400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: КҮШ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

9а сынып № 10 сабақ ____________________


Сабақтың тақырыбы: Күш

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Күш туралы негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша күшпен танысамыз.

  1. Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?

  2. Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық санақ жүйеге жата ма?

  3. Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.

  4. Электромагниттік және серпімді толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:

1. Күш-физикалық денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама.

2. Күштердің түрлері: ауырлық күші; серпімділік күші; үйкеліс күші; тіректің реакция күші.

3. Күштің өзі туғызатын үдеумен қандай байланыста болатынын байқауға мүмкіндік беретін тәжірибе.

4. Теңәрекетті күш.

VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§11 дайындық сұрақтарын талдау.

  1. Күш нені сипаттайды?

  2. Күш неліктен векторлық шама болып саналады?

  3. Денеге түсірілген күш үдеу туғызатынын көрсететін тәжірибені сипаттаңдар.

  4. Күш пен үдеудің арасында қандай байланыс бар?

  5. Күштің қандай түрлерін білесіңдер?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

№1 К.

  1. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автомобиль горизонталь жолмен түзусызықты бірқалыпты қозғалады. Бұл Ньютонның бірінші заңына қайшы келмей ме?

  2. Медициналық термометрді сілкігенде, сынап бағанының төмендеуін қалай түсіндіруге болады?

9-жаттығу

1. Бір денеге 8 Н және 6Н болатын екі күш әрекет етеді. Күштер бағыттарының арасындағы бұрыш 900. Осы екі күштің теңәрекетті күші неге тең?

2. Дене үш күштің әрекетінен тепе-теңдік қалпын сақтап тұр. 6 Н-ға тең бір күш шығысқа, 3 Н-ға тең екінші күш солтүстік шығысқа қарай 600 бұрыш жасай әрекет етеді. Үшінші күштің модулі мен бағыты қандай?

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §11 , 9-жаттығу (3,4)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі