Сабақ жоспары
Тақырып:
Клиникалық
психология
Модуль /пән
атауы: «Мейіргерлік істегі психология негіздері және
коммуникативтік дағдылар»
Дайындаған
педагог: Ахматалиева Ш
Күні : 2021 жылғы "24"
қараша
1.Жалпы
мәліметтер Курс:
2 Топ : Мб-212/3 Сабақ
типі: тәжрибелік
2. Мақсаты,
міндеттер:
1. Білімділік: Студенттерге клиникалық психология туралы
түсінік беру.
2. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту адамгершілік
қасиеттерін дамыту, өзбетінше жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Адам жан-дүниесі жайлі білім, біліктерін
молайту, ой-өрісін, сөйлеу тілін
дамыту.
3. Сабақты
жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық
әдебиеттер: М.А. Асимов, С.А. Нұрмағамбетова, Ю. В. Игнатьев
«Коммуникативтік дағдылар»
оқулық
3.2
Техникалық құралдар,
материалдар: Лекция материалы, оқулық, плакт,
кесте.
4.
Сабақтыңбарысы: Ұйымдастыру кезеңі: Студенттерді түгелдеу, сабаққа
даярлау. Сабақты баяндау
Алғашқы қауымдағы ад-ң арасында психикалық аурулар болды
деген болжам жасалған. Көне Грек және Рим мифологиясында Спарта
патшасы Клеоманның өз-өзін кескілеп өлтіруі. Сирия патшасы
Свенденның өгей шешесіне ғашық болу себебінен депрессивтік
жағд.болуы. көне заманның дәрігерлері бірнеше психологиялық
көріністер туралы жазады. «Мания», «меланхолия», «эпилепсия»
терминдері солардан қалған
атаулар.
Аутизм — (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден
оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі
көңіл- күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі
эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге
тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін
енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады.
Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де
мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады.
Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр
ортасында тәрбиеленуі қажет.Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың
ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын
білдіреді.
Деперсонализация(лат. de жоққа шығару, лат. persona —
тұлға) - өзінің сана-сезімін өзгерту.өзінің « менін» қабылдамау.
Өзінің дене мүшесін қабылдамау. Ол жағдайда адамда өзінің
сана-сезімін жоғалтқан сезімі туады және жақындарына, жұмысына,
қатысты эмоционалдық жақындықтың болмауына қатысты уайымдайды.
Психикалық тұрғыдан сау адамдарда қатты жүк түскенде
деперсонализация жеңіл түрі байқалады. Ұзақ уақыт бойы бұл күйді
кешсе суйцидке алып келеді
Эксперимент( лат. experіmentum – сынама, тәжірибе),
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын
өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен
қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік
береді.Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың
көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге
болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың
қалыптасу жылдамдығы.Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі
эксперимент қолданылады.Олар зертханалық (лабораториялық) және
табиғи де п аталады.
Агнозия — заттарды, дыбыстарды қабылдаудағы қиындық. ми
сыңарларының локалды зақымдануы салдарынан адамның бұрын көргенін,
естігенін, түйсінгенін қайтадан тани алмауы. Агнозия келесі
түрлерін ажыратады:визуалды Агнозия көз откірлігінің сақталуының
өзінде объектілерді, заттар мен олардың кескіндерін тұтас тани
алмау, оларды бөлшектей алмау;тактилді Агнозия— заттар мен
объектілерді сипап үстауда оларды тани алмау немесе өз денесінің
локустарын танудың бұзышуы. соматоагиозия деп аталатын дене
құрылымы жөнінде аберрациялық, бұрмаланған түсінік;кеңістіктік
Агнозия— заттар мен олардың кескіндерін қабьшдаудың сақталуында
адамдардың түрлерін тани алмау;есту Агнозия— естудің фонематикалық
қасиеттерінін, яғни сөйлеудегі дыбыстарды ажыратудың
бұзылуы;әріптік Агнозия— оқудың бұзылу түрлерінің бірінің негізінде
жататын Агнозия түрі;симультандық Агнозия— бір мезгідде қабылда-
натын заттар мен құбылыстардың санының құрт
азаюы.
Қояншық
(эпилепсия)— (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын),
қояншық – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі.Эпилепсияны
белгілеріне қарай ұзақ уақыт идиопат. (генуинді) және симптомат.
деп бөлген. Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ
еңбектерінде “қасиетті ауру” деген атпен, әр түрлі себептермен
туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина
ұстамалы аурудың клиник. көріністері мен емін толық сипаттап
жазған. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен
танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді.
Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби
құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми
шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан
(менингит, арахноидит, арахноэнцефалит), т.б. жағдайлардан
болады.
5. Сабақ бойынша
рефлексия: Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен
тапсырмалар) 1.Аутизм дегеніміз не? 2.Қояншық ауруы
не
6.Үй
тапсырмасы: Глоссари. Аутизм Депорсонализация Агнозия туралы түсінік
жазу
Оқытушының қолы
_____________________
«Мектепке дейінгі тәрбие» пән
бірлестігінің төрайымы: ______________