400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Компьютер қалай жұмыс істейді?" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жасалған. Жас мамандарға көмекші ретінде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Бексейіт орта мектебі

А-бөлім. Компьютер және мен


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Балағанов Е.Б


Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Компьютер қалай жұмыс істейді?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

6.1.1.2-компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін түсіндіру

6.1.2.1-операциялық жүйенің негізгі міндеттерін атап өту.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: дербес компьютердің негізігі құрылғыларын атау,

операциялық жүйелердің өзіндік міндеттері көрсету.

Көпшілігі: компьютердің негізігі құрылғыларыныңпринципін талдау.

Кейбіреуі: файлды көшіруге қажетті іс-әрекет алгоритмін мәтіндік процессорда жазу.

Бағалау критерийі

Компьютердің негізгі құрылғыларын атайды.
Операциялық жүйенің өзіндік белгілерін көрсетеді. Компьютер мен операциялық жүйенің байланысының маңыздылығын талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Windows, unix, шина, магистраль, микропроцессор

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

Операциялық жүйенің ........бар. Компьютердің негізгі құрылғылары.......... Компьютер мен операциялық жүйе арасында ........ болады.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім болу.

Пəнаралық байланыс

Тарих – дербес компьютерлердің даму кезеңдері.

Физика – компьютер құрылғыларының байланысы.

Алдыңғы білім

Процессор мен қатқыл дискінің қызметін қарапайым түрде біледі, осы құрылғылардың басқа құрылғылардан маңыздылығын сипаттайды.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут








Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Ширату жаттығулары.

«Күлкі сыйла» ойыны.

Мақсаты: сыныпта ынтымақтастық оқуға бағытталған ахуал орнату.

Оқушылар қағазға күлімдеген смайлик салып бір-біріне, содан соң мұғалімге сыйлайды.

Топқа бөлу.

Геометриялық фигуралар арқылы бөлу әдісі. Алдыңғы білімді тексеру.

«Дамыту ережелері» әдісі.

Мақсаты: Компьютердің даму кезеңдерін жылдармен және терминдермен сәйкестендіру.

Логикалық ойлауды дамыту әдісі. Үш сөз берілген, алдыңғы екеуі бір-бірімен мағыналық қарым-қатынаста. Үшінші сөзбен осындай қарым-қатынасқа түсетін төртінші сөзді табу керек.

Сұрақтар:

1946-1960 – І буын

=

ІІ буын - ?

ІІ буын – транзистор

=

ІІІ буын -?

CD диск, флешка – микросхема

=

перфокарта-?

1970-1980 – IV буын

=

V буын -?


Қалыптастырушы бағалау: «Сыныптастарды бағалау» әдісі

Мақсаты: Оқушылар критерийлерге байланысты бірін-бірі бағалау. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзге оқушылардың көзқарасына құрметпен қарау.

Түрлі-түсті фломастерлар, қиылған ақ қағаздар.





Геометриялық фигуралар.










Үлестірме карточкалар.

Слайд.

Сабақтың ортасы
25 минут

Жаңа білім.

Сынып жұмысы.

Тапсырма 1.

«Сәйкестендіру» әдісі.

Мақсаты: Компьютердің құрылғыларын сәйкестендіру, оқушылардың түсіну деңгейін анықтау, олардың оқу мақсаттарына жеткендігін анықтау

Саралау тәсілі: дереккөздер, диалог және қолдау көрсету.

Бағалау критерийі: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын атайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну,қолдану.

Тапсырма.

Компьютердің негізгі құрылғыларын сәйкестендіріңіз.

Берілген құрылғылардың арасынан шығару және енгізу құрылғыларын топтаңыз.


Дескриптор

Негізгі құрылғыларды сәйкестендіреді.

Енгізу құрылғыларын атайды.

Шығару құрылғыларын табады.

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау.


Тапсырма 2.

«Ой қозғау» әдісі

Мақсаты: Оқушыларды білімді шығармашылық деңгейде қолдана білуге бағыттау.

Саралау тәсілі: тапсырма, дереккөздер, қарқын.

Бағалау критерийі: Операциялық жүйелердің өзіндік белгілерін көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:білу, түсіну, қолдану.

Тапсырма:

1. Кестеде берілген суреттерге қарап операциялық жүйенің атын анықта.

2. Көпміндетті операциялық жүйелерді тап және олардың өзіне тән ерешеліктерін ата.

3. Көпқолданушы операциялық жүйені айқындап ерекшеліктерін сипатта.

4. Ең көп қолданатын операциялық жүйені көрсетіп, оның себебін тұжырымда.

5. Графикалық интерфейсі бар операциялық жүйелерді анықтаңыз.


1





2





3





4





5





Дескриптор

Операциялық жүйелерді атады.

Жүйенің көпміндеттілік қасиетіне анықтама берді.

Көпқолданушы операциялық жүйелерді ерекшелеп оларды сипаттады.

Әлемде ең көп қолданылатын операциялық жүйені атап, неліктен екенін дәлелдеді.

Графикалық және графикалық емес операциялық жүйелердің айырмашылығын білді.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі.

Мақсаты: Мадақтау және тілек білдіру арқылы топтардың бір-бірін бағалату.Өзін-өзі бағалау машықтарын жетілдіру.


Физминутка

Көзге арналған жаттығу
Мақсаты:
Балалардың денсауылығын сақтау, және компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік сақтау дағдыларын қалыптастыру.


Тапсырма 3

«Жүйріктер» әдісі.

Мақсаты: оқушыларды топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, бірлескен оқу дағдыларын қалыптастыру.

Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету, жіктеу.

Бағалау критерийі: компьютердің негізігі құрылғыларының бір-бірімен байланысу принципін талдайды.

Тапсырма:

Компьютер құрылғылары жазылған қағаз қиындыларын постер бетіне ретімен орнат. Құрылғылардың байланысу принциптерін сызба арқылы көрсет.

Дескриптор:

Қиындыларды байланысу ретімен орналастырды.

Құрылғылардың өзара байланысын сызба арқылы көрсетті.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі

Мақсаты:Оқушылардың берілген тапсырманы орындау соңында алған білімдерінің деңгейін анықтау, оқушылардың сабақта белсенділігін арттыру.



https://learningapps.org/display?v=phkqp6t5318

интерактивтік жаттығулар































Операциялық жүйе суреттері қойылған кесте. Слайд.










































https://www.youtube.com/watch?v=6TAzTd2FKxM

жаттығулар




Постер, фломастер, клей.





























Бағдаршамның түстері бойынша қиындылар

Қызыл

Сары

Жасыл

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды.

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» әдісі.

Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер





Мақсаты: Өткен тақырып бойынша алған білімдерін анықтау, функционалды сауаттылығын айқындау, рефлексия жүргізу.

Үйге тапсырма.

Ғаламторды пайдаланып компьютердің кәсіби құрылғылардың атауын іздеу. Сирек қолданылатын операциялық жүйелерді және мобильдік операциялық жүйелерді атау.

Карточка, ғаламтор. Кері байланыс парағы


Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың тиімді оқыту және оқу мақсатына жету үшін мен тапсырма орындау барысында дереккөз, қарқын, қорытынды, диалог және қолдау, тапсырма саралау тәсілдерін қолданып отырмын.

Тапсырмаларымда дереккөздер саралау тәсілі арқылы оқушыларға электронды дереккөздерді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беремін. Оқушылардың алған білімдеріне сәйкес http://learningapps.org сайтында алдын-ала дайындалған жауаптары жазылған тапсырмалар беріп диалог және қолдау көрсету тәсілін қолданамын.

Екінші тапсырмада күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаландым. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмалардың жауаптары дәлелді қажет ететін тапсырмалар беремін.

Сабақ барысында постер құруға топтарға бөлемін. Топқа бөлу кезінде аралас гендерлік топтар құра отырып жіктеу тәсілін қолданамын. Жұмыс барысында оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіп ынталандырып отырамын.


«Сыныптастарды бағалау» әдісі

Мақсаты: Оқушылар критерийлерге байланысты бірін-бірі бағалау. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзге оқушылардың көзқарасына құрметпен қарау.

«Бас бармақ» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі.

Мақсаты: Мадақтау және тілек білдіру арқылы топтардың бір-бірін бағалату. Өзін-өзі бағалау машықтарын жетілдіру.

«Бағдаршам» әдісі

Мақсаты:Оқушылардың берілген тапсырманы орындау соңында алған білімдерінің деңгейін анықтау, оқушылардың сабақта белсенділігін арттыру.

Сабақтың басында оқушылармен қауіпсіздік техникасы инструктажын өткізіп, «Қауіпсіздік техникасы» журналына қол қойдыру.

Қауіпсіз ғаламтор ережелерін сақтау.

Сабақтың ортасында көз талғанда жасайтын жаттығуды өткізу.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
2297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі