400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Көбейту және бөлу 46*20, 920:20" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жарияланып отырған материял бастауыш сынып мұғалімдері мен бітіруші студенттерге керек. материялда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 98 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Сыныбы: 4 «Ә»

Пәні: математика

Бастауыш сынып мұғалімі: Журабекова А.

Өтілетін күні: 12.12.2017ж.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Көбейту және бөлу. 46 * 20, 920 : 20

Мақсаты

Оқушыларды санды көбейтіндіге көбейту және бөлу тәсілдерін түсіндіру. Жазбаша көбейту мен бөлу дағдыларын қалыптастыра отырып алғырлыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, өз бетімен жүйелі қорытынды жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау белсенділігін дамыту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдысын ұқтыру, ұйымшылдыққа, жолдастық көмек көрсетуге баулу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар нөлдерге аяқталатын сандармен көбейту және бөлу тәсілдерін меңгереді, есептерді шығарады

Сабақтың модульдері

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Көрнекілік-тер

көбейту және бөлуге арналған карточкалар, т. б карточкалар.

Сабақтың кезеңдері мен уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Қолданыла-тын ресурстар

Ұйымдасты-ру кезеңі

Оқушыларды түгелдеу

Оқу құралдарының дайындығын тексеру

Оқушылар белсене қатысады, оқу құралдарын түгендейді

Оқу құралдары


Психология-лық ахуал

Пайдасы тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.

Кілең бестік аламыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Топқа бірігу үшін мен сендерге мына фишка беремін. Қолдарыңа қандай түсті фишка тиеді, сондай түспен партаға келіп отырамыз. Бағалау парақшасымен таныстыру; Мен сіздерге бағалау парақшасын беремін, сол бойынша өздеріңді бағалап отырасыңдар.

Оқушылар шеңберде жиналады

Шеңбер

Үй тапсырма-сын тексеру

№ 9 есеп, 125-бет

Оқушылар жазған есептерін оқиды, талдайды

Оқулық

Дәптер

Қызығушы-лықты ояту

«Кім жылдам?» ойыны

  1. Автобус 45 км/сағ жылдамдықпен 90 км жол жүрді. Ол қанша уақыт жолда болды? t=90 км : 45 км/сағ = 2 сағ

  2. Жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ. Ол 2 сағатта қанша қашықтықты жүріп өтеді? s= 5 км/сағ • 2 сағ = 10 км

  3. Велосипедші 48 км жүруі тиіс. Осы қашықтықты 2 сағатта жүріп өту үшін ол қандай жылдамдықпен жүруі керек? v= 48 км : 2 сағ = 24 км/сағ

  4. 80 мен 60-тың көбейтіндісі неге тең? 400 бен 25-тің бөліндісі неге тең? 23 пен 20-ның көбейтіндісі неге тең?

Мағынаны тану

Көркем жазу: 4 6 2 0

- Ал, балалар, осы сандардан қандай екі таңбалы сан құрастыруға болады?

- Осы 46 және 20 сандарынан өрнек құрастыр.

Оқушы: 46 • 20

- Мұны, бекер сұрап отырған жоқпын. Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Оқушы: Бүгін біз екі таңбалы санды көбейту және бөлуді өтеміз.

Мұғалім: Дұрыс, бүгінгі сабақтың тақырыбы: көбейту және бөлу 46 • 20, 920: 20.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы насихаттай отырып, математикалық білімімізді тексереміз.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру.

Жаңа сабақ

«Аударыс

пақ» ойыны.



« Қыз қуу» ойыны.







«Ақ сүйек» ойыны.









«Арқан тартыс» ойыны

1. Топпен жұмыс (тақтада орындау).


1-тапсырма. Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу тәсілін түсіндір:

46•20=46•(2•10)=46•2•10=92•10=920

920:20=920:(10•2)=920:10:2=92:2=46


2-тапсырма. Түсіндіре отырып, ауызша есептеп шығар:

І топ ІІ топ ІІІ топ

27 • 30 = 17 • 50 = 16 • 60 =

810 : 30 = 850 : 50 = 960 : 60 =

23 • 40 = 12 • 80 = 11 • 90 =

920 : 40 = 960 : 80 = 990 : 90 =


Дәптермен жұмыс

2. Өзбетімен жұмыс. 4-тапсырма.

І топ ІІ топ ІІІ топ

86 • 90 = 1440: 40 = 4680 : 60 =

36 • 40 = 78 • 60 = 2040 : 30 =

7740 : 90 = 68 • 30 = 56 • 70 =


5- тапсырма. Есепті шығар.

Шешуі: 520•2= 1040( км)

520 + 1040 = 1560(км)

Жауабы: Екі қаланың арақашықтығы 1560 км


VIII.Қалдықпен бөлуді орындау. 7-тапсырма (1, 2, 3 топтар).

7749 : 90 7759 : 90 7770 : 90


IX. Өрнекте, көрсет! 8-тапсырма (1,2,3 топтар)

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Белді бекем буайық

Оң қолыңды сол жаққа

Сол қолыңды оң жаққа

Шеңбер жасап бұлғайық

Жақсылап бір байқа да

Бес алты рет қайтала

Оқушылар сергіп алады, шаршағандары басылады





Ой толғаныс «Тоғызқұ

малақ» ойыны

9-тапсырма. Теңдеулерді шешу.

Х+ 150 • 3=1080 х•(16:8)= 80

Х+ 450=1080 х• 2=80

х=1080-450 х= 80:2

х=630 х=40

630+150•3=1080 40•(16:8)=80

1080=1080 80=80

Жауабы: 630 Жауабы: 40


Үйге тапсырма

№6, 126-бет. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. Оқушылар күнделіктеріне жазады.

Күнделіктеріне жазып алады

Оқулық

Күнделік

Бағалау

Бағалау парақшасымен жұмыс.Бағалау парақшасын толтырады.

Күнделіктеріне жазып алады

Күнделік

Рефлексия








ДОІЖО:________________

12.12.2017ж



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
633
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі