400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Кешірім мен келісім» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарауға үйреті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы Қосарал ауылы

Жалпы білім беретін Сырым

орта мектеп-балабақша кешені

Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Сахан Гауһар Құлсарықызы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: ЖББ Сырым орта мектеп-балабақша кешені

Мерзiмі: 8.12.2017

Сынып: 4

Тақырып: №13 сабақ « Кешірім мен келісім»

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: сыйластық ,татулық, сүйеспеншілік, махаббат

Мұғалiм: Сахан Г.Қ.

Сабақ мақсаты: Кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарауға үйреті.

Міндеттері:

- Білімділік- «кешірім», «кешірімділік» туралы түсіндіру.

Дамытушылық- айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру.

Тәрбиелік-кешірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығана саяхат

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз,қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз ол жақындаған кезде дельфин екенің түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылық пен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзінді қауіпсз сезіну, су астында жүру қандай керемет. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... .. бұл орасан зор сегізаяқ су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыныз ба? Мұнда неткен тұңғиық толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
(мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады)
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жеті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер етеді. Сіз су бетіне шықтыныз, жағаға жақынданыз. Дельфинің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз. Осы түйсіңген тыныштықты өз бойынызда сақтауға тырысыңыз.

Рахмет!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Менің ең қуанышты күнім”

(эссе) оқушылардың эсселерін тындау.

ІІІ.Дәйексөз

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық” Мұхтар Әуезов

Топпен айту, мағынасын ашып түсіндіру.

Сабақ барысын талдау:

ІV.Мұғалімнің сыйы:

«Шіріген картоп»

(өсиет әңгіме)

Баяғы заманда бір кісінің балалары әркез бір-біріне өкпелеп, ренжіп жүреді екен.Ол өкпе, реніштерінің кесірінен араларында түсініспеушілік туып, отбасынан береке-бірлік кетеді. Олардың бұл әрекетіне алаңдаған әке бір күні балаларын шақырып, алып былай дейді: Балаларым, сендерге менің бір тілегім бар, дәл қазірден бастап, өздерің ренжіп, өкпелеп, жүрген адамдарды естеріңе түсіріп, олардың аттарын жеке-жеке картоптарға жазып, ол картоптарды дорбаға салып, жатсандар да, тұрсаңдар да жандарыңнан тастамай алып жүріңдер.Балалары әкесінің жұмбаққа ұқсас тілегін түсінбесе де, айтқанын орындайды.Балалардың бірінде бірнеше картоп болса, енді бірі қаптың біраз бөлігін толтырады. Осылайша балалар картоп салынған дорбаны күн сайын жатса да, тұрса да арқалап жүреді.Алайда күн артынан күн өткен сайын картоп салынған дорбаны арқалап жүру ыңғайсыз болғанымен қоймай,дорбадағы картоп шіріп, жағымсыз иіс шығара бастайды. Балаларға сасыған ауыр жүкті арқалап жүру азап болады.Олар өзара ақылдасып, әкесіне келеді.Әке, мына тапсырманызды енді одан әрі орындай алмаймыз.Картоптың ауырлығымен қоса, күн өткен сайын жағымсыз иіс шығарып, шіріп барады. Әкесі:Балаларым,мен бұл тапсырманы берген себебім сеңдердің өкпе реніштерің осы картоп сияқты екенің түсіндіргім келіп еді.Сол күннен бастап қарияның балалары айнала қоршаған ортаға, бір-біріне деген өкпе-реніштің зиянын ұғынып, әркез кешірімді болып, кешірімділіктің күшін түсініп, татту-тәтті ғұмыр кешіпті деседі.

Талқылау сұрақтары:

1.Кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?
3.Сол сәтте өздеріңе назар аударып көрдіңдер ме?
V.Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларға “Кешіре білген күшті адам” тақырыбында оқушыларға сахналау көрсетуге 3-топқа тапсырма беру.


VI.Топпен ән айту.

Мұғалім балалармен қосылып ән айтады.

«Дос болайық бәріміз»

Сөзі: Х.Талғаров.

Әні:И.Нүсіпбаев.

VII.Үй тапсырмасы:



VIII.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

-Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақта есімізге түсірейік. Бүгін сабақта алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Жайлап көздеріңізді ашсаңыздар да болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі