400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Кітап-білім көзі" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні бойынша 3-сыныптарға өтілген сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін Б . Мұратбайқызы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _№51

Күні: __10.10.2018 ж

№: 6

Мұғалімі: Исаева Эльмира Маратқызы

Сыныбы: 3г

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Кітап – білім көзі.

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға кітап- білім көзі екенін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Ескерту

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №5 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №6, «Қайнар» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Имантай би бааларының кітап оқуын қалай тексеретін еді?

2. Атасы Қанышқа «Оқығаныңды көкейіңе тоқуың да керек» деп неліктен айтты?

3. Кітап оқу Қанышты қандай әсерге бөледі?

4. Кітар оқудың қандай пайдасы бар?

5. Өзің қандай кітап оқып жүрсің?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған.

                                                                     Ы. Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Сұрақтар:

1. Білім адамға не үшін қажет?
2.
Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай күйде боласың?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Қарқын

Қ.Толыбаев


Бір күні тал түсте демалу үшін үлкен ағаштың көлеңкесіне жиналып отырған бір топ адамдардың үстіне Әбунасыр келіп қалады да:

– Жұмыстарың қарқынды болсын, жігіттер! – деген тілек айтады. Данышпан ғұламадан жақсы сөз, жылы лебіз естіп, құштарланған жігітердің біреуі:

–

Әбу Насыр Әл-Фараби. (870 - 950 ж. )

Шын аты –Махмұт.

Мәртебелі ұстаз, – дейді зор ілтипатпен. Бізге анықтап түсіндіріп беріңізші, қарқын деген не?

– Әбунасыр көлеңкеге тоқтап, малдас құрып отырады да, әлгі жігіттердің бетіне күле қарап, жауап қайырады: Қарқын – адамның жасаған әрекетінің нәтижелі болуы үшін өзінің күш-қайратын іркімей жұмсап талпынуы.

– Ал әрекет неден пайда болады?

– Әрекет – білуге құштарлықтың, білімді болудың түп қазығы. Адам өз әрекетінің нәтижесіне тек білім арқылы жете алады.

Отырғандар ғұламаның сөзі көкейлеріне қонғандай, ойға шомып қалысты.


  • Әбунасырдан жігіттер не жайлы сұрады?

  • Қарқын дегенді қалай түсінесіңдер?Оны қайда және қандай іске жұмсау керек?

  • Ойлаған мақсаттарыңа жету үшін не істер едіңдер?

  • Сендер өз қарқындарың мен мақсаттарыңды қандай істерге жұмсайсыңдар?



  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Білімділер»

2 – топ: «Алғырлар»

3 – топ: «Зеректілер»

Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар.
1. Оқу – білім …,
Білім – өмір …

2. Оқу… құдық қазғандай.
3. Білімдіге дүние …
Оқымасаң … жоқ.
4. Білекті … жығар,
Білімді … жығар.

Керекті сөздер: бұлағы, бірді, инемен, шырағы, жарық, мыңды, білім.


6. Топпен ән айту.

«Ұстазым»әні

1.Әліппеден басталған,

Келгенімді мектепке.

Ұстаз маған жол ашқан,

Оқу ,білім,өнерге.

Асығамын мектепке,

Көңілім бар қуанған.

Бақыттымын бүгін мен,

Ұстазыма ұқсаған.

Қайырмасы:

Ұстазым ағайым,ұстазым апайым

Үлгілі шәкіртің болайын.

Анамдай,әкемдей ұстазым,ұстазым

Өзіңе арналған осы


6. Үй тапсырмасы.

1. №6 – сабақ.5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №7, «Кел, балалар оқылық!» өлеңіноқып келу.


7. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
869
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі