Сабақ жоспары: Л дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Л дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Материал туралы қысқаша түсінік
«Л» дыбысын сөзде анық айтуға машықтандыру.«Л» дыбысын басқа буын, сөз, ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Л дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

Сабақтың мақсаты:  «Л» дыбысын сөзде              

                                    анық айтуға машықтандыру.

                                  «Л» дыбысын басқа буын, сөз,  ішінде дұрыс         

                                   ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын       

                                   дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау            

                                   қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:         Жеке

Көрнекілігі:             «Л» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық  

                                  жаттығулар, слаид, түрлі суреттер, тапсырмалар.

І Ұйымдастыру бөлімі:

Баланы сабаққа дайындау.

Мимикалық гимнастика

Көзімізді ашып – жұмамыз (қатты – жай);

Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз;

«Жымию» 

«Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері»...........

А – а - а                   У  -  у – у – у 

О- о – о –о            И – и – и – и

Арнайы құралдармен тілге жаттығулар жасау.

     Тыныс алу жаттығулары

«Батбырауық ұшырамыз» (батбырауықтар түрлі түсті, оқушылар түстерін өздері таңдайды). «Алақанымызды жылытамыз» (Бір деммен жылы ауаны үрлеу.)

Бүгінгі сабағымыз ертегі түріне өтеді, ертегінің тақырыбы 

                                       «Тиіннің туған күні»

ІІ Негізгі бөлім

- Биылғы жылды білу үшін тапсырманы орындайық.

- Ненің суреті шықты.

- Тышқан .

- Және бүгін тиіннің туған күні.

- Тышқан  тиынның туған күніне достары мен барғысы келіп тұр.Достарына бару үшін бізден көмек сұрайды. Не істеуіміз керек. 

- Көмектесеміз ба? 

- Иа 

Көмектесу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

1. Тапсырма.

«Л дыбысының артикуяциясы»

Алдымен ”Л” дыбысының  артикуляциясына  назар  аударамыз.

«Л» дыбысының артикуляциясы (сөйлеу мүшелерінің әрекеті)

«Л» дыбысы дұрыс шығуы үшін тістердің арасы ашық тұруы керек, ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне немесе қызыл иегіне барып тіреледі.

  Піл суретін бастыру.

Қандай жануардың суреті? 

Піл. Сонда тышқан кімге келді?  Пілге 

Піл, піл 

Тышқан пілдің мұрнына отырып алтыбақан тебеді

Тіл жаттығу «Алтыбақан»

 

Пілмен тышқан жолға шығады. Олар жолды білмейді, не істейміз көмектесеміз. 

Көмектесу үшін тағы тапсырмаларды орындаймыз.

 

2.  Тапсырма «Л» дыбысын дұрыс айт, анық айт.

  Ла - ла - ла- лас                             Ал – ал – ал - алма

 Ло - ло - ло - лом                           Ол – ол – ол - олжас 

  ұл – ұл – ұл – ұлжан                      әл - әл - әл – әлек


Ойын: «Мен бастаймын, сен аяқта»

 Ба---------------- л                         Жа   ---------------л

 Ма--------------л                            Қа-----------------л

 Са -------------л                             Е-------------------л

 Та --------------л                            Ша--------------------л

- Бәрінде бар қай әріп?   «Л»

- Дұрыс

- Піл мен тышқан түлкіге келді.

Түлкі оларды күліп қарсы алады «Жымию» 

Түлкі, түлкі 

Тышқан түлкі, піл үшеуі қосылып жолға шығады, жолда тапсырмалар кездеседі, олар орындай алмайды. Сенен көмек сұрайды.

3. Тапсырма

Ойын: «Мен бастаймын, сен аяқта»

 Ба---------------- л                         Жа   ---------------л

 Ма--------------л                            Қа-----------------л

 Са -------------л                             Е-------------------л

 Та --------------л                            Ша--------------------л

- Бәрінде бар қай әріп?   «Л»

- Дұрыс

Мына суреттердің ішінен «Л» дыбысы бар жануарды көрсет.

Тентек лаққа кездеседі.   Лақ, лақ, лақ  

Сергіту сәті.  

Лақпен бірге дыбыс шығарамыз.  

 Мә – мә  - мә  - мә 

Тышқан, түлкі, піл, лақ  төртеуі  қосылып жолға шығады, жолда тапсырмалар кездеседі, олар орындай алмайды. Сенен тағы көмек сұрайды.

                      Жұмбақ шешу

Күндіз көрінбейді

Түнде күлімдейді.                                                          Жұлдыз

 

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.                                     Алма 

 

Сумаңдаған тілі бар,

Бұраңдаған ізі бар.

Тіл ұшында уы бар,  

Ол не? Біліп ал!                                                          Жылан

 

                       Ұйқасын тап.

 Алмастан тыным

Шабады  .......................                                             Құлын

 

Уылжыған албырт,

Дәмі ғажап  ...................                                           Алмұрт

 

Жағасында бұлақ, жайылып жүр......................   Лақ

 

Құйрығы он арыс, бұл айбатты ......................... Жолбарыс.

 

Үні ғажап, 

Дүлдүл,

Бақта сайрар.............     Бұлбұл.

 

 Барлық тапсырмаларды орындадық, Ұлу, піл, түлкі, лақ орманда тиіннің үйін іздейді, жолдан саңырауқұлақ тереді. «Саңырауқұлақ» жаттығу. Олар асығыс сағатқа қарайды. «Сағат» жаттығу. Тиынның үйіне келеді.Үйінің есігі ашылып жабылып тұр «Ауызымызды ашып - жабамыз»Үйде тиын оларды күтіп жүр. Бәрі дастарханға отырып, ас ішеді Дастарханда «Тәтті шырын», «Кесе» шай ішеді             

          «Ат шауып келеді»                  «Тәтті шырын»                         «Кесе»

Дыбыстық және қол  саусақтарына  арналған  жаттығулар:

                                    Бұлбұл ән салып кіреді.

Тиін , тиін, тиін,

Әдемілеп киін!

Сенің туған күніңде,

Әнге толсын үйің!

Әтеш айқайлап келеді

Ку – ка – ре – ку

Әдемі әтеш

Таң атпай тұрыпты

Жан жағына қарапты

Айдарын тарапты

Мысық мияулап келеді    Мияу – мияу

Пеш түбінде мысық отыр,

Аздап қөзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі келіп,

Тісі оның қышып отыр.

Күшік үріп келеді    аф- аф – аф 

Осылай бәрі тиінді құттықтайды.

Қорытынды:       Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз. 

Бүгінгі сабаққа бізге кім келді?    Тышқан.

Олардың достары кім?

Піл, түлкі, лақ.

Үйге тапсырма



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2020
1026
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі