400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары «Керемет күмбез» 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал енді ғана мұғалімдік жолды бастаған жас мамандарға арналады. Бұл материал жаңа оқу бағдарламасына сай жасалған. Мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

«Андроновка бастауыш мектебі» КММ

Күні: 06.12.2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Олжабаева Балым Аманбекқызы

Сыныбы: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Керемет күмбез» «Қожа Ахмет Ясауи» кітабынан

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1- шығарма мазмұны бойынша қолдануға , бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақ қою және жауап беру.

Сабақтың мақсаты

Мәтінді дауыстап, дұрыс әрі түсініп, мәнерлеп оқу.

Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын мәтіннен таба білу. Мәтіннен нақты ақпараттарды алып, сызбаға түсіре алу.

Бағалау критерийлері

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, сұрақтар төңірегінде пікір алмасады, А.Ясауи туралы кітапта беілген деректерді айтып бере алады, сөзжұмбақ шешуге қатысады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: берілген қосымша ақпаратты қайта айтып бере алады, «күмбез» сөзінің мағынасын түсінеді, Ясауи кесенесі туралы қосымша ақпараттарды айта алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: мәтін соңында берілген сызбаны толықтыра алады, берілген қосымша мәліметтерді толықтырып, өз ойын еркін жеткізе алады.

Құндылықтарды

дарыту


Тарихи ескерткіштерге деген құрметтерін арттыру, патриоттық сезімдерін арттыру.

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы білім

«Балалық шақ», М. Жұмабаев

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы































Сабақтың ортасы







































































































































Сабақтың соңы

I Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу;

- Жаңылтпаш айтқызу

Циркте ойнар аюды

Циркаш десем, күлесің.

«Ц» әрпінен басталған

Цемент сөзін білесің.



II Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылар үй тапсырмасын өз қалауымен айтады.



III Жаңа сабақ

Мәтіналды жұмыс

Сөзжұмбақ шешкізу. Оқушылар тақтада ілінген сөзжұмбақты шешеді.

Жаңа білімді меңгерту:

Мәтінмен таныстыру

Мәтінді оқушыларға оқып беру

Жаңа сөзбен таныстыру, түсіндіру

Күмбез (парсыша төңкерілген аспан, дөңес шатыр) – жалпы жобасы шеңберленіп келген, ғимараттар мен құрылыстардың төбесін жабуда қолданылатын құрылыс заттарының бірі.

Кесене – қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш.

Мәтінді тізбектей оқыту.

Қожа Ахмет Ясауи туралы қосымша мәліметтер ұсыну.

А. Ясауи – ақы, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы. Ясауи Сайрам қаласында туып, Ясыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Ясауи деген атпен танымал. Оның әкесі – Шайхы Ибраһим сопылық жолды стаған діндар адам болыпты. (Сопылық – ислам дініндегі бір ағым. Жер-дүниедегі жанды-жансыз тіршілікті жаратқан Аллаға деген сүйіспеншілікті насихаттайтын, рухани тазалық арқылы Аллаға жақындай түсу жолын іздейтіндер.) Ұстазы – Арыстанбаб пен Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыздар тараған. Онда: Мұхаммед пайғамбар Арыстанбабқа бір түйір құрма беріп, оны Қожа Ахметке табыс етуін сұраған. Арыстанбаб сол құрманы ұртында 600 жыл сақтап жүріпті. Ясауи Арыстанбаб ұстазына деген зор құрметін өзінің «Хикметтер» кітабында баяндайды. Ахмет Ясауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұстазының сопылық ілімін Орта Азия, Анадолы – Түркияға дейін таратып алып кеткен. Ясауи 63 жасқа келгеннен кейін, Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді қажетсінбей, жер астына – қылуетке түсіп отырады. Бар уақытын діни кітаптар оқуға, шығарма жазуға арнайды. Ол дүние, байлық жинамаған, адамдарды азғындықтан сақтау жолына қызмет еткен, жаны таза адам болған.

Жазба деректерге қарағанда, кесенені салуға Әмір Темір 1397 жылы бұйрық берген. Әмір Темір ғимаратты Орта Азияда ешбір теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысы ретінде салдыруға тырысқан. Кесене биіктігі – 37 м. Екі биік күмбезді. Көрушілер орталық үлкен бөлме арқылы кесененің ішіндегі үлкенді-кішілі 35 бөлмені аралайды. Залдың ортасында 1399 жылы жасалған үлкен тайқазан тұр. Оған діни мейрам күндері тамақ жасалып, келген адамдарға тегін таратылған. Бөлмелердің ішіндегі негізгісі – кітапхана. Оңтүстік жағында үлкен ақсарай, кіші ақсарай бар. Олардың ішінде атақты адамдар жерленген. Басты бөлме – көрханада А.Ясауидің мүрдесі қойылған. Көрхананың есігі тамаша өрнектелген ағаштан жасалған. Қабірдің үстіне ашық жасыл түсті яшманың жылтыр тақта тасынан құлпытас қойылған. Кесененің сырты әйнек сырлы, құйма кірпіштермен қапталған. Кірпіштен қаланған қабырға бойы түрлі өрнектермен әшекейленген. Ал көрхананың үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған. Күмбездің барабандары айналдыра араб жазуымен өрнектеліп қаланған.

Сергіту сәті

Бетімізге жел соғады,

Тербеледі ағаштар.

Тына қалса қатты жел,

Тоғайлар биік көрінер.



Бекіту:

Мәтіннен алған ақпаратты сызбаға түсіру.

Туған жері

Оқыған жері

Ясауи деп аталу себебі

Күмбез туралы мәлімет

Кесене туралы сенің ойың



Рефлексия «Ұстазыма хат»

Оқушылар қағаз қиындыларына бүгінгі сабақтан алған әсерелерін жазады да, почта жәшігіне жазады.



Үй тапсырмасын беру

Мәтінді мазмұндау



Бағалау

Сабаққа қатысып отырған оқушыға мақтау сөздер айту және белсенді болып отырған оқушының есімін жазып алу. Сол оқушыларға смайликтер таратып беру.

А4 форматқа жазылған жаңылтпаш













Оқулық







А3 форматқа жазылған сөзжұмбақ































А. Ясауи портреті және кесенесінің суреті





















































































Оқулық















Почта жәшігі, қағаз қиындылары











Смайликтер






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
7548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі