Материалдар / Сабақ жоспары Көкөністерді алғашқы өңдеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Көкөністерді алғашқы өңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары "Көкөністерді алғашқы өңдеу"
Авторы:
11 Қараша 2023
425
11 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Шонжы политехникалық колледжі» МКҚК

Оқу сабағының жоспары №1



Курс

1

Топ №103

Дата: 13.11.2023



Модуль атауы:

КМ 01 Түрлі әдістерді қолдана отырып, азықтарға алғашқы және жылумен аспаздық өңдеу жүргізу.

Оқытушының аты-жөні:

Абилбекова Маржан Абилбекқызы

Сабақтың тақырыбы:

Аспаздың жеке бас гигиенасы. Көкөністерді тураудың қарапайым және күрделі түрі. Көкөністерді турауға арналған құралдар.


Сабақтың мақсаты:


S – Аспаздың жеке бас гигиенасын, көкөністерді тураудың түрлерін меңгеру;

M – Көкөністерді турауға арналған құралдарды игеру;

A – Алғашқы өңдеуді өңдей отырып,техникалық қауіпсіздік ережесін білу;

R – Алғашқы өңдеуді өңдей отырып,техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай алады;

T – 260 мин ішінде көкөністерді өңдеу,шикізаттарды сорттау,іріктеу және тексеру Алғашқы өңдеуді өңдей отырып,техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай алады.


Күтілетін нәтиже:

  •  Студенттер қауіпсіздік ережесімен жұмыс істейді.

  • Көкөністерді алғашқы өңдеу туралы білім алады.

  • Санитарлық гигиеналық ұстанымды ұстайды.




Сабақ барысы

Сабақтың барысы

Оқытушының іс - әрекеті

Білім алушының іс – әрекеті

Бағалау

Ресурсы

Ұйымдастыру бөлімі

(5- минут)





Студенттермен сәлемдесу, журнал бойынша түгендеу. Студенттердің сыртқы келбетін бағалау, санитарлық киімнің болуы.

Кезекшінің есебі студенттер сабаққа дайындығын көрсетеді.



Журнал қалам

Сабақтың басы

(40-минут)

Білім алушыларды сабаққа дайындау






Сабақтың мақсаты, міндеті жайлы түсіндірме.

Өндірістік оқыту шеберінің көкөністерді өңдеу туралы мәліметі.

Көкөністерді механикалық және аспаздық өңдеу кезектесіп келетін: сұрыптау (іріктеу), жуу, тазалау, турау технологиялық әрекеттерден тұрады.

  • Сұрыптау- мөлшеріне қарай іріктеу, механикалық өңдеу кезінде керексіз шығынды азайтады, белгілі бір тағамды дайындауда көкөністі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сапасы мен мөлшеріне қарай бөлу жұмыстары жүргізіледі.

  • Жуу – көкөністерді жуу машиналарымен немесе қолмен топырақ, құм қалдықтарынан тазарту әрекеті.

  • Тазарту – көкөністердің қабығынан қолмен немесе көкөніс тазалағыш машиналардың көмегімен тазарту.

  • Турау – тағам дайындау технологиясына қарай көкөністерді біркелкі турау, кесу.

Көкөністерді механикалық және аспаздық өңдеуден өткізу көкөніс цехында іске асырылады.

Көкөністерді механикалық және аспаздық өңдеуден өткеннен кейін дайындалу тағамына байланысты турайды. Тураудың екі түрі бар жай және күрделі.

Топқа бөлу. Технологиялық картамен бөлу. (салат рецепті) «Аристократ және Нәзік» топтары Технологиялық карта: Аристократ салаты: 400 гр Нәзік салаты 400 гр Көкөністерді алу арқылы топқа бөліну

Аристократ салаты: Қияр 100гр Қызанақ130гр Сары болгар бұрыш 30 гр Қызыл болгар бұрыш 30 гр Аджика 1қас Сұйық май 30 гр Корнишоны 80 гр Көк пияз Кинза Тұз Қара бұрыш

Нәзік салаты: Тұздалған саңырауқұлақ 100гр Жұмыртқа 50 гр (2 дана) Қияр 50 гр Сәбіз 50гр Картоп 80 гр Пияз 30 гр Майонез 40гр Тұз Ас көк Қара бұрыш дәміне қарай.

Тағам өнімдерін өңдеу үдерістерінің жіктелуі.Өткен тақырыпты бекіту мақсатында «Кубизм» әдісі. Сұрақ:Сорттау,майдалау,араластыру,көпіршіту,тығыздау,мөлшерлеу өңдеудің қай үрдісі? Жауап:Механикалық өңдеу үрдісі. Сұрақ:Етті жұмсартудың ең кең тараған түрі? Жауап:Маринад әдісі. Сұрақ:Гидромеханикалық үрдістер дегеніміз? Жауап:Жуу,ылғалдау,сүзу,тұндыру. Сұрақ:Жартылай фабрикат дегеніміз? Жауап:Аспаздық толық дайындыққа жетпеген,бірақ өңдеудің бірнеше кезеңіннен өткен,әр қарай өңделетін тағамдар мен аспаздық бұйымдар. Сұрақ:Шикі зат дегеніміз? Жауап:Тағам дайындауға арналған өнімдер. Сұрақ:Жылумен өңдеу түрлерін атаңыз? Жауап:Қайнату.қуыру,бұқтыру және ашық отта пісіру. Сұрақ:Дайын аспаздық өнім? Жауап:Жылыту,сыбағалау және әсемдеу сияқты аздаған көмекші өңдеуді қажет ететін аспаздық дайындыққа толық жеткізілген тағамдық өнімдер немесе ас өнімдер жинағы. Сұрақ:Алғашқы өңдеу дегеніміз? Жауап:Азық-түлікті жуып тазарту,ішіндегі жеге келмейтіндеріннен тазарту. Сұрақ:Биохимиялық үрдіс дегеніміз? Жауап:Қышқылдану,ашыту үрдістері жатады. Сұрақ:Тағам дегеніміз? Жауап:Аспаздық дайындыққа дейінгі әр адамға арналған үлестірме әсемдеу жасалған және пайдалануға толықтай жеткізілген тамақтық өнімдер жиынтығы. 2. Миға шабуыл әдісімен жаңа тақырыпты хабарлау. Сабақтың мақсатымен таныстыру 3.Жаңа сабақты түсіндіру.СТО «Қызығушылығын ояту»видеоролик.Топтарға тапсырма көрсетілген видеоролик бойынша 3 сұрақ құру,жауап беру.




Білім алушылар аудиторияға қарап, мұқият тыңдып, жазып отыр.



Көкөністерді өңдеу туралы сұрақтарға жауап береді



  https://learningapps.org/display?v=pzx5hnykn23



Білім алушылар Кубизм арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.





Видео арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.



https://learningapps.org/display?v=p5yb18n2n23





Экран, проектор,

Ноутбук, презентация

Видео сабақ-

https://www.youtube.com/watch?v=wLNBngZqZIM


Сабақтың ортасы

( 210-минут)




1.Білім алушыларды тексеру және жұмыстың барысын түсіндіру. Берілген көкөністердің алғашқы өңдеу кезеңін тексеру және салаттың дайындалу барысын қадағалау.

2.Жұмыс барысын тексеру.


3.Жұмыстың барысын дұрыс ұйымдастырылып орындалуын тексеру.


4.Нәтижелі жұмыс орындалуын сұрақтар арқылы тексеру.

Сұрақтар:

-Жұмыс орнын ұйымдастыру;

-Тазалықты тексеру;



Фишбоун әдісі арқылы көкөністерді механикалық өңдеуді талқылаңыз, көз-қарасыңызды жеткізіңіз

Дескриптор:

- ойларын түсіндереді, қорытынды жасап дәлелдейді


Білім алушылар өндірістік оқыту шеберін мұқият тыңдап отыр.

Білім алушылар қолды санитарлық өңдеуден өткізеді, жұмыс орнын ұйымдастырады;

Көкөністер мен керек тағамдарды дайындайды.

Көкөністерді турап салатты технологиялық карта арқылы жасап бастады. Қойылған сұрақтарға ауызша жауап береді.


Көкөністерді механикалық өңдеуді талқылайды






Технологиялық карта, пышақ, тақтайша, таразы ыдыс, қасық.

Сабақтың соңы

( 20 - мин)


 түзету, бағалау.

Үй тапсырмасы туралы хабардар ету






Қорытынды: Берілген азық-түліктерден салаттар дайындайды және қорғау.

Бағалау:Өндірістік оқыту шебері үздік жұмысты анықтайды.

Рефлексия: бүгінгі тақырып бойынша кері байланысты "рефлекция Пирамидасы"арқылы кері байланыс беру




Қауіпсіздік ережесін сақтау. Технологиялық карта бойынша салаттың жасалу жолы туралы айтып береді.


Кері байланыс берді











































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!