15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
сабақ жоспары "Күнделіктер бәйгесі" 4 сынып
М.Мүсілім,
Жаңашаруа қазақ орта мектебі.
Атырау облысы,
Қызылқоға ауданы,
Қоныстану ауылы
Қабдеш Жұмаділов.
" Қаздар қайтып барады "
(8-сынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып, шығарманың мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу
Дамытушылық: Ойларын нақты дәл
жеткізе білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне
көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жеріне, ата-мекеніне сүйіспеншілігін
ояту, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: көркемдік:иллюстрациялы, проблемалық.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ойталқы», іздену ,сұрақ-жауап,шығармашылық.
Сабақта қолданылған технология: Сын тұрғысынан ойлау жүйесінің элементтері,
сатылай кешенді талдау, Блум таксономиясы.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер(слайд).
Пәнаралық байланыс: география, этнопедагогика, тарих,саз.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, жалпы дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қ. Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады». Әңгіменің мазмұнын меңгеріп келу.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Білу. Жазушы туралы не білетіндіктерін айқындау мақсатында «Жазушы туралы мәліметті» толықтыру.
Туған жылы (1936)
Туған жері (Шығыс Түркістан Қытай Халық Республикасы)
Бітірген оқу орны (Қазақ Мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті факультеті)
Шығармалары («Соңғы көш», «Тағдыр», «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романы)
Қ. Жұмаділов туралы зерттеу еңбек жазған жазушы (Әкім Тарази)
Түсіну.Әңгіме мазмұнын ашу, тақырыбы, идеясын ұғыну сұрақтары:
1. Жолға шыққан қарт қайда сапар шегіп келеді? Оның сапар шеккеніне неше күн өтті?
2. Асудың ұшар басының табиғаты қандай екен?
3. Қарттың жол азығы қандай?
4. Неліктен жолаушы қиын да болса төте жолды таңдады?
5. Қуғыншыдан қауіптенбей, жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен? Қарт көкжалдан
қалай құтылды?
6. Өзеннен өтіп демалып отырғанда адамның қу басын көрген ол құдайға не деп
жалбарынды?
7. «Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым» деуінің мәнісі
не?
8. Қарттың басты өкініші неде деп ойлайсың?
9. Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні не, қарт
күрсінісі нені аңғартады?
10. Неліктен жолаушы шекара сызығын қыл көпірдей сезінді?
11. Туған жер топырағын аттаған қарттың сезім күйін, сағынышын, қуанышын автор қалай суреттеген?
12. Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет, қандай күш?
13. Әңгіме неліктен «Қаздар қайтып барады?» деп аталады?
14. Қарттың қырық жыл бойы сақтаған бойтұмары туралы өз ойың мен көзқарасың қандай?
Берілген тірек сөздер (слайд) бойынша әңгіме мазмұнын баяндап шығу
Тау іші. Иен жайлау. Жалғыз жортқан жолаушы. Етікші асуы.
Қариядан қалмаған қорқау қасқыр.
Тентек Халдай .
Жолаушы қаздар. -Ата, мына қазды атайықшы...
Сарбаздар келіп айдап әкетті...келсе...
Айнабұлақ.Ата-баба зираты. Аятты осы арадан-ақ бағыштайын...
Ескі қыстаудың орны.Тұмар. Ит жетектеген шекарашылар
Қолдану.Төмендегі сөздерге өз сөзіңмен
түсінік бер:
Титығы құру –
Таңдай жібітіп, талшық қып келе жатқаны –
Көзі шарадай жану –
Қан қақсау –
Бармағын шайнау –
Тілі аузына сыймау –
Жігері құм болу –
Ет жүрегі езілу –
Қайырымы тию –
Тырнағын жібіту –
Жыртылып айрылады –
Өзегі тала қоймаған –
Талдау. Әңгіме құрылысына талдау жасау:
Басталуы – Жалғыз жортқан жолаушы, жолда көрген қиыншылықтар
Байланысы – Ойға оралған өткен күн немесе жалғыз немере Төлеутай
Оқиғаның дамуы – Кінәсіз тағылған айып, күтпеген қасірет
Шарықтау шегі – Қырық жыл бойы көкірек түкпірінде жатқан ұзақ сыр
Шешімі – Тұмардағы бір уыс қиыршық тастың туған жер топырағына түсуі
Идеясы – Отан оттан да ыстық.
Сатылай кешенді талдау.
Жинақтау. Бейнелі сөз тіркестерін ізде
және нені бейнелейтінін жаз:
Бейнелі сөз тіркестері, сөйлемдер Нені бейнелейді?
1. Жаз жәрмеңкесі тарап, қоңыр күз қонақтаған.
2. Қарт сезімі бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап, шертіп тұр. Жаз өтіп, күз келгені
3. Жыртқыш аңдай өкіріп, долдана ағып жатыр.
4. Өне бойы ағаштай сіресіп қалыпты.
5. Сай - сала үңірейіп, жұтып қоятындай болып тұр.
6. Тағы бір түн қанатын жайып келе жатты.
7. Өрттен қалған қу томардай болып қалды.
8. Ауылдастарының тырнағын жібітіп, сорпа - судан кенде қылған емес.
9. Бейне бұрауы таусылған
ойыншықтай буын - буыны босап, өне бойы салдырап бос қалды.
Тағдыр талайымен жер шарының түкпір - түкпірінде, атап айтқанда, 55
елінде біздің қандастарымыздың жүргендігін «Көші - қон
демографиясы» зерттеген екен.
Қандастар
АҚШ - та 14
000
Украинада 15 000
Түркияда 25 000
Тәжікстанда 10 000
Иранда 12 000
Өзбекстанда 1550 000
Моңғолияда 100 000
Ресейде 740 000
Қырғызстанда 45 000
Қытайда 1 500 000
Балалар, «Өз елің – алтын бесігің» демекші, қанша жыл өтсе де елі
мен жеріне деген сағынышын жүрек түкпіріне сақтап, қайтсе де елге
оралуды аңсаған қандастарымыз елге оралуда. Мұртаза Бұлытай, Шұғыла
Сапарғалиқызы, Майра Мұхаметқызы сынды азаматтарымыз қазіргі таңда
бойындағы бар күш - жігерлерін туған елді көркейтуге
жұмсауда.
І құрылтай -1992 жылы 29 қыркүйекте Алматыда;
ІІ құрылтай -2002 жылы 23 қазанда Түркістанда;
ІІІ құрылтай -2005 жылы 29 қыркүйекте Астанада;
ІY құрылтай -2011 жылы 25-27 мамырда Астанада өтті.
Ендеше, балалар, туған жерге сүйіспеншілігімізді білдіру мақсатында
сабағымызды Т.Молағалиевтың «Қаздар қайтқанда» әнімен
қорытайық.
Бағалау. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Туған жердей жер болмас» тақырыбында шығарма жазып келу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген