Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары. Кино әлемінде. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары. Кино әлемінде. 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Астана – мәдениет пен өнер ордасы


Мектеп: №1 Затобол орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева А.З.

Сынып: 6 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Кино әлемінде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру.

А6. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру

О3.Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлығы:

  • тыңдалым мазмұның түсінеді;

  • тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттерде не бейнеленгенін айта біледі;

  • орта көлемді шығармаларды түсіне отырып, тақырыбын анықтайды.

Көптегені:

  • тыңдалым мазмұның шынайы өмірмен байланыстыра айта алады;

  • тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісін сақтай отыра әңгіме құрастырады;

  • орта көлемді шығармаларды түсініп, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Кейбірі:

  • тыңдалымды шынайы өмірмен байланыстыра ойларың жетік жеткізе біледі;

  • сюжетті суреттердің желісі бойынша мазмұнды әңгіме құрастырады;

  • шығармаларды түсінгені бойынша тақырыбы мен негізгі идеясын анықтап, өзгелерге ұтымды жеткізе алады.

Бағалау критерийі

  • тыңдалым материалдарын шынайы өмірмен байланыстырып жауап береді;

  • тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады;

  • орта көлемді шығармаларды түсінеді;

  • орта көлемді шығармалардың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

Тілдік мақсаттар


Пән лексикасы мен терминология:

Өнер, отандық, кейіпкер, киношежіре, кинематография, мультипликация, мәртебе, режисер, актер.

Диалог үшін қажетті сөз тіркестер:

Отандық кино, көркем фильм, кино туынды, кино қайраткерлер, сұранысқа ие, ер қанаты, асыл жар, бес қару.

Құндылықтарға баулу

 Кино өнерін бағалай білуге, өнерді сүюге баулу.


Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану, тарих

Алдыңғы білім


«Менің өмірбаяным» тақырыбы бойынша айтылым дағдысын дамытуға арналған «Сен бос уақытында кино көруді үнатасың ба?» атты сауалнама арқылы жаңа тақырыпқа зейіндерін бағдарлау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин















3 мин

Ұйымдастыру кезені.

Психологиялық ахуал. «Өрмекшінің торы»

- Бұл жаттығу лента арқылы ойналады. Мүғалім біреуіңе жақсы тілек айтып, лентаның ұшын лақтырады. Лентаны алған оқушы жылы сөз айтып оны келесі оқушыға лақтырады. Ойын лента ұшы біткенше жалғасады. Сонда балалар, ойын соңында бізде өрмекшінің торы пайда болады.

Мақсаты; Бұл жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” сыныптың өзара қатынастың ахуалын жақсартады. 

Сабақ алды. «Он сұрақ» әдіс

і.

Сыныптан бір оқушыны таңдалып алынады және оның маңдайына негізгі сөз «КИНО» жазылған стикер жапсырылады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

Дұрыс жауап арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Мақсаты; Сабақтың тақырыбын анықтау. Білім алушылардың зейіндерің сабаққа аударып, қызығушылықтарын ояту.

https://www.tarbie.kz/sabak/3058





















http://kitaphana.kz/ru/downloads

Сабақтың ортасы

2 мин





3 мин



















4 мин









1 мин






2 мин


























8 мин







































































4 мин






5 мин






















































3 мин

Тыңдалым алды

КИНО




Білім алушыларды тыңдалымға ынталарандыру үшін «Ой қозғар» әдісін пайдаланып, «КИНО» сөзіне ассоциограмма құрату.







Тыңдалым.

  • «Отандық кино әлемі»

  • «Әлемдік кино әлемі»

«Бірлескен сұхбат» әдісі арқылы тыңдалым материалдарының мазмұның шынайы өмірмен байланыстырып диалогтік оқыту жүргізіледі.

Тиімділігі; білім алушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; мұғалімге білім алушылардың оқыту барысында қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Тыңдалым

материалдарын

шынайы өмірмен байланыстырып

жауап береді


тыңдалым мазмұның түсінді

1

тыңдалым мазмұның түсініп, шынайы өмірмен байланыстыра алды

1

тыңдалым материалдарын шынайы өмірмен байланыстырып толық мағыналы жауап берді

1

Мысалы. Жетекші сұрақтар;

  1. Кинодан қандай тәлім-тәрбие алуға болады? 

  2. Сіздерге отандық кино ұнай ма әлде шетелдік кино ұнай ма? 

  3. Отандық кино туындылар туралы қандай пікірдесіздер?

Ұнайтын, ұнамайтын тұстары қандай?

  1. Отандық киноның мәртебесін қалай көтеруге болады?

СЕРГІТУ СӘТІ.

Айтылым

Тыңдалымды тыңдау барысында, сұрақтарға жауап беру барсында «кино әлеміне» қатысты естіген жаңа сөздерді келесі тапсырмамызға тірек сөздер ретінде алып қолданамыз.

Мысалы.Тірек сөздер

Өнер, кинематография, көркем шығарма, тарих, жазушы, режиссер, кейіпкер, көркем фильм, деректі кино, мультипликациялық фильм, киношежіре, жетістіктері, үлес қосты, оқиға.

Осы тірек сөздерге сүйене отырып, айтылым дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырманы «Ментальді карта» әдісі бойынша орындаймыз.

Тиімділігі: Білім алушылардың өз ойларын жеткізуге септігін тигізетін. Ментальді картаның жасау шарты — білім алушылар белгілі бір тақырыпқа қатысты сөздер мен сөйлемдерді байланыстыра отыра торды өрбітеді. Содан соң сол тордың дамуы бойынша суреттерді сөйлетіп, сюжетті суреттердің желісі бойынша

мазмұнды әңгіме құрастырады. Бұл білім алушының «сөйлей алмаймын» деген қорқыныш сезімдерінен арылуға септігін тигізеді және сөйлеу тізбегінен ажырамай кідірістердің аз болуын қамтамасыз етеді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Сюжетті суреттердің желісі бойынша мазмұнды әңгіме құрастырады


тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттерде не бейнеленгенін айта білді

1


тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісін сақтай отыра әңгіме құрастырды

1

сюжетті суреттердің желісі бойынша мазмұнды әңгіме құра алды

1



2 3
























































































































1







5 4


Білім алушылар төрт-төрттен жұмыс жасайды. Бірақ олар топ құрамайды, жеке жұмыс жасайды. Слайдта сюжетті суреттер ұсынылады. Білім алушылар сағат тілімен тапсырманы орындайды.

Мысалы,

1 білім алушының әрекеті: 1 суретке тақырып қояды, 2 сурет бойынша екі сын есім айтады.

2 білім алушының әрекеті: 2-3 суреттерте бейнеленген үш құндылық айтады.

3 білім алушының әрекеті: 3-4 суреттердің астарлы ойын сипаттап, тұжырым жасайды. (мақал-мәтелмен немесе нақыл сөз арқылы).

4 білім алушының әрекеті: өзінің алдындағы 3 білім алушының мәліметтерін біріктіріп жинақтай отырып, суреттер желісі бойынша шағын әңгіме құрастырады. Жазған әңгімелерін сынып алдында таныстырады.

Оқылым. Топтық жұмыс.

Топқа бөлу. «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Білім алушылар кассадан билеттер алып, 1,2,3 кинозалдарына бөлініп отырады.

Әр топқа кино туралы орта көлемді мәтіндер ұсынылады. Білім алушылар 1 мәтінді топтың ішінде өзара талқылап, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.Тапсырманы орындау барысында «Өкіл» әдісі қолданылады. Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіру үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі.

Мақсаты:

Білім алушыларды белсенді өзара талқылауға, бірін-бірі тыңдауға, қауым алдында сөйлеуге және өзара байланысты болуға дағдыландырады.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Орта көлемді шығармаларды түсініп, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды

орта көлемді шығармаларды түсіне отырып, тақырыбын анықтады

1

орта көлемді шығармаларды түсініп, тақырыбы мен негізгі ойды тапты

1

шығармаларды түсінгені бойынша тақырыбы мен негізгі идеясын анықтап, өзгелерге ұтымды жеткізе алды

1

Тапсырманы орындау барысында төмендегі критериялар мен дескрипторға назар аударып, жұмыстарын тиянақтылау қажет.



1 топ – мәтіннің тақырыбы мен негізін ауызша ашады.

2 топ – мәтіннің тақырыбы мен негізін хронологиялық карта арқылы ашады.

3 топ – мәтіннің тақырыбы мен негізін постер немесе сурет арқылы ашады.

Мәтін. 1 топқа

Кино - көп өнердің бір түрі, киноматографияның техникалық негізінде қалыптасқан көркем шығарманың түрі. Кино-әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін және қазігі аудиовизиялық мәдениеттің техникалық жетістіктерін ұтымды пайдаланатын көп салалы өнердің түрі. 
Кино туындысын, яғни фильмді жасауға әртүрлі мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодрамматург, режиссер, актер, оператор,суретші, композитот,продюссер,каскадер, экономист, менеджер т.б. қатысады. 
Кино өнерінің салалары: көркем фильм, деректі кино, мультипликациялық фильм, ғылыми-көпшілік кино.

Мәтін. 2 топқа

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірлді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік «Востокфильм» кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы «Соңғы хабар» атты киножурнал шығарып тұрды. Режиссер В. А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі саналатын – Түркістан – Сібір темір жол магистрінің құрылысы жайлы «Түрксіб» атты деректі фильмін қойды. 1934 жылы Алматыда «Кеңестік Қазақстан» киножурналын үзбей шығарып тұратын Республикалық киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. «Ленфильм» студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен «Амангелді» (1938ж. Реж.М. З. Левин) көркемфильмін жасады. Қазақ көркем фильмінің тарихы осы туындыдан басталды. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеуіне әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда бірігіп, «Біріккен орталық киностудия» деген атпен өзінің қызметін бастады. 


Мәтін. 3 топқа

Кино өнері - өте күрделі, хал-жағдайы аумалы-төкпелі екені баршамызға аян. Бүгін де киноға басты керегі - қаржы. Қаржы болмай, фильм тумайды. Қазіргі кезде кезегін күтіп жүрген талантты режиссер-сценаристер көп, бірақ олардың түсіретін ақшасы болмайды немесе жетіспейді. Десек те, үлкен сұранысқа ие болып, елімізді әлемге танытып жатқан кинолар да туындап жатыр. «Көшпенділерден» оза түсіріп, қазақ елінің киноға деген көзқарасына тың серпін әкеліп, талай жүрекке орныққан режиссер Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» фильмі көптің көзайымы болды. Қыруар қаржы жұмсалған «Жау жүрек мың бала» фильмі еліміздің тарихын, қазақ жауынгерлерінің монғолдармен соғысын суреттеді. Фильм Голливудтың «Оскардан» үміткерлерінің қатарына енді. Мұнан кейінгі «Аңшы бала», «Шал» фильмдерін де халық жылы қабылдады. Әрине, кемшіліксіз ешнәрсе болмайтыны ақиқат, бұл фильмдердің кемшілігін санамалап жатқандар да жоқ емес. Алайда, бір жылдың ішінде түсірілген бұл фильмдердің барлығы 2012 жылғы қазақ елінің кино қоржынын молайтты. Бұлардың барлығы дерлік көрермен көңілін жаулап, талай кинотеатрлардың ең сәтті премьераларының тарихына қосылды. Жыл сайын қазақтың кино қоржыны осындай фильдермен толықса еліміздің киноиндустриясы жоғары деңгейге көтеріледі деген ойдамын.


Топтық өзара бағалау. «Жетістік баспалдағы»

Әр топтың «Жетістік баспалдағы» тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар стикерлерін өздері қалаған баспалдаққа орналастырады, яғни өзге топтың орындаған жұмыстарын бағалайды. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

Тиімділігі

Тoппен жұмыс іcтеу кезінде cыныптаcтарын бaғалау оқыту үдеріcін жақcарту үшін және де жұмыcтарының cапасына қатыcтыруы және oны қалай жақcартуды ұғынуынa көмeктеcуі тиіс. Сыныптacтарын бaғaлау балaлaрғa бір-бірінe құнды кeрі байлaныc ұcынуға мүмкіндік бeреді. Оcылaйша, олaр бір-бірінен үйрeнеді және бірін-бірі қoлдайды.

Өте жақсы түсіндім

Жақсы түсіндім

Түсіндім

Аздап түсіндім

Түсінбедім

http://engime.org/saba-bastaldi-oj-ozfau-edisi.html





https://www.youtube.com/watch?v=FWksaJRn2Wg

https://www.youtube.com/watch?v=6dipBaODphs





























https://www.youtube.com/watch?v=hexOj8LqKZA











http://bilimger.kz/306-2/





























































































































































https://kk.wikipedia.org/wiki



http://old.el.kz/blogs/entry/content-1697















































































https://www.metod-kopilka.ru/zhaa-dis-tsilder-75559.html

























Сабақтың соңы

1 мин



































4 мин


Бағалау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Тыңдалым

материалдарын

шынайы өмірмен байланыстырып

жауап береді


тыңдалым мазмұның түсінді


тыңдалым мазмұның түсініп, шынайы өмірмен байланыстыра алды


тыңдалым материалдарын шынайы өмірмен байланыстырып толық мағыналы жауап берді


Сюжетті суреттердің желісі бойынша мазмұнды әңгіме құрастырады


тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттерде не бейнеленгенін айта білді


тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісін сақтай отыра әңгіме құрастырды


сюжетті суреттердің желісі бойынша мазмұнды әңгіме құра алды


Орта көлемді шығармаларды түсініп, тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды

орта көлемді шығармаларды түсіне отырып, тақырыбын анықтады


орта көлемді шығармаларды түсініп, тақырыбы мен негізгі ойды тапты


шығармаларды түсінгені бойынша тақырыбы мен негізгі идеясын анықтап, өзгелерге ұтымды жеткізе алды






Рефлексия «3-2-1» стратегиясы


Рефлексия жасау үшін дайын құрылым беріледі, оқушылар бүгінгі өзінің әрекетіне талдау жасайды. Сол арқылы мұғалім бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстарын анықтай алады.

  1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

  2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

  3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.















































https://www.metod-kopilka.ru/zhaa-dis-tsilder-75559.html

Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, тапсырмалар спиральді қағидат бойынша күрделеніп отырады, «Ой қозғар», «Бірлескен сұхбат», «Ментальді карта» әдістері арқылы қолдау көрсетіп отырамын.

Білім алушылардың тақырып бойынша материалды игеру деңгейі критериялар мен дескриптолар арқылы бақылауды жоспарлап отырмын және де

-өзара қалыптастырушы бағалау «Жетістік баспалдағы»

  • рефлексия

«3-2-1» стратегиясы арқылы.

Денсаулық сақтау техно-

логиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары өлшемді, қолжетімді және де келісілген болды.

Барлық білім алушылар оқу мақсатына қол жеткізе алды, себебі тапсырмалар саралануы дұрыс жоспарланып, сабақта оқушылардың бұған дейін меңгерген біліміне жүгіне отырып, оқуды жалғастыруға және мәтіндегі ақпаратты лайықты түрде пайдалануға уәждеу орын алады. Сабақта айтылым алды кезеңінде, оқушылар мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын сюжетті суреттер арқылы аша алады. Сонымен қатар, сабақта оқылым кезінде және оқығаннан кейінгі жұмыс та құрылымдалды.

Жоспарлауымда тақырыпқа шығу барысында - «Ой қозғар», «Бірлескен сұхбат» әдістері, оқушылардың тыңдалым дағдысын дамыту кезеңдерінде, білімдерін бақылауда, кері байланыста –белсенді оқыту әдістері орын алды.

Оқушылар оқу мақсатына жетпеген жағдай орын алса, ол уақытты тиімді пайдалана алмауынан деп ойлаймын.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болады, өйткені оқушылар мұғалімнен көмек күтуі орын алып, өз беттерімен топтық жұмысты бірден ұйымдастыра алмауы әбден ықтимал.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Сабақ барысында балалардың тыңдалым дағдысын қалыптастыру бағытындағы «Ой қозғар», «Бірлескен сұхбат» әдістері.

2:«Ментальді карта» әдісі білім алушылардың өз ойларын жеткізуге септігін тигізді.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Саралау әдістерін әр қарай жетілдіру білім алушыларға оқу мақсаттарына жетуге ықпал етер еді.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Білім алушылардың мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып әлі де саралау әдістерін тереңірек зерттеуге назар аудару қажет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
5017
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12