жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Кітапханалар"
|
Сабақ: Ірі кітапханалар Ұлттық кітапхана |
Мектеп: С.Бердіқұлов атындағы ОМ МДШО |
||||||||
|
Күні: 21. 12.2017 |
Мұғалімнің есімі: Мамбетназарова З,К |
||||||||
|
Сынып: 5 сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) оқу бағдарламасына сілтеме: |
Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру. О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау. А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау. Оқушыларды кітапханамен таныстыру. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету. |
||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Барлық оқушылар: |
||||||||
|
Мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады |
|||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||||||
|
презентация бойынша берілген сұрақтарды адам бойындағы қасиеттермен байланыстыра отырып дәлелді түрде жауап береді |
|||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||||||
|
Диалогты сауатты құра алады |
|||||||||
|
Бағалау критерийі: |
берілген сұрақтарды түсінеді; сұрақтарға дұрыс жауап береді; тірек сөздерді қолданады; шағын диалогке түсе алады; ортақ ой, шешім шығара алады; |
||||||||
|
Ойлау деңгейлерінің дағдылары: |
Түсіну. Мәтін мазмұнын түсінеді. Қолдану. Лексикалық минимумды тілде орынды қолданады. |
||||||||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: Кітапхананың қажеттілігін түсінеді, тақырып бойынша өзінің жетекші сұрақтарға нақты жауап береді. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Өнер, білім, басылым, рухани байлық.,, Диалог құруға, мәтін жазуға арналған пайдалы тіркестер: Менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешеу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,.......оқушылар орындай алады: Талқылауға арналған сұрақтар: Дүние жүзіндегі алып кітапханалар туралы не білесіңдер? |
||||||||
|
Құндылықтарға баулу: |
Адамгершілік, адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалау, білім, ғылымға деген құштарлық және оны бағалау. |
||||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих |
||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
|
||||||||
|
Алдыңғы оқу: |
Еліміздегі және әлемдегі алып кітапханалар жайлы біліп келу.. |
||||||||
|
Жоспар |
|||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
|||||||
|
Басталуы 3 минут 5 минут |
. I.Ұйымдастыру кезеңі.. Психологиялық ахуал қалыптастыру: -Салем достым! (амандасады) -Сен қалайсың? (иықтарынан қағады) -Қайда болдың? (құлақтарынан тартады) -Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды) -Сен келдің! (қолдарын жаяды) -Жақсы болды!(құшақтайды) Шаттық шеңбері «Мен саған тілеймін...»оқушылар жылы лебіздерін тілейді. 2. Кезекші мәліметімен бөлісу 3.Зейіндерін сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» ойыны
арқылы сұрақтар қойып, сұраймын. Өткентақырыптарды қайталау«Ыстық
орындыққа» отыратын оқушы қораптағы Дискриптор.Өткен тақырып туралы өз ойларын айта алады. Сұрақтарға жауап береді. Қызығушылықтарын ояту. -Ендеше балалар сендер еліміздегі ірі кітапханалар туралы білесіңдер ме? -Әлемдегі ірі кітапханалар жайлы білесіңдер ме? -Олар туралы естулерің барма? Есітіп білмесеңдер, бүгінгі сабақта білетін боламыз. |
|
|||||||
|
Ортасы 3 минут 15 минут 5 минут 2минут |
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін оқушыларға айтып түсіндіру. Жаңа сабақ. Ірі кітапханалар Қызығушылықтарын ояту. 1-тапсырма. Оқушылар сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Әлемдегі ірі кітапханалар қайда орналасқан деп ойлайсыңдар ? 2. Ірі кітапханаларда болып көрдіңдер ме? Онда балалар ,біз қазір кітапханаға саяхат жасайық. Кітапханаға саяхат /5- сынып оқушыларына арналған кітапханаға экскурсия/ (Қолында қызыл сөмкесі бар кітапханашы(мұғалім) сыныпқа кіреді). Кітапханашы: Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Мен сендерді қызықты саяхатқа шақыру үшін келдім. Балалар сендер біздің мектебімізде қандай қызықты жерлер бар екенін білетін шығарсыңдар?! Оқушылар: Акт залы, спорт зал, асхана... және т.б. Кітапханашы: Дұрыс айтасыңдар, сендер ол жерлерде болдыңдар. Ал мен сендерді одан да қызықты, сендер әлі бармаған жерге саяхатқа шақырамын. Ол қай жер деп ойлайсыңдар? Мүмкін біреулерің білетін шығарсыңдар? Оқушылар: Кітапхана. Кітапханашы: Балалар, кім біледі кітапхана деген не және ол не үшін керек? Оқушылар: Кітапханада әртүрлі кітаптар, журналдар сақталады. Оларды алып қарауға және оқуға болады. (Балалар жауап бергенше кітапханашы қолындағы сөмкеден «Кілт сақтаушысын» алып шығады) Кітапханашы: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ал ендеше кеттік, кітапхананың кілті менің көмекшім. (Балалар сынып жетекшісімен және кітапханашымен бірге сыртында «Кітапхана» деген жазуы бар, есігінде қызыл лента байланған есіктің алдына келеді). Кітапханашы: Мінекей балалар, біз келдік. Қане бірге оқып көрейікші. Не деп жазылып тұр екен? (Балалар хормен оқып шығады).Кітапхана Балалар кітапхана деген не екенін есімізге түсірейікші. «Кітапхана» деген сөз «кітап» және «хана» деген екі сөздің қосындысынан тұрады, яғни кітап сақтаушы орын дегенді білдіреді. Балалар, кітаптар үйіне хош келдіңдер! Ой, біз кіре алмаймыз ғой. Мына лентаны көріп тұрсыңдар ма? Бүгін сендер үшін кітапхананың ашылу күні және сендер бірінші құрметті қонақтарысыңдар. Сондықтан, салтанатты түрде лентаны кесуіміз керек. Балалар менің сендерге арнаған тапсырмам бар екен. Кім дұрыс жауап берсе сол кітапхананың есігін ашады.
Ақылың болса аттама. /кітап/
Тосын-тосын әріпке. Суреттері көзіңді, Табындырар... /әліппе/
Шығарсың биік белеңге. /білім/ (Кітапханашы қайшы салынған табақты алып, жұмбақтардың жауабын дұрыс тапқан оқушыға салтанатты түрде лентаны кесу мәртебесі беріледі. Лента кесілгеннен кейін балаларға кітапхананың есігі ашылады). Кітапханашы: Кімнің үйінде көп кітап бар? Кімде кітап сөрелері немесе кітап шкафтары бар? Кімде жеке кітап бөлмесі бар? Біздің кітапханамызда кітаптар ашық стеллаждарда орналасқан. Балалар біздің кітапханамызда қанша кітап бар деп ойлайсыңдар. (Балалардың жауабы). Кітапханашы: Қазір мен сендерге бір құпияның сырын ашамын. Кітапханадағы әрбір кітаптың өз құжаты болады. Сендердің ата-аналарыңда қандай құжаттар мар? Онда не жазылған? Оқушылар: Жеке құжат, жүргізуші куәлігі. Кітапханашы: Міне, кітаптардың да «каталогтық картатека» деген өз құжаттары бар. Қалай ойлайсыңдар, онда не жазылады? Біз кітап туралы не білуіміз керек? Оқушылар: Онда кітаптың атауы мен авторы жазылу керек. Кітапханашы: Дұрыс айтасыңдар, каталогтық карточкада сондай-ақ кітаптың қай жылы, қайда басылып шыққаны туралы жазылады. Карточкаларды қарап шығыңдар. (Балаларға каталогтық карточкалар таратылады. Олар кітаптың авторы мен атауын, сондай-ақ, қай жылы қайда басылып шыққанын дауыстап оқып шығады). Кітапханашы: Бұл карточкалар арнайы жәшіктерде сақталады. Жәшіктерді жылжытып карточкаларды қарап шығуларыңа болады. Бізге керек карточканы қалай тауып алуға болады? Біз бұл кітаптардың қайда тұратынын қайдан білеміз? (Балалар өз жауаптарын ұсынады). Оқушылар: Спорт, дене шынықтыру туралы. Кітапханашы: Дұрыс айтасыңдар. Енді назарларыңды мына сөреге аударыңдар. Мұнда балаларға арналған кітаптар орналасқан. Олар тақырып бойынша орналастырылмаған. Сендерге тағы бір кітапханалық құпияны ашайын. Мына бөлгіштер не үшін деп ойлайсыңдар? Онда не жазылған? Оқушылар: Әріптер. Кітапханашы: Кітапханада кітаптар әріп бойынша, яғни автордың фамилиясының алғашқы әрібі бойынша орналасады. Тексеріп көрейікші. Әліпбидегі алғашқы және соңғы әріп естеріңде шығар. Оқушылар: «А» және «Я» Кітапханашы: Ендеше Бердібек Соқпақбаевтің кітабын тауып көрейік. Қай әріптен іздеуге болады? Оқушылар: «С» әрібінен. Кітапханашы: Жарайсыңдар! Ал енді кітапхананың қолдану ережесімен танысайық:
Оқырмандар міндетті:
Кітап қоғамдық меншік. Ол көп жылдар бойы қызмет ету керек. Сондықтан:
Кітапханашы: Балалар көрмеге қараңдаршы (кітапханашы балаларға арналған көрмені көрсетеді). Қалай ойлайсыңдар бұл көрме кімдерге арналған? (Балалардың жауабы) Кітапханашы: Сендердің сыныптарыңда кітап бұрышы барма? Ол кімге арналған? Балалар сендер 2-ші сәуір әйгілі ертегі жазушысы Ганс Хрестиан Андрсенның туған күні, сонымен қатар, Дүниежүзілік балалар кітабы күні екенін білесіңдерме? Балар кітапханада осы жазушының кітабын тауып көрейікші. Ең алдымен каталогтық карточканы ал сондан кейін сөреден кітапты іздейміз. (оқушылар кітапты іздейді). Кітапханашы:Балалар сендер ертегіні жақсы көресіндер ме? Ендеше сендермен сайысайық. 1 айналым. «Ұтқыр болсаң, тауып көр...» Сайыстың шарты: Оқушыларға ертегіден үзінді беріледі. Жүргізуші үзіндіні оқи отырып, сұрақпен таныстырады. Әр топқа 3 сұрақтан. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Топ басшысы сұраққа кім жауап беретінін әр сұрақ сайын таныстырып отырады. Жауап бере алмаған жағдайда көк жалаушаны бірінші болып көтерген топ жауап беру құқығына ие болады.
Сұрақ: Үзінді қай ертегіден? Шаруалардан бұлай айтуын кім сұрайды? Ертегінің бұлай аталу себебін түсіндіріңдер. (Етік киген мысық).
– Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, хал-жағдайын біліп қайтшы, - дейді. Қызы: – Жарайды, анашым, апарып берейін, - деп бәліш пен май салынған себетті алады. Сұрақ: Үзінді қай ертегіден? Басты кейіпкері кім? Ертегінің мазмұнына қысқаша тоқтал. (Қызыл телпек).
Сұрақ: Үзінді қай ертегіден? Басты кейіпкері кім? Қыз кімнің үйіне келеді? Оқиға әрі қарай қалай жалғасады? (Алтын шашты қыз бен үш аю). 2 айналым. «Құпия сандық» Келесі айналым – «Құпия сандық» деп аталады. Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін айтуларың керек. Көк жалаушаны бірінші болып көтерген топ жауап береді. Әр дүрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Дұрыс жауаптан соң экранда кейіпкердің суреті көрсетіледі.
Қашып кеткен ападан, Орманда кеше жүр едім, Домалап шықты алдымнан (Бауырсақ)
Айы туды оңынан, Жын шығады керемет, Сиқырлы оның шамынан. (Алладин)
Бір қыз бопты ертеде, Тыңдамаған мысықты, Салыпты ғой әлекке. (Мақта қыз бен мысық)
Епті бала болыпты, Багира, Балу достары Шерхан оның қас жауы.(Маугли)
Жалғыз өзі барады, Апасына қартайған, Дәмін салып алады. (Қызыл телпек) (Сайыс соңында әділқазы мүшелері ұпай саны жоғары топты «Ертегі білгірлері» деп жариялайды). Кітапханашы: Бүгін ертегіні шын сүйетін жандармен шын жарыс өтті. Бәйгеде оза шапқан топты шын жүректен құттықтаймыз. Сау-саламатта болыңыздар
Кітапханашы: Қандай ақылды баласыңдар! Кітапханаға бірінші келіп тұрсыңдар, ал кітапты тез тауып алдыңдар. Сендер кітапханаға әлі көп келесіңдер. Егер кітап керек болса сендерге кітапхананың есігі әрдайым ашық. Сау болыңдар балалар! Кітапхана бір кездері адамның зияткерлік прогрессін білдіретін орын болған. Кітапханалар кең құлаш жайылып салынып, оларға қаражат аялмаған. Уақыт өткенімен олардың кейбіреулері әліде үлкен әсер қалдырады. Қазіргі заман кітапханалырының азы ғана олармен бәсекелес бола алады. Төменде әлемдегі ең таңғажайып, ең әдемі кітапханалардың топтамасын ұсынамыз. Тамашалаңыз! 2-тапсырма. Әр суретке жазбаша сұрақ дайындаңдар. Диалог құру.
3-тапсырма. Оқылым Жазылым. Болымды етістікке жұрнақтар жалғап, болымсыз етістікке айналдыру. Мысалы: пайда болған –апайда болған емес Сергіту сәті. 2 минут Дискриптор. Оқушылар мәтінді оқи алады. Мәтіндегі ақпарат көздерін таба алады. Диаграмма жасай алады. Жаңа сөздерді аудара алады.. |
Оқулық |
|||||||
|
Аяқталуы 3 минут 4минут |
Жұптық жұмыс. 5-тапсырма. Айтылым. Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексер. (Ауызша ) Дискриптор. Оқушылар ақпараттың дұрыс - бұрыстығын біледі . Сөйлемге сұрақтар қоя алады. Бағалау критерийлері бойынша оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» Үйге тапсырма.6 -тапсырма. 124 бет. |
|
|||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері: |
|||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралаушаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде Үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||
|
|
|||||||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||||||
|
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: |
|||||||||
сұрақтардың ішінен
қалауы бойынша төрт сұрақты (екі де екі) таңдап, жауап
береді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген