жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары Кемпірқосаққа "қонаққа келдім"
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Тобы/сыныбы: |
Мектепалды даярлық |
|
Білім беру саласы: |
Шығармашылық |
|
ҰОҚ |
Сурет салу |
|
Тақырыбы: |
Кемпірқосаққа «қонаққа келдім» |
|
Бөлім/бөлімше |
Сурет негіздері. 1.3 Түс . 2.2 Құралдармен жұмыс істеуде еңбек гигиенасы қауіпсіздік техникасын сақтау. |
|
Оқу мақсаты: |
0.1.3.1 Негізгі және қосалқы, жылы және суық түстерді ажырату. 0.2.2.1 Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру, материалдарды үнемдеп жұмсау. |
|
ҰОҚ мақсаты: |
Қағаздың түсін таңдайды және бейнені жасау үшін бояуларды сәйкестендіре біледі . Әр түрлі түстің фонымен сәйкес негізгі ,қосалқы , жылы және суық түстерді қолданады және тақтайшаларға бояуларды араластыра біледі. Жұмыс орны мен жұмыс істеу барысында өздігінен ретке келтіреді. |
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
«Ойға шақыру» ойыны, «Сұрақ-жауап», « Кел, топта талқылайық» |
|
Ресурстар, дамытушы орта: |
Қағаз, бояу ,қылқалам ,маркер, түрлі –түсті қаламдар, плакат |
|
Жоспарлау |
||
ҰОҚ кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Баланың әрекеті |
Сабақтың басталуы |
||
Ширату жаттығуы «Ой шақыру» ойыны 2 минут |
Жеті түсті қарындаш, Тату тәтті қарындас . Күні бойы болдырып , Ұзақ-ұзақ жол жүріп . Көлге бірге барыпты, Қол ұстасып алыпты. Байқадым бір қызықты, Кемпірқосақ сызыпты . |
|
Өткенді пысықтау « Сұрақ-жауап» әдісі 3 минут |
Балалар, біз өткен сабақты еске түсіріп өтейікші : -Қандай сызық түрлерін білесіңдер ? -Қане ,енді қимылмен көрсетейікші - Кейде балалар ,кейбір қаламдардың сызығы қалың болып сызылады. -Неліктен ? Неге қалың болып сызылады деп ойлайсыңдар ? |
Ирек, түзу, үзік, толқынды , қисық
Қалам жуан болса ,сызық жуан болатыны ойланып айтады |
Бейне жазба көрсетіледі /Жана такырыпка енуге даярлау/ 2 минут |
Түстер туралы |
|
ҰОҚ негізгі бөлігі |
||
Топқа біріктіру «Оқу құралдары» 2 минут |
1.Кітап ( оқымыстылар) 2. Сызғыш ( сәулетші) 3. Қаламсап ( жазушы) 4. Түрлі –түсті қарындаш (суретші) |
|
« Кел, талқылайық » әдісі |
Балаларға бүгінгі ауа-райы туралы сұрақтар қоямын. Сұрақтар : -Балалар, бүгін ауа-райы қандай болып тұр ? -Ал , жаңбыр жауып тоқтаған соң күн шығады , содан кейін қандай құбылыс болады деп ойлайсыңдар ?
- Кемпірқосақта қанша түс бар екенін білеміз бе ? -Қане , бәріміз бірге атап айтамыз
-Кемпірқосақта ақ түс және қара түс бола ма ? Неліктен болмайды ?
-Балалар ,білесіңдер ме , неге кемпірқосақ деп аталады ? Ендеше ... (қысқаша кемпірқосақ туралы аңыздардан мәлімет беріп өтемін ) Сұрақ : - Балалар , біз негізгі түстерді атап жіберейікші . -Жарайсыңдар - Негізгі түстерден қосымша түстер алуға болады ма ? Онда .. (балаларға тақтайшаға түстерді араластырып көруге мүмкіндік беремін ,жасап көреді )
-Жарайсыңдар балалар, олардың сиқыры мынада екен, яғни осы түстерді бір-бірімен қосу арқылы қосалқы түстер пайда болатынын білдік және жасап үйрендік . -Енді осы түстерден жылы және суық түстерді ажыратамыз. Жылы түстер ,олар әдетте көңілді болып көрінеді екен. Суық түс деп аты айтып тұрғандай олар –қара, қоңыр ,қаракөк болады екен . (есте сақтау үшін сол түстерді көрсете отырып, қайталап айтқызамын)
-Балалар, біз түстерді атап және ажырата білдік . Енді ,бәріміз алдымызда тұрған қалаған бояу құралдарымен кемпірқосақ суретін саламыз . Бірақ, балалар аспанға кемпірқосақ салғанда ,тағы қасына нелер салуға болады ? Қалай ойлайсыңдар ?
- Жарайсыңдар балалар , негізгі түстер мен қосалқы түстерді пайдаланып , сурет салуды бастаймыз Іс-әрекет барысында топтың салған суреттеріне қарай кері байланыс беріп , мадақтаймын.
|
Аспан бұлттанып , жаңбыр жауып тұр
Кемпірқосақ шығады
Иә,жеті түс бар. қызыл ,қызыл сары, сары, жасыл, көк, қанық көк және күлгін Жоқ Өйткені аспанымыз ашық ,көгілдір
Жоқ
Сары, қызыл, көк
Болады
Қызғылт сары - ( қызыл+сары), Жасыл - (сары+көк ) Күлгін –(көк+қызыл)
Жылы түстер-қызыл, сары, сарғылт және
суық түстер –қара, қоңыр ,қаракөк
күн, бұлт , карлығаш, жерге гүл салуға болады
|
«Нәтиже » саралау тәсілі
|
|
|
« Балалардың қатысуы мен мотивациясы» бақылау формасы
|
Бақылау критерилері 1.Қағаздың түсін таңдап және бейнені жасау үшін бояуларды сәйкестендіре алады. 2. Әр түрлі түстің фонымен сәйкес негізгі ,қосалқы ,жылы және суық түстерді қолданады 3.Тақтайшаларға бояуларды араластырады 4.Топта бәрі бірге жасап белсенділік көрсете білді.
|
|
ҰОҚ қорытынды бөлімі |
||
Рефлексия «Негізгі түс» әдісі 2 минут |
Қызыл түс-түсіндім Сары түс- түсінбедім Көк түс- білгім келеді |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген