Материалдар / Сабақ жоспары «Көкөністер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары «Көкөністер»

Материал туралы қысқаша түсінік
2 әртүрліпішінді (сопақша, дөңгелек) және 2 әртүрлікөлемді (сөздікнұсқаубойыншаүлкен, кішкентай) заттардытаңдаудыжүзегеасырып, заттардыкөлемі мен пішінінеқарайтоптастыруғаүйретудіжалғастыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2022
733
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: 16.09.2021

Топ: «Бүлдіршін» 1-кіші топ

Білім беру саласы: Таным

Тақырыбы: «Көкөністер»

Мақсаты: дөңгелекті сопақшадан ажырата білуге, қияр – сопақша, қызанақ - дөңгелек;

Міндеттері:

Білімділік: 2 әртүрлі пішінді (сопақша, дөңгелек) және 2 әртүрлі көлемді (сөздік нұсқау бойынша үлкен, кішкентай) заттарды таңдауды жүзеге асырып, заттарды көлемі мен пішініне қарай топтастыруға үйретуді жалғастыру;

Дамытушылық: ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бір түсі үлгіқалып (30*20 см); пішіні және өлшемі бойынша дөңгелек пен сопақшаға (әр балаға) сәйкес болатын диаметрі 4 см дөңгелек шеңбер) және сопақша (сопақша диамтрі 2*4 см) ойықтар; бір үлгіқалыпта; балаға салу үшін 3 дөңгелек пен 3 сопақша сәйкес келеді, 3 сопақша және 3 дөңгелек қиынды; Ойынға арналған жинақ: «көкөністер» қияр (10 дана), қызанақ (10 дана).

Сөздік жұмыс: сопақ, дөңгелек.


Мотивациялық – қозғаушылық



Ойындық жағдаят.
Педагог балаларды көжек пен қонжыққа қонаққа баруға шақырады.

-Оларға біз не сыйлаймыз? – Мен көжек қиярды ұнататынын, ал қонжық қызанақты жақсы көретінін білемін.


Балалар аңдарға қонаққа бармақшы болып шешеді.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Қараңдаршы, міне қиярлар   және қызанақтар  . Көжегіміз бен қонжықты тамақтандырайық.

-Балалар, қолдарыңа ойыншық көкөністерді алыңдар: қызанақтар қызыл, әрі домалақ. Ал қиярлар жасыл, сопақша.

Педагог үстелге көжек пен қонжықты отырғызады, әрқайсысының алдына тәрелке қойып, былай деп ескертеді:

-Көжекке – қияр, қожыққа – қызанақ.

Көжек пен қонжық дәмді сыйлықтар үшін алғыс айтып , бірге ойнауды ұсынады.

Сөздік жұмыс: сопақ, дөңгелек.

Балалармен жұмыс жүргізеді. «Көкөністерді жасырып қой!» дидактикалық ойыны.

Педагог қосымша қатты қағаздарды көрсетеді.

-Бұл – қызанақтар (дөңгелектер), ал мынау – қиярлар (сопақша).

Сәйкес келетін ойықтарға саламыз:

«Көкөністер тығылды!» (Қосымша қатты қағаздар үлгіқалып түсімен бірдей болып шықты).

Балалар тексере қарайды: бір қолынан екінші қолына ауыстырады, саусақпен шеттерін жүргізеді, алақандарында қысады.

Балалар кезекпен ойыншық көкөністерді тәрелкеге салады. Көжекке қияр, қонжыққа қызанақ береді.

Сопақ, дөңгелек сөздерін қайталайды.

Ойындық әрекет үрдісінде балалар көкөністер атауын қайталайды.



Рефлексиялық-

түзетушілік

-Балалар, қарандар, көжек пен қонжық не істеп жатыр екен?

Көрініс: аңдар көкөністерді жеп, бір-бірін е сыйлап және балаларға алғыстарын айтады.

Балалар көжекпен, қонжықпен қоштасады..

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: дөңгелікті және сопақша пішіндер болатынды.

Түсінеді: толықтырушы заттармен жұмыс жасау дағдысын.

Қолданады: 2 жаңа фигураны (сопақ және дөңгелек) және көкөністердің атауын және олардың түстерін,



Есеп ___Бүгін мен балаларга коконістер туралы өте пайдалы кеңестер айттым. Көкөністер туралы таныстырдым, жіне айтып көрсеттім. Сондай ак балаларга уй тапсырмасына бақшаға шығып корулеріне кеңес бердым



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!