400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары "Кабель түрлері."

Материал туралы қысқаша түсінік
байланыс пәнінің арнайы оқытушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Кабель түрлері. Желіні жүргізу. Кабельмен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, оқулық

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі: студенттермен амандасу, түгендеу, аудитория дайындығын тексеру

ІІ.Кіріспелік нұсқау

1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау: кабель түрлерімен таныстыру, жүргізу жолдары туралы мағлұмат беру

2. Оқушылардың білімін тексеру: сұрақ-жауап арқылы, студенттердің бір-біріне сұрақтар қойдыру

3. Жаңа тақырыптың мазмұны

Жаңа замандағы желілерде қолданылып жүрген кабельдердің бірнеше түрлері бар.Төменде ең көп қолданылып жүрген кабельдер жайлы жазылған. Мыстан жасалған кабельдердің түрлері электрлік кабельдерді құрайды. Олар телефон желісін жүргізуде және ЛВС-ті инсталляциялауда қолданылады. Ішкі құрылысы бойынша кабельдер қос ширатпа және коаксиалды деп бөлінеді.

«Қос ширатпа» типті кабель(twisted pair)

Қос ширатпа деп,екі өткізгіш біріктіріліп, бірнеше рет ширатылып бұралған тұтас кабельді айтамыз. Сымдарды ширатып бұрау кабель бойымен сигнал жіберген кезде болатын электрлік ақауларды азайтады. Ал экрандалған қос ширатпа кедергілердің болмауын одан да бірнеше есеге ұлғайтады. «Қос ширатпа» кабелі Ethernet, ARCNet и IBM Token Ring сияқты көптеген желілік технологияларда қолданылады.

Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған (UTP – Unshielded Twisted Pair)  және экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді.Соңғысы екіге бөлінеді:әр жұбы экрандалған және жалпы экрандалған (STP – Shielded Twisted Pair) және тек бір ғана ортақ экраны бар (FTP – Foiled Twisted Pair).Кабельдегі экранның бар болуы немесе жоқ болуы жіберілген ақпараттың қорғанысы туралы еш мәлімет бермейді, ол тек өзгеріске ұшырауының әртүрлілігін көрсетеді. Экрандалмаған кабельдерде экранның болмауы кабельдерді майысқақ және өзгеріске төзімді етеді. Сонымен қатар оларэксплуатация үшін  экрандалған кабельдер сияқты құнды жерлестіру контурын талап етпейді. Экрандалмаған кабельдерді ғимаратттардың ішінде жүргізген дұрыс, ал экрандалған кабедерді көбінесе ерекше эксплуатация жағдайлары бар жерлерде қолданады, мысалы электромагниттік сәулеленуі өте жоғары жерлерде. Кабельдер категориясы бойынша 6.1 кестесіндегідей жіктеледі. Кабельдердің жіктелуі олар арқылы жіберілетін сигналдардың максималды жиіліктеріне негізделген.

Коаксальды кабельдер.

Коаксиалды кабельдер радио және телевизиялық аппаратураларда қолданылады. Коаксиалды кабельдер ақпаратты 10Мбит/с жылдамдықпен 185-500 метр қашықтыққа жібере алады.Олар қалыңдығына  қарай қалың және жұқа болып бөлінеді.

Thinnet кабелі RG-58 ретінде танымал болған, мәліметтерді танымалдаудың физикалық түрінде кеңінен қолданылады.Желілер қосымша құрылғы сұрамайды және өте қарапайым, әрі арзан. (Thin Ethernet) жұқа коаксиалды кабелі қалың кабельге қарағанда  ақпаратты қысқа қашықтыққа ғана жібере алады.Бірақ жұқа кабельмен қосылу үшін СР-50  типтегі  BNC разъем стандарттары қолданылады және ол барлық ЛВС офистарға стандарт болып табылады. Төменде сипатталатын Ethernet 10Base2 технологиясында да қолданылады.

Қалың коаксиалды кабель (Thick Ethernet) кедергілерге қарсылығы өте жоғары, механикалық сапалы, бірақ кабельді орнату кезінде ЛВС-ке қосылу үшін  арнайы қажеттіліктерді талап етеді.Ол жұқа кабельмен салыстырғанда біршама қымбат,және майысқақ емес. Төменде сипатталатын  Ethernet 10Base5 технологиясында қолданылады..ARCNet желісі әдетте RG-62 А/U кабелін қолданады.                                          Оптикалы-талшықты кабель

Оптикалы-талшықты кабель(Fiber Optic Cable)  алысқа ақпаратты  өте үлкен жылдамдықпен жібереді.Және олар тыңдау құрылғыларына жарамсыз.Оптикалы-талшықты кабельмен ақпарат жөнелту үшін жарық қолданылады.Жарық өткізгіш қызметін атқарып тұрған талшық ақпаратты алысқа әрі үлкен жылдамдықпен жіберуге көмектеседі, бірақ ол өте қымбат және онымен жұмыс істеу өте ауыр.Оптикалы-талшықты кабель жуандығы бірнеше микрон ғана болатын орталық шыны жіпшеден тұрады.Оның сырты жалпылай шынымен жабылған.Мұның бәрі сыртқы қоғаныс қабатының ішінде орналасады.Оптикалы-талшықты линиялар өте сезімтал.Мұнда жарық көзі ретінде жарық диодтары қолданылады (LED - Light Emitting Diode), ал ақпарат жарықтың интенсивтілігінң өзгеруі арқылы кодталады.Кабельдің қабылдайтын ұшында детектор желілік импульстарды электрлік сигналдарға айналдырады.Оптоталшықты кабельдердің екі түрі бар:бір модтық және көпмодтық.Бірмодтықтардың диаметрі кішкентай ,қымбат және ақпаратты жіберу қашықтығы жоғары.Жарық импульстары бір бағытта қозғала алатындықтан оптоталшықты кабельдер базасындағы желілердің әр сегмент үшін кіретін және шығатын кабельдері болуы керек.Оптоталшықты кабельдер арнайы коннекторлерді және жоғары квалификациялық орнатуды талап етеді.


ІІІ.Негізгі бөлім

1.Оқушылардың өзіндік жұмысы: кабельдермен, желімен жұмыс

2.Ағымдағы нұсқау: студенттермен практикалық жұмыстар орындау, тексеру, басшылық жасау

IV. Қорытынды нұсқау

1.Мақсаты: кабель түрлерімен, жүргізу жолдарымен танысты

2.Сабақты қортындылау

3.Оқушыларды бағалау

4.Үйге тапсырма: оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс

V. Жұмыс орнын және жабдықтарын жинау


Өндірістік оқу шебері ____________________________________________



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.04.2019
1208
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі