400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Квадрат теңдеулерді шешу" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ математика пәнінің мұғалімдеріне күнделікті сабақ жоспарына керек, түрлі әдіс тәсілдерді керегін алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: Т.рысқұлов атындағы №48 о/м

Күні:19.11.18ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Сарсенова А.У

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеулерді шешу

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

8.2.2.4.Виет теоремасын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:квадрат тендеулерге Виет теоремасын, Виет теоремасына кері теореманы қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі:Виет теоремасын қолданып, түбірлердің таңбасын анықтайды, квадрат теңдеулерді шешеді.

Кейбір оқушылар:Квадрат теңдеудің түбірлерінің қасиеттерін талдайды, күрделі теңдеулердің түбірлерін табады.

Бағалау критерийі

  • Виет теоремасын қолданып, берілген түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрады, квадрат теңдеудің түбірлерін табады;

  • Виет теоремасын теореманы қолданып, квадрат теңдеудің түбірлерінің қасиеттерін талдайды.

Тілдік мақсаттар


Тілдік мақсаты:Квадрат теңдеулерді шешуде, теңдеулер құруда Виет теоремасының формуласын қолдануды түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: квадрат теңдеу, келтірілген квадрат теңдеу, түбірлері, екінші коэффициент, бос муше

Диалог үшін пайдаланылатын сөздер мен тіркестер:

Квадрат теңдеудің түбірлері...

Екі түбірдің қосындысы...

Екі түбірдің көбейтіндісі...

Квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбалары...

Құндылықтарға баулу




«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясыныңқоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығы ақпарат бойынша Виет теоремасын қолданып, теңдеулер құру тапсырмасында көрінісін табады

Пәнаралық байланыс

Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша берілген тапсырма арқылы метапәндік түсінік қалыптасады.

Алдыңғы білім


Квадрат теңдеуді шешу, дискриминант, квадрат теңдеу түбірлерін табу формулалары, сызықтық теңдеулер жүесін шешу, өрнектерді түрлендіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы











Оқушылар білімін шоғырландыру және жаңа материалды меңгеруге дайындық мақсатында «Жетелеген сұрақтар» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау жүргізіледі.

  1. Қандай теңдеу квадраттық теңдеу деп аталады?

  2. Квадраттық теңдеудің қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Қандай теңдеу толымсыз деп аталады?

  4. Квадрат теңдеудің неше түбірі болуы мүмкін?

  5. Квадрат теңдеудің түбірлерінің саны неге байланысты?

  6. Дискриминант дегеніміз не?

  7. Квадраттеңдеудіңтүбіріформулаларынайт.

  8. Қандай жағдайда квадраттеңдеудіңекі түбірі болады?

  9. ЕгерD = 0 болсаквадраттеңдеудіңнеше түбірі болады?

  10. Қандай жағдайда квадрат теңдеулің түбірі болмайды?


Сабақтың ортасы












Оқушылардың басқалармен жұмыс, ойлау, проблемаларды шешу; шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында«Қарлы кесек» белсенді оқу әдісі арқылы тақырыпты өз бетімен игеру.

1.Тапсырма. Теңдеулерді шешіп, кестені толтырыңдар.

Теңдеулер

p

q

x1


x2


x1+x2


x1 ·x2


x²-7x+12=0







x²+5x+6=0







x²+10x-39=0







Түбірлердің қосындысынтеңдеудің коффициентімен салыстырыңдар. Қандай ерекшелік байқадыңдар?

Түбірлердің көбейтіндісінтеңдеудің коффициентімен салыстырыңдар. Қандай заңдылық байқадыңдар?

Егер х1 және х2 мәндері х2+px+q=0 теңдеуінің түбірлері болса, онда қандай қорытынды жасауға болады?

Теорема 1.(Виет теоремасы). Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған оның екінші коеффициентіне тең, ал түбірлерінің көбейтіндісі бос мүшесіне тең:

х2+px+q=0

x1+x2= -- p

x1 · x2= q

+bх+c = 0теңдеуін келтірілген квадрат теңдеу түрінде жазсақ + х+ = 0

2.Тапсырма. Виет теоремасы бойынша кестені толтырыңдар.

x1


x2


x1+x2


x1 · x2


p

q

Теңдеулер

2

3






-4

1






5

-6






Теорема2. (Керітеорема).Егерx1+x2= -- p, x1 · x2= q

болса, онда x1 және x2сандары +рх+q = 0 теңдеуініңтүбірлеріболады.

«Борт журналын» қолданып, оқушылар мәтінді өз ойларымен тәжірбиелерімен байланыстырып бағандарды толтырады.

Бұрын білгенім

Жаңадан білгенім

Болжамдар

Тың ақпарат





(Ө)1-тапсырма. «Мағынаны түсін» белсенді әдісі бойынша беріледі, себебі мұнда әрбір оқушы берілген мәтіннің мағынасын түсініп, өз ойын қорытып Виет теоремасын қолданады.

Виет теоремасын қолданып, мәтіндегі берілген сандар түбірлері болатындай екі квадрат теңдеу құрыңдар.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Біздің елімізде газеттер мен журналдар 11 тілде шығады, теледидарды 12 тілде көріп, радионы 6 тілде тыңдап жүрміз.Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар.

Дескриптор

  • мәтінді түсініп, оқиды;

  • сандарды анықтайды;

  • осы сандарға Виет теоремасына кері теореманы қолданып, теңдеу құрады.

ҚБ«Бағдаршам» әдісі

Кері байланыс.

Мәтіннен қандай сандарды таңдадыңдар?

Неліктен?

Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар туды?

(Ж)2-тапсырма. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі, мұнда әрбір оқушы берілген тапсырма бойынша жеке жұмыс арқылы өз ойын қорытып жұп болып пікірлерімен бөліседі бұл бүкіл талқылауға ұласады.

Виет теоремасына кері теореманы қолданып, квадрат теңдеулердің түбірлерін табыңдар, түбірлердің таңбасыын анықтаңдар.

  1. x2-7x+10=0

  2. x2+12x+32=0

  3. x2+3x-18=0

Деңгейі жоғары оқушыларға арналған тапсырмалар:

  1. x2-2018x+2017=0

  2. x2 + 27x − 3240 = 0

Дескриптор

  • түбірлердің қосындысын,көбейтіндісін табады;

  • түбірлердің таңбасын анықтайды;

  • түбірлерін табады.

ҚБ«Басбармақ» әдісі

Кері байланыс

Түбірлердің таңбасын қалай анықтадыңдар?

(Т)3-тапсырма.«Бірлесе үйрену» әдісі. Әрбір оқушы өз үлесін қосып, басқаларға өзінің білгенімен, идеяларымен, түсініктерімен алмасады.

х2+3х+m=0 теңдеуі берілген. m-нің қандай мәнінде берілген теңдеудің:

  1. түбірлерінің айырымы 6-ға тең;

  2. бір түбірі екіншісінен 2 есе артық болады?

Дескриптор

  • Виет теоремасын қолданып және есептің шартын ескеріп теңдеулер жүйесін құрады;

  • теңдеулер жүйесін шешеді;

  • түбірлері арқылы m -ді табады.

ҚБ«Жұлдызша»әдісі

Кері байланыс.

Қандай теңдеулер жүйесін құрдыңдар?







Үлестірме материал 1 «Виет теоремасы»
















Алгебра 8

А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә. Жумагулова В.Е.Корчевский

(67-69бет)



Үлестірме материал 2 «Виет теоремасы»
























http://u-s.kz/mobile/publ/3837-tuelsz-azastanbzd-otanymyz.html



















Алгебра 8

А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З.Ә. Жума гулова В.Е.Корчевский

(67-69бет)


Сабақтың соңы


Қорытынды «Бір минут» әдісі бойынша оқушылар сабақты қорытындылайды.

Рефлексия «БББ» кестесі

  • білемін;

  • білдім;

  • білгім келеді.



Саралау – Сізқандайтәсілменкөбірекқолдаукөрсетпексіз? Сізбасқаларға қарағанда қабілетті оқушыларғақандайтапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сізоқушылардыңматериалдыигерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлапотырсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасынсақтау



1 тапсырмада саралаудың «Нәтиже»әдісіқолданылады. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

2 тапсырмада саралаудың «Тапсырма» әдісі қолданылады. Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.

3 тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» әдісі қолданылады. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты, әрі нақты көмек қажет болады. Мұғалім ойланту үшін жетекші сұрақтар қояды, қолдау көрсетеді.

«Бағдаршам» әдісімен оқушылар өзін-өзі бағалайды.

«Басбармақ» әдісімен оқушылар бір-бірін бағалайды.

«Жұлдызша» әдісімен топтар бірін-бірі бағалайды



Денсаулық және қауіпсіздік техникасын ережесін білу және сақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі