400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Көбелектер биі" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық қиялын, көркемдік талғамының дамуына ықпал ету,декоративтік сарынды меңгерту;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні

Бейнелеу өнері

Сыныбы

3 «б»

Уақыты

12. 05. 2012ж

Сабақтың тақырыбы

Көбелектер биі

Құзыреттілікке жеткізетін мақсат- міндеттер:

а) ақпараттық құзыреттілік:


ә)коммуникативтік құзыреттілік:

б) проблеманы шешу құзыреттілігі:





Оқушылардың шығармашылық қиялын, көркемдік талғамының дамуына ықпал ету,декоративтік сарынды меңгерту;



Ден қою мен бақылау қабілетін дамыту;


Саусақ қимылдарын жетілдіру, қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білуге, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды хабарлау

Сабақтың әдісі

Ауызша, көрнекілік,

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар

Ынтымақтастық, түсіндірмелі-илльюстративті

Пәнаралық байланыс

Еңбекке баулу, дүниетану

Оқыту құралдары

Сурет дәптер парақтары, акварель, қылқалам, су құятын шағын ыдыс, гель қалам.


Сабақ барысы

Мұғалім қызметі

Оқушы қызметі

Күтілетін нәтиже

І Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздерме, балалар! Отырыңыздар.

-Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?

-Құрал жабдықтарымыз түгел ме?

-Ендеше сабағымызды бастайық.

- Амандасады;

- Отырады;


- Ия;


- Ия:

-Сабаққа әзірленеді.

Оқушылардың зейіні сабаққа ауады, қарым-қатынас орнайды.

ІІ. Жаңа материалды хабарлау

Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Көбелектер биі».

Балалармен бірге жаз, жазғы табиғат туралы фотосуреттер мен көшірмелерді қарай отырып, сендер серуендегенде немесе табиғатқа экскурсия жасаған кезде қандай қызықты жайттардың куәсі болған едіңіздер?

Күн, жасыл желек жамылған ағаштар, гүлденген дала мен ұшып–қонған әдемі көбелектер. Жазғы табиғат картинасы, міне, осындай. Адамдар көбелек сұлулығы мен әсемдігіне қашанда таңырқай қарайды. Олар туралы ертегілер мен аңыздар әлемінің барлық халықтарында бар. Біздің ата-бабаларымыздың көбелек туралы танымы өмір, жан, махаббат, бақыт деген түсініктермен байланысып жатыр.

Ендіше, балалар көбелек туралы ертегі құрастыруды немесе өздеріңіз білетін ертегіні айтып берулеріңізге болады. Біз әңгімелесе отырып болашақ суретімізді – көгалда ұшып жүрген көбелек бейнесін қалыптастырамыз.

  • Жаңа материалмен танысады.




- Назарларын сабаққа аударады.













Оқушылар өздері білетін ертегілер туралы айтып отырады.





Оқушылардың білім деңгейлері толығады, жаңа материалды толық меңгереді.






Әртүрлі көбелектер туралы мәлімет алады.

ІІІ. Машықтық кезең

Ал, енді балалар суреттерімізді саламыз.

Суреттегі көбелектің бейнесіне назар аударамыз. Оның дене құрылымындағы ерекшеліктерге ден өоямыз. Ол симметриялы, яғни, оң және сол жақ бөліктері бірдей орналасқан. Ендіше балалар сурет салудың ережесіне назар аударамыз:

  • Көбелектің суретін салған кезде алдымен ортадағы сызықты жүргіземіз, содан соң жәндіктің сұлбасынжасаймыз.



  • Енді қанатындағы түрлі фигуралар мен өрнектерін саламыз. Оларды әрқайсысы тұйық пішіндес болып келеді және оны түспен бояу оңай. Көбелектің дене құрылымын өрнектің шетімен байланыстыруға тырысамыз.

  • Жиегі көмкерілген суретті бояуға кірісеміз, алдымен ең ашық түстен бастап, күңгірт түсті бояумен аяқтаймыз.

  • Балалар түстердің жиектерін кескіндеп болғаннан кейін, ішкі сызықтың үстінен қара гель қаламмен жүргізіп шығамыз. Дайын сурет мозаика пішіндес болып шығады.

Міне, оқушылар енді сурет салуға кірісе берулеріңізге болады.


Оқушылардың барлығы жұмыстанады.Суреттерін салады.



О қушылар өздері әкелген құрал – жабдықтарымен суретті салып бастайды.









Балалар жұмысы.






Өз беттерімен жұмыстанады. Қызығушылықтары оянады. Шығармашылықтары артады.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Салып болған суреттерімізді көрсетеміз. Содан кейін мен сіздерді бағалаймын.

Көрсетеді.


Бағаланады.

Оқушылардың белсенділігі, қызығушылығы байқалады.

Ү. Үйге тапсырма

  • Суретті аяқтау

  • Оқушылар күнделіктерін ашып, тапсырманы жазып, түсінбеген сұрақтарын сұрап алады.

Оқушылар берілген тапсырманы үйден орындайды.

ҮІ. Бағалау

  • Оқушыларды мадақтап, тиісті бағаларын қоямын.

- Сау болыңыздар

  • Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

- Сау болыңыз.

Оқушылардың сабаққа қатысқаны бойынша бағалануы олардың қызығушылығын арттырады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
1584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі