400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Кел, танысайық!" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары орыс тілінде оқитын оқушыларға арналған. Таныстыру түрлерін қайталай отырып, қазақ тіліне тән дыбыстарды анық айтуға талпынады. Өзгеге сұрақ қоя отырып, өзі туралы айта алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән аты: Қазақ тілі

Сыныбы: 3 «Б»

Күні: 5.09.17

1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Кел, танысайық!

Жалпы мақсаты: Оқушыларға қазақ тілінде танысу түрлерін қайта-қайта қайталата отырып, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Таныстыру түрлерін қайталай отырып, қазақ тіліне тән дыбыстарды анық айтуға талпынады. Өзгеге сұрақ қоя отырып, өзі туралы айта алады.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сөйлеу, диалог, АҚТ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, карточкалар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті: «Қызыл өрік»

II. Модульдің құрамын түсіндіру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.

IV. Жаңа сабақ.

1. Сәлемдесу түрлерін оқушыларға қайталату. Осы мақсатта 1-тапсырманы орындату.

1-тапсырма. Суретке қара. Асқар қалай амандасады? Қалай қошатасады?

Сәлем, Арман!

Сәлеметсіз бе, мұғалім!

Сәлем, Галия»

Сау болыңыз мұғалім!

Сау бол Арман!

Сәлеметсіз бе, әже!

Сәлеметсіз бе, ата!

2. «Айтылым» әрекетін оқушының меңгеруі үшін «Сенің атың кім?», «Бұл кім?» сұрағына дұрыс жауап беруді үйрету. Оқушыларды жүйелі түрде сөйлеуге баулу.

1-тапсырма. Суретке қара. Үлгі бойынша сөйлес.

-Сенің атың кім?

-Менің атым – Саша

2-тапсырма.Сұраққа жауап бер. Бұл кім?

Үлгі: Бұл кім?

Бұл – ата.

3. Сергіту сәті: «Қызыл өрік»

4. «Оқылым» әрекетін іске асыру мақсатында 4,5-тапсырма, «Бұл кім?» сұраққа жауап беретін айтылымды мұғалім оқып береді. Оқушылар дыбыс жүйесінің заңдылықтарын сақтап оқуы тиіс.

5. Оқушыларға сандарды меңгерту үшін: Кезек-кезек санату. Айтылуына көп мән бергізу.

1-бір, 2-екі, 3-үш, 4-төрт, 5-бес, 6-алты, 7-жеті, 8-сегіз, 9-тоғыз, 10-он.

V. Сабақты қорытындылау. Жаңа сабақты бекіту.

а) сұрақ- жауап алу;

ә) Жаңа сөздерді сұрау;

б) Жаңа сөздермен сөз тіркестерін қайталату.

Бағалау: Сабаққа қатысуларына қарап бағалаймын. Мадақтау, қолпаштау арқылы бағалау.

Рефлексия: Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

V.Үйге тапсырма: 4-6 беттегі тапсырмаларды оқу.

Сөздерді жаттау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
1491
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі