400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: «Көмекшілер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Топ: 12

Тәрбиеші: Абилова А.Ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы:«Көмекшілер»

Міндеттері: Т.М.Еңбекке тәрбиелеу

Б.М.Сұрақ-жауап арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.

Д.М.Заттарды топтастыруға,оларды атай білуге(ыдыс-аяқтар-қасық-шанышқы,кесе-тостаған т.б.)үйрету.

Сөздік жұмыс: ыдыс – аяқ, қасық, шанышқы, пышақ.

Үштілдік компоненет: ыдыс – аяқ – посуда – dishes , қасық – ложка – spoon, шанышқы – вилка – fork

Керекті құрал – жабдықтар: ыдыс – аяқтың суреттері.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларды шеңберге шақырады.

Шаттық шеңбер:

Дос болып біз жүрейік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша

Міне, тұрмыз жараса.

(Х. Талғаров)

Қонаққа аспаз келеді (аспаз ойыншық). Ол өзінің көмекшілерін іздеп жүргенін айтады.

  • Балалар, аспаздың көмекшілері нелер деп ойлайсыңдар?

Жарты шеңберде тұрады

Жарты шеңберге кілем үстіне отырады. Қызыға, мұқият тындайды.

Қуана қарсы алады.

Әр баланың өз ойы.

Ұйымдастырушылық– ізденушілік

  • Мен сендерге бір әңгіме оқып берім келеді.

«Көмекшілер» әңгімесін оқу

Оқылған әңгіменің мазмұнын көмекші, бағыттаушы сұрақтар қоя отырып айтқызады.

Әңгімені қайта оқи отырып, мазмұнын балаларға айтқызады.

Демонстрациялық көрнекілікті көрсету.

  • Балалар, ас ішерде дастарқанды кім дайындайды?

  • Сендер үйде қайтіп көмектесесіңдер?

  • Ал, суреттегі бала үстелге нені қоюды ұмытып кетті?

  • Топта сендер көмекші апайға көмектесесіңдер ме?

  • Қалай көмектесесіңдер?

Жұмбақ жасырады:

Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турайды ол.

(Пышақ)

  • Ыдыс – аяқтарға – қасық, шанышқы, кесе, тәрелке жатады.

Сөздік жұмысы:

Тыныс алу жаттығуы.

Кеспелерге (қағаздан қиылған) «уф – уф – уф » деп үрлеуді көрсетеді.

Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма – жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иілем де қол созам

Аяғымның ұшына.

Бір! Екі! Бір! Екі!

(С. Қалиұлы)

- Енді осы сөздерді басқа тілдерде де айтып көрейікші: ыдыс – аяқ – посуда – dishes (дишс) , қасық – ложка – spoon (спун), шанышқы – вилка – fork (фок)

«Заттың атын ата» дидактикалық ойыны.

Шарты: суреттегі ыдыс – аяқтардың атын атату.

Жеке жұмысты қажет ететін балаларға сұрақ – жауап әдісі арқылы әңгімелесуге тарту.

Мұқият тыңдайды.

Әңгіменің мазмұнын айтады.

  • Анамыз, апайларымыз дайындайды.

  • Нанның ыдысын алып береміз, майлық, қасық қоямыз.

  • Иә көмектесеміз.

  • Қасықтарды қоямыз, жинаймыз.

  • Пышақ.

  • Қасық.

Тыныс алу жаттығуын орындайды, алдарындағы кеспелерге үрлейді.

Қимылдарын келтіріп, сергіту сәтін орындайды.

Үш тілдегі баламаларын айтып, қайталап, есте сақтауға тырысады.

Суреттегі ыдыс – аяқтардың атын атайды, не үшін керек екенін өз тәжірибелері бойынша айтып береді.

Рефлексивті– түзетушілік

Қорытынды:

Әр балаға суреттер ұсынады.

«Жылы сөз» шеңбері

Жүректен шыққан жылы сөз,

Жүрекке барып жетедi.

Жылы сөзден дос жүрегi,

Мейiрiмге толып кетедi

Үйде ата – аналарымен өзіне ұнайтын бір ыдыстың суретін салып келуге тапсырма береді.

Мақтап, мадақтайды.

Әркім өз суреті бойынша ыдыстар туралы айтып береді.

Барлығы бірге қосылып айтады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 сәуір
639
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі