400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Сабақ жоспары "Көлеммен де бейнелеуге болады" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәнінің мұғаліміне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: "Көлеммен де бейнелеуге болады"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Өнердің мына түрлері бойынша алғашқы көркемдік жұмыс дағдысына әдеттену: кескіндеме, графика,сәулет,дизайн,алғашқы мүсін сәндік- қолданбалы өнер

Дамытушылық мақсаты: Өзіндік байқағыштық және тану қабілеттіліктерін дамыту, табиғаттағы эстетикалық құбылыстарға деген сезімдік ықыластық және адамның іс-әрекеті

Тәрбиелік мақсаты: Мүмкіндігіне қарай көркемдік материалдардың мәнерлілігін меңгеру;

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Кіріспе әңгіме.

Көлем дегеніміз не? Көлем кеңістікте орын алады, оны жан-жағынан қарауға болады. Мынау ұсақ тас - бұл көлем. Егер Бейнелеу Шебері жан-жағынан қараса, оның неге ұқсағанын бірден ойлайды. Бейнелеу Шебері "Не неменеге ұқсас" ойынын ойнағанды жақсы көреді. Ең басты көркемдік шебердік: — поэтикалық теңеу таба білу (метафора негізі) екен.

Балалар аңдар мен орман ғажайыптарына ұқсайтын тырбиған ағаш пен бұтақтарды, тамаша бұлттарды көргендерін ықыласпен еске алады. Әлдекімде таң қаларлықтай тастар жинағы бар және т. б. Осы жерде қиял мен байқампаздықты дамытамыз.

Бейнелеу Шебері (оқулық, 25-6.) тағы бірде әр түсті ұсақ тастардын неге айналғысы келетіне көмектескені туралы ертегісін әңгімелейді.

Мұғалім (Бейнелеу Шебері) сыныпта пластилинмен жасап көрсетеді: жануардың мойнын немесе құйрығын жасайды.

Бірақ жұмыс жекелеген детальдардың бірігуінен емес, бүтін кесектен басталады. Балалар образды тұтас көлемде көру, пішінін дамытып және айқындап үйренуі керек.

Ұсақ тас туралы ертегі сабақтың кездейсоқ сәні емес, жұмыстың дұрыс жүруін оқыту.

Ұсақтастар ертегісінде оларға жата беру жалықтырса, құстар сияқты ұшып та кетеді, бірақ балаларға үнемі тірі ұсақ тастар, мысалы тасбақа немесе қояндар болып көрінеді. Олар қуанып, аңдармен одан әрі ұзақ ойнайды. Бейнелеу сюжетінін өзгеруі қосымша сабақта пайдаланылуы мүмкін.

Практикалық сабақ. "Кесек пластилин неге айналады" тақырыбына жабыстыру.

Материалдар: пластилин, стектер, қатты қағаз, шүберек.

Көрермендік қатар: мәнерлі пішіндегі табиғат көлемі слайдтары (оқулык, 24 -25-бет.), С. Конёнков, С. Эрьзя ағаш туындылары, мүсін туындылары.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Үйге тапсырма: көлемді заттар (мысалы, картөп және басқа жемістер, ормандағы немесе парктегі ағаш, т. б.) неменеге ұқсайтынын ойлау.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.12.2017
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі