400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Сабақ жоспары. Киім, сән туралы мақал-мәтелдер. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімдеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тапишева Әсемгүл Өмірзаққызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Камен ЖОББМ

Бәйтерек ауданы

Батыс Қазақстан облысы



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

СЫНЫП:

7

Сабақтың тақырыбы:

Киім, сән туралы мақал мәтелдер

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.2.2.1. Бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу

7.4.5.1. Тақырып бойынша оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану (күрделі сөздер)

7.5.1.5 Етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

күрделі сөздерді дұрыс орынды қолдана алады

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

етістіктің шақтарын орынды қолданады

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

бұйрық беру формаларын қолданады

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): күрделі сөздерді дұрыс орынды қолдана алады

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): етістіктің шақтарын орынды қолданады

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): бұйрық беру формаларын қолданады

Тілдік құзіреттілік

Оқушылар: күнделікті қолданып жүрген сөздер мен сөз тіркестерін қолдана алады

Пән лексикасы және терминология:

азық, қазық, мұрат емес

Жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

кітапсыз үй, алтын қазына

Алдыңғы оқу

«Хан жарлығы» әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталау

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Дереккөздер

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу. Мақалдың сөздері арқылы

Психологиялық ахуал қалыптастыру:


Ортасы

25 минут












Тапсырма. Берілген сөздерден, мақал мәтелдерді дұрыс құрастыру. Мағынасын ашады

1.Кеңесті хан азбайды,

Кең киім тозбайды.

2.Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.

3.Ескі киімнің жылуы жок.

4.Сыпайы киімді киіп тоздырады, сараң киімді жиып тоздырады.

5.Танымаған жерде тон сыйлы, таныған жерде бой сыйлы.

6.Киім пішсең, кең піш, тарылтуың оңай.

Дескриптор:

  • Мақалдарды дұрыс табады

  • Мақалдарды оқиды

  • Мағынасын ашады

ҚShape2 Б: топтар бір бірін бағдаршам түстері арқылы бағалайды

Тапсырма. Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, «Сәнді киіне білесіз бе?» тақырыбында диалог құрастырыңыз.

Сыпайы киімді киіп тоздырады, сараң киімді жиып тоздырады.

Танымаған жерде тон сыйлы, таныған жерде бой сыйлы.

Кең киім тозбайды, кеңесші ел азбайды.

Киім пішсең, кең піш, тарылтуың оңай.

Дескриптор:

-тақырып бойынша диалогке қатысады;

-мақал-мәтелдерді орынды қолданады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктерді теріп, берілген кестені толтырыңыз. Мәтінді өткен шақта баяндаңыз. Мәтін бойынша келер шақта сұрақтар дайындаңыз.

Кез келген адамның сыртқы келбеті - рухани жан дүниесінің айнасы. Сол себептен киімді аса ұқыптылықпен , талғаммен кие білген жөн. «Адам көркі – шүберек» дейміз. Бірақ киімнің түсіне қарап та адам мінезін тануға болды екен.



Ақ түс адамның аңқаулық, пәктік , албырттық мінезін танытады. Көбінесе ақты жастар жақсы көреді. Олар өзгеге көмектесуге асығып тұратынын аңғартады.

Қызыл түс тасыған күшті білдіреді екен. Қызуқанды адам киімді осы түстен таңдайды. Олар - тез шешім шығаратындар, бір орында отырғанды қаламайды. Өмірден бәрін

үйреніп, алға ұмтылғыштар қызылға құмар.

Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар

күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Алқызыл түс - нәзіктіктің белгісі. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді.

Жасыл түсті үйлесімділікті қалайтындар ұнатады. Бұл түс үмітті білдіреді. Жасылдыжақсы көретіндер тыныштықты жаны қалайды.

Көк түсті көбінесе көпшіл, үнемі көңілді жүруге тырысып, белсенді өмір салтын ұстанатындар ұнатады. Олар жүрген ортада ұйымдастырушылық қабілетін танытады. Кез

келген ортада танымал. Дегенмен мінезі байсалды.

Күлгін түсті өзінің талғамы орныққан, ақылды екенін сыртқа білдіруге тырысатындар жақсы көреді. Олар жұмыста аса белсенді , әртістік қабілеті бар, ұжымда абыройлы болуға талпынатындар. Олар өзін ғана ойлайды.



Дескриптор



  • мәтіндегі етістіктерді теріп жазады;

  • етістік шақтарын ажыратады;

Қима қағаздар

Аяқталуы

10 минут

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

Бағалау: Блоб ағашы арқылы бағалау


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс












Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
2894
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі