400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Кенді пайдалы қазбалар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Кенді пайдалы қазбалар. Сабақтың мақсаты: Кенді металдармен таныстыру. Сабақтың міндеттері: 1.Темір кенін игеру жолдары және оларды адамдардың шаруашылықта қолдануы туралы білімдерін толықтыру. 2. Табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы қатынас түрлерін бақылату арқылы оқушының ойлауын жетілдіру, талдау, саралау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту. 3. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі:



Пәні: Дүниетану Күні:

Сыныбы: 3 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Кенді пайдалы қазбалар.

Сабақтың мақсаты: Кенді металдармен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Темір кенін игеру жолдары және оларды адамдардың шаруашылықта қолдануы туралы білімдерін толықтыру.

2. Табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы қатынас түрлерін бақылату арқылы оқушының ойлауын жетілдіру, талдау, саралау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

3. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, кескін карта.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, сарамандық жұмыс.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың көңілін сабаққа бұру.

Үй тапсырмасын сұрау. Миға шабуыл

    1.   Пайдалы қазбалар деген не?

    2.   Оларды не үшін өндіреді?

    3 .   Оларды қай жерлерде өндіреді?

    4.Қолдануына қарай қандай топтарға бөлінеді?

Жаңа сабақ. Психологиялық дайындық.

  Сен пайдалы қазбалар туралы не білесің?

  Сызба-  кесте. Пайдалы қазбалар

 

        Кенді                                  Кенсіз                                  Жанғыш 

 

       Темір кені                     Құрылыстық                     Көмір, мұнай, газ,

                                           Гранит, әкта, құм, саз             шымтезек  

Сөздік диктант.

  Пайдалы қазбалардың атауын жаз.

  • Жеңіл, ылғал тартады, жақсы жанады, малға төсеніш, тыңайтқыш қызметін  атқарады. ( шымтезек )

  • Шахтада өндіріледі, ауыр, қатты, соғуға жарамды, ұсақ, тығыз байланысқан бөлшектерден тұрады.(темір кені)

  • Қара түсті, аздап жылтырайды, қатты, суға батады, жанады. (таскөмір)

  • Мықты, ауыр,сұр, қызғылт, қызыл түсті болуы мүмкін. Бірнеше минерал бөлшектерден, шпат, кварц, слюдадан тұрады. (гранит)

Оқулықпен жұмыс

  • Оқулықтағы тақырыпты оқыту,  мәтіннің негізгі ойын білдіріп тұрған жерін тапқызып, сызба құрастыру.( топпен ,жұппен жұмыс)

                            Темір кені

  Шахта, карьер

  Домна пеші

         Шойын

  Мартынов пеші

  Болат

 Станок, батареялар, рельс, пойыз, ұшақ, трактор, құбыр, автомобиль, ыдыс, қару т.б. Метал мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары кен деп аталады.

Сарамандық жұмыс.

Кескін картамен жұмыс: темір кенінің орнын тауып. Оны шартты белгі мен белгілеу.

Жағдаятты шешу. «Сөйлемді аяқта» дидактикалық ойыны.

Егер барлық темір жоғалып кетсе , не болады.?

Оқушылар «Меніің  ойымша...» деп жауаптарын айтады.

  • Ұшқыш М.Сургутанов Соколов- Сарыбай кен орнын темір кенінің қандай қасиеті арқылы ашты?

  • Картада темір кенін қандай белгімен белгілейміз? 

  1. Топ болып жұмыс істеу

  1-топ                                                                   2- топ

 Құбылнамамен тәжірибе жүргізеді, сонан соң темір кенін қалай қорытатындығын және адамдардың оларды қандай тәсілмен игеретіндігін айтады.

Темір кенін қалай балқытатынын, оны өмірде пайдалануы туралы айтады.

Сұрақтарға жауап беру.

 -    Ең үлкен темір кенін айт.

 -  Біздің еліміз темір кенінің қоры бойынша әлем елдерінің ішінде нешінші    орында?

Дәптермен жұмыс. 5 жолды өлең:

  1.  Зат есім                   Не?

  2.  Сын есім                 Қандай?

  3.  Етістік                     Не істеді ?

  4. 4 сөзден тұратын сөйлем.

  5. Мәндес сөз.

Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма. Сұрақтарға жауап беру, түсініп оқу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
733
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі