400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары "Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер" 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән Информатика сынып 8 Күні 16.11.16 ж.

сабақ №: 10

Тақырып: Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер

Мақсат: Оқушыларды компьютердің қосымша құрылғыларымен таныстыру, қосымша құрылғыларды компьютерге қалай орнату керектігін үйрету, драйверлер не үшін керектігін түсіндіру.

Білімділік – Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру

Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, сөйлеу шеберліктерін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Құрал-жабдықтар: ДК-лер, дәптерлер, оқулықтар, презентация, видео, интерактивті тақта, қорап, флешжады, құлаққап, микрофон, easyQuizzy бағдарламасы.


Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І. Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

2 мин

  • Сәлеметсіздер ме, достар! Сабағымызды ерекше түрдегі тілек-амандасудан бастауды ұсынамын. Ісіміз сәтті болсын!

  • Тілек қысқа да нұсқа болуы керек және аз сөзбен.

Амандасады, шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!», «Баршаңызға мейірімділік тілеймін!»т.с.с.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

7 мин

Үйге берілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы, үй жұмысын тексеру.

Сұрақ-жауап:

  1. Фон Нейман принциптерін атаңдар.

  2. Дербес компьютердің сәулеті деген не?

  3. Қандай сәулетті шина деп атайды? Шинаның қызметін сипаттаңдар.

  4. Процессордың жадпен өзара әрекеттесу принципін атаңдар.

  5. Процессордың сыртқы құрылғылармен әрекеттесуі қалай болады?

  6. USB-ді қолданудың қандай артықшылықтарын білесіңдер?

  7. Қалай ойлайсыңдар, «солтүстік» және «оңтүстік» көпір атаулары қайдан шыққан?

Сұрақтарға ауызша жауап береді.

ІІІ. Қызығушылықтарын ояту

3 мин

«Сиқырлы қорап». Қораптың ішіне компьютер құрылғылары салынады. Оқушылар мұғалімге сұрақтар қою арқылы, қорапта не жасырылғаның тауып алу керек. Мұғалім «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріп отырады.

Барлық құрылғыларды тапқаннан кейін,мұғалім сол құрылғылар бойынша сұрақтар қояды.

Қорапта диск, құлаққап, микрофон, флешжинақтауы жасырылады.

  • Балалар қалай ойлайсыңдар, бұл қандай құрылғылар?

  • Қандай мақсатта қолданылады?

  • Компьютерге қалай жалғанады?

  • Қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі сабағымыз не жайында болады?

Оқушылар орындарында отырып,қораптың ішінде не жасырылғаның табу үшін сұрақтар қояды.

Сұрақтар мынадай болуы мүмкін:

  • Ол зат қатты ма, әлде жұмсақ па?

  • Компьютер құрылғысына жата ма?

  • Ол бізде бар ма?

  • Біз оны ұстай аламыз ба? т.с.с.


ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин










Шеткері құрылғылар (peripheral equipment) - компью­терге қосыла алатын кез келген шалғай құрылғыға берілген жалпы атау, компьютердің сыртқы құрылғыларының кешені.

Шеткері құрылғыларды қызметтеріне қарай, бірнеше топқа белуге болады

(9-сурет):

9-сурет. Шеткері құрылғыларды жүйелеу

Джойстиктердің кейбір түрлерін енгізу және шығару құрылғыларына жатқызуға болады. Мысалы, кері қайтарым беретін джойстиктерді пайдалану кезінде қолданушы джойстик арқылы ақпаратты енгізіп қана қоймай, қабылдай да алады. Қазіргі кезде қолданушыға деректердің енгізілуін жеңілдететін көптеген шеткері құрылғылар пайда болып жатыр.

Мысалы, қазіргі кезде көптеген сенсорлы экрандар, яғни, жанасқанды сезгіш экрандар, кеңінен таратылуда (TouchScreen). Бүгінгі электрондың құрылғыларда тек қана бір іске қосу батырмасы бар, ал қалған функция- ларды сенсорлы экран арқылы орындауға болады.

Физикалық сенсорлы экран - дисплейдің үстінде орналасқан әйнек құрылымы болып табылады. Сондықтан планшеттің экраны екі құрылғыдан: ақпараттарды енгізуге арналған сенсорлы экранная және ақпараттарды шығаруға арналған дисплейден тұрады. Сендердің сенсорлық экранға жанасқандарыңнан нүкте координаталары өңделеді. Координаталарға байланысты компьютер алдын ала берілген функцияларды орындайды.

Шығару құрылғыларының ішінде принтерлер ерекше дамуға ие болған.

Бүгінге дейін принтерлердің жүйеленуі үш түрлі сипатталған:

  • матрицалық;

  • бүріккіш;

  • лазерлік.

Ең алғаш жасалған матрицалық принтер болды (10 - сурет). Оның құрылғысы басу машинкасының құрылғысын қайталайды.

10-сурет. Матрицалық принтердің жұмыс істеу принципі

Қолданушы инелерден қалыпталған символдың баспа-таңбасын алатын. Символ ақырын айналатын бояу таспаның көмегімен басылып шығарылатын. Матрицалық принтердің басу жылдамдығы өте төмен бол­ды. Бетті шығару үшін 2 минутқа дейін уақыт керек болатын. Түрлі түсті таспаларды орнату мүмкіндігі болмағандықтан, принтер екі түсті болатын. Сендерфонда қара немесе қызыл бояуларды ала алатын едіңдер. Принтердің жұмыс істеу барысында инелердің таспаға соғылуынан шу шығатын.

Кейін өздеріңе жақсы таныс бүріккіш және лазерлік принтерлер пайда болды. Соған қарамастан, адамдар бүгінгі күнге дейін матрицалық принтерлерді кеңінен пайдаланады.

Бүгінгі таңда матрицалық принтерлер бума қағаздарды басып шығару қажет болғанда қолданылады. Мысалы, кассалық аппараттардың чектері, теміржол билеті, банктердегі төлем және т.б. Матрицалық бас- паның артықшылығы - қағаздағы иненің баспа-таңбасының өшірілмеуінде. Бұл банк құжаттарының жалған көшірмелерін жасауға мүмкіндік бермейді.

Зd-принтерлер жаңалық болып табылады (11-сурет). Үшөлшемді басылым материалдардың қосылуы мен белгілі құрылымның жасалуына негізделген. Көлемді кескінді алу үшін принтерге сызба керек. Сызба негізінде принтер пластикті қабаттап жағады. Қабаттың қалыңдығы сағ/мм өлшенетін принтер сипаттамасының бірі болып табылады.

11-сурет. Зd-принтерінің мысалы

Қабаттарды жасауда әртүрлі технологиялар пайдаланылады. Мысалы, лазерлік, бүріккіш түрі лазерлер балқытылған полимерлерді өсіреді не керісінше, берілген материалдардан қажет макеттерді кесіп алады. Сонымен, Зd - принтерімен кез келген құрылымдарды, тіпті тұрғын үйлерді, автокөліктерді жасауға болады.

Шеткері құрылғылар компьютердің жүйелік блогының ағытпасына өткізгіш немесе өткізгішсіз байланыс арқылы қосылады (12-сурет).

Алғашында әрбір шеткері құрылғының арнайы порты болған. Мысалы, принтер үшін компьютерден принтерге алдын ала берілген пішімде деректерді жіберетін - параллельді порт.

USB - порты өткізгішті шеткері құрылғылардың қолдануын жеңілдетті. Бұндай құрылғыны іске қосу үшін жеке өткізгіштің қажеті жоқ.

Пернетақта мен тінтуір компьютерге ажыратудың екі түрі: PS/2, USB көмегімен қосылуы мүмкін.

Егер пернетақтаның немесе тінтуірдің ажыратуы PS/2 болса, онда іске қосу алдында компьютерді өшіру қажет. Ал егер пернетақтаның немесе тінтуірдің ажы­ратуы USB-порт болса, компьютерді өшірудің қажеті жоқ.

Динамиктер мен құлаққаптар жасыл түсті «мини-джек» атты ажырату көмегімен қосылады. Микрофон қызғылт түсті «мини-джек» атты ажы­рату көмегімен қосылады. Бұл құрылғыларды компьютердің істеп тұрған, тұрмағанына қарамай, қоса беруге болады.

USB - флеш - жинақтауыш USB - порт арқылы қосылады. Бұл құрылғыны шығару үшін программалық өшіруді қолдану керек («Құрылғылар мен дискілердің қауіпсіз шығарылуы»). ІЗ-cypemme программалық өшіру функциясының орналасуы көрсетілген.

Құрылғыны қосқаннан кейін операциялық жүйе оны анықтап, қажет драйверді тауып орнатады.

Драйвер - компьютерде орналасқан құрылғы мен операциялық жүйенің әрекеттесуін қамтамасыз ететін программа.

Көп жағдайда операциялық жүйе құрылғы драйверлерін өз бетімен тауып орнатады, бірақ кейде драйверлерді қолмен орнататын жағдайлар да болады. Осындай жағдайларда әрбір жаңа құрылғылардың драйверлері бөлек тасушыларда болу керек (әдетте, компакт-дискіде) немесе оны қолданушының ресми сайтынан жүктеп алу қажет.

Түйін

  1. Компьютерге қосылатын құрылғылар шеткері құрылғылар деп аталады.

  2. Шеткері құрылғылардың топтары: енгізу, шығару, сақтау және желілік құрылғылары.

  3. Шеткері құрылғылар компьютердің жүйелік блогының ағытпасына өткізгішпен немесе өткізгішсіз байланыс арқылы қосылады.

  4. USB – флеш - жинақтауыш құрылғыларын шығару үшін («Құрылғылар мен дискілердің қауіпсіздік өшірілуі») программалық өшіруін қолдану керек.

  5. Драйвер - компьютерде орналасқан құрылғы мен операциялық жүйенің әрекеттесуін қамтамасыз ететін программа.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды. Тақырыпты оқиды, оқып болған соң мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, тақырып бойынша «жуан» және «жіңішке» сұрақтар дайындайды.

V. Сергіту сәті

2 мин

Көзге арналған тапсырмаларды орындау

Қимылдарды орындау

VI. Практикалық жұмыс

7 мин

Компьютердегі тәжірибелік жұмысты ДК - де орындайды


Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Компъютерге USB -тасымалдауышты қосыңдар. Тапсырмалар тақтасында операциялық жүйесінің іс -әрекетін бақылаңдар. Операциялық жүйеге драй- верлерді орнатуға қорытынды жасаңдар.

В деңгейі

Компъютерге кез келген шеткері құрылғыны қосыңдар. Егер жүйе драйверді анықтап, орната алмаса, оны өздерің орнатыңдар. Драйверді орнату үшін Интернет желісінен іздеңдер немесе тасымалдауышта орналасқан драйверді пайдаланыңдар.

С деңгейі

Компъютерге қосылып тұрған қандай да құрылғының қасиет терезесін ашыңдар. Орнатылған драйверлер туралы мағлұматтарды қараңдар. Интернеттен Зd - принтердің медицинада, құрылыста, машина жасауда қолданылуы туралы ақпараттарды табыңдар.

Зd-принтерлермен жасалатын өнімдердің даму келешегі туралы өз беттеріңмен қорытынды жасаңдар.

VII. Бекіту

8 мин

ДК –де easyQuizzy бағдарламасында тест жұмысын орындайды.

Тест

  1. Флеш - жинақтауыштар... жатады.

А) енгізу құрылғыларына

В) шығару құрылғыларына

С) сақтау құрылғыларына

  1. желілік құрылғыларына

  1. Енгізу құрылғыларының арасындағы артығын таңдаңдар:

  1. сканер

  2. микрофон

  3. сыртқы модем

  4. сенсорлық экран

  1. Дүкен кассаларында тауардың бағасын анықтау үшін қандай құрылғы пайдаланылады?

  1. штрих - кодтарды оқитын құрылғы

  2. плоттер

  3. желілік адаптер

  4. сенсорлық экран

  1. Ең арзан басылымды ... қамтамасыз етеді.

  1. лазерлік принтер

  2. 3d-принтер

  3. бүріккіш принтер

  4. матрицалық принтер

  1. Фотосуретті басып шығару үшін ... қолданады.

  1. лазерлік принтерді

  2. 3d - принтерді

  3. бүріккіш принтерді

  4. матрицалық принтерді

  1. Көлемді макетті шығару үшін ... қолданады.

  1. лазерлік принтерді

  2. 3d –принтерді*

  3. бүріккіш принтерді

  4. матрицалық принтерді

  1. Драйвер... жатады.

А) жүйелік программалық жабдықтамаға

В) қолданбалы программалық жабдықтамаға

С) программалау жүйелеріне

D) утилиталарға

  1. Қандай жүйелерге PS/2-порттарды қолдануға болады?

  1. принтерлерге

  2. тінтуірге, пернетақталарға

  3. мониторларға, пернетақталарға

  4. сканерлерге, принтерлерге

VIIІ. Рефлексия

2 мин

Аты:__Сабақ не туралы болды?____

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?

__________________________________

Бұл мен үшін неге қиын болды?

__________________________________


Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім/еңсере алмадым?

Карточканы толтырады, сұрақтарға жауап береді

IX. Бағалау

2 мин

Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

Х.Үй жұмысы

2 мин

§10 оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі