреді.



Оқушылардың тіл байлығын,жадын,ой қиялын жетілдіру.






Оқушылардың оқу материалын эмоцианалды бейнелі тұрғыдан қабылдауға олардың танымдық белсенділігін ынтасын арттыруға ықпалын тигізеді.


Тапсырма

Мұғалім балалардың жақсы көретін адамдары туралы әңгімелеп,айтып беруге тапсырма береді

Жағдаятты талдау

Мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап,жағдаяттарды шешуді ұсынады.

1.Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...

2.Сен аулаға ролик тебуге шықтың,ал досыңның ролигі жоқ...

3.Анаң ас пісіріп жатыр,ал інің мазасызданып кетті...


Оқушылар отбасы, туған-туысы,тәрбиешісі,

т.б жақсы көретін адамдары туралы ойларын ортаға шығып жария етеді.




Балалар өз шешімдерін жария етеді және жағдаятты топпен,жекелей орындады


Әр баланың өмірде өз орны ерекше екенін, оларды да жақсы көретін адамдардың бар екенін ұғындырады.



IY Жаңа сабақты бекіту

Дәптермен жұмыс

Мұғалім дәптерде орындау үшін төмендегі үлгіде тапсырма береді:

-Жүрегіңнен шыққан мейірімділік,жан ашырлық,жан жылуы кімдерге,нелерге арналатынын суретке қарап,бос торкөздерге жазыңдар.




Мейірімді адам өзге адамға,туған-туысқандарына,табиғатқа деген жанашырлық сезімін,қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.




Өз бетімен жұмыстануға мүмкіндік береді.

Y Қорытынды

Жүректен жүрекке

Сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді.









Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

-Сау болыңыздар!


Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:

-Менің қайырымды жүрегіме рақмет!

-Менің мейірімді жүрегіме рақмет!

-Менің жылы жүрегіме рақмет!

-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет!

-Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рақмет!

-Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет!

-Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет!..

-Сау болыңыз!


Бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып бүкіл сынып ұжымының көңіл-күйін көтерді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
719
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі