жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "Күн тәртібі" 1 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Дүниетану |
ОҚО Мақтарал ауданы Жетісай қаласы «№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|||
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Өзім туралы |
Мұғалім Палуанова Роза Камаловна |
|||
|
КҮНІ: |
|
|
||
|
СЫНЫП:1»ә» сынып |
Қатысқандар 25 |
Қатыспағандар |
||
|
Сабақтың тақырыбы Күн тәртібі |
|
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
1.1.2.4 Күн тәртібін сақтаудың маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру 1.1.2.5 Тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар орындай алады: Күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсінеді,апта күндерін есте сақтайды . Оқушылардың көпшілігі орындай алады: : Өз жеке күн тәртібін әңгімелеп береді,тәулік мезгіліндегі іс-әрекетті айтады Кейбір оқушылар орындай алады: Өз жеке күн тәртібін құрастырады |
|||
|
Бағалау критерийлері |
1.Күн тәртібін сақтаудың маңыздылығына қарай жеке күн тәртібін құрастырады 2. Тәулік мезгілдері мен апта күндеріндегі іс-әрекетті анықтайды |
|||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: - басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отырады үйдегі және мектептегі өмір туралы айта алады; - тақырыптар бойынша сөздік қорын дамытады. Негізгі сөздер мен тіркестер:күн тәртібі,тәулік,ұйқы,демалыс Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер - Апта күндері мен тәулік мезгілдерін білесің бе? -Күн тәртіп ережесін білесің бе? -Күн тәртіп ережесінің денсаулыққа пайдасы бар ма ? |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Күн тәртібін орындаудағы жауапкершілік пен денсаулық құндылықтарын дарыту |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
1.1.3.1.Сауат ашу , 1.1.3.5.Математика |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақтадан слайдтар көру |
|||
|
Бастапқы білім |
Қимыл-қозғалыс,дене жаттығуларын,уақытты біледі |
|||
|
Сабақ барысы |
|
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 5 мин |
Психологиялық ахуал орнату «Жылулық шеңбері» оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді «Күн шуағы»әдісі арқылы жаңа тақырыптың атын шығарады Күн суреті, Т,І,Т,Р,І,Ә,Б
|
Шаттық шеңбер
Күн суреті,әріптер
|
||
|
Сабақтың ортасы 25 мин 7мин Айтылым Тыңдалым 4 мин Айтылым 2 мин 6 мин Жазылым,айтылым 1мин Тыңдалым 5-мин. Жазылым,айтылым |
Ой қозғау М.К Күн тәртібі-бір тәулік ішіндегі іс-әрекеттердің дұрыс реті. Онда демалуға да уақыт бөлінеді.Күн тәртібін сақтау маңызды.Ол уақытты дұрыс пайдалануға көмектеседі 1-тапсырмаЖұптық жұмыс «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша сурет бойынша жұмыс жасайды. Суретте берілген тәулік бойындағы іс-әрекетті баяндап береді
Дескриптор: -бір күндегі іс-әрекетті анықтайды -ретімен әңгімелейді КБ: Керемет,жарайсың! –деген сөздер айтып бағдаршам әдісі арқылы ынталандырамын 2-Тапсырма Ұжымдық жұмыс «Ия-жоқ» әдісі арқылы тапсырма беріп ойларын білу Таңғы сағат 8.00 ұйқыдан тұрамыз ба? /жоқ/ Кешке сағат 21.00-де ұйқыға жатамыз ба ? /ия/ Түнде компьютерде ойын ойнауға бола ма ? /жоқ/ Сабақты түнде орындаймын /жоқ/ «Кеңес бер» Оқушыларға суретке қарап,осындай жағдайға тап болмау үшін қандай кеңес беретінін сұраймын -Неліктен бала сабақта ұйықтап отыр деп ойлайсың? -Оған қандай кеңес берер едің? /келісемін,келіспеймін/басбармақ арқылы көрсетеді Дескриптор: -бір мезгілде ұйықтауды және тұруды түсіндіреді -күндіз бос уақытта ойын ойнауды айтады КБ Өте жақсы,жарайсыңдар!- деп бас бармақ әдісі арқылы мақтап мадақтап отырамын Сергіту сәті Біз қандаймыз, қандаймыз Арайлап атқан таңдаймыз. Біз қандаймыз, қандаймыз Жарқыраған күндейміз. М.КДемалыс күнін алдын ала жоспарлау қажет. Әдетте оны отбасымен бірге өткізеді.Демалыста әркім ұнататын істерімен айналысады.Шуақты күндері табиғат аясында демалуға болады. 3-Тапсырма Жұппен жұмыс «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы дәптердегі «Қызықты демалыс күні» тапсырмасын орындайды
Дескриптор: -әр бала жүретін жолын есте сақтайды -демалыс және жұмыс,оқу күндерін ажыратады -демалыс күнгі өз жоспарын әңгімелеп береді КБ: Көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсете отырып смайлинк арқылы ынталандырамын (С) ақпарат беру Сен білесің бе? Ұйқы- адамның демалу сәті. Түнгі ұйқы кезінде миымыз тынығып,күш жинаймыз. Ұйқысы қанған баланың оқуға да қабілеті артады
4-Тапсырма Жұптық жұмыс «Дұрыс сәйкестендір» әдісі арқылы тәулік мезгіліндегі күн тәртібін анықтап,сызық арқылы түймедаққа орналастырады Дескриптор: -күн тәртібінің уақытпен байланысын түсіндіреді -өз күн тәртібін құрастырады КБ: Керемет, жарайсың!-деп стикер беру арқылы ынталандырамын |
Оқулық 12 бет
слайд
Оқулық 12-бет
Оқулық 13-бет
Жұмыс дәптері 7бет
|
||
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс. Оқушылар біліміне кері байланыс арқылы қорытынды жасалынады. «Табыс саты баспалдағы»
Сен бүгін нені білдің? Сен үшін не құнды болды? Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты? |
Саты баспалдағы
|
||
|
Саралау- 1-тапсырма Жұптық жұмыс «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы саралаудың диалог және қолдау тәсілі арқылы оқушыларға ойланту үшін бірнеше сұрақтар беріп сөзбен қолдау көрсетіп мақтап,мадақтап отырамын 2-Тапсырма Ұжымдық жұмыс «Ия-жоқ» әдісі арқылы саралаудың диалог және қолдау тәсілін қолданып деңгейлері әр түрлі оқушыларға арналған сұрақтар беремін 3-Тапсырма Жұппен жұмыс «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы саралаудың қарқын тәсілі бойынша кейбір оқушылар тапсырианы жылдам орындайды 4-Тапсырма Жұптық жұмыс «Дұрыс сәйкестендір» әдісі арқылы саралаудың қорытындылау тәсілін пайдаланып берілген тапсырма бірдей болғанмен, жауаптары әр түрлі болады |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? 1-тапсырма
2-Тапсырма
3-Тапсырма
4-Тапсырма
|
Денсаулық және қауіпсіздік, техникасының сақталуы |
||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақ қалй өтті?Қандай кедергілер болды?Не сәтті өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген