15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Литосфералық катаклизмдер" 7 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №39 Т.Айбергенов ж.о.м Литосфера Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Байзакова Г. Сынып - 7 Қатысқандар: 28 Қатыспағандар:- |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
7.3.1.4. Литосфералық катаклизмдер |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
Литосфералық катаклизмдердің себептері мен салдары, таралуы туралы түсінеді, жер сілкіну мен жанартау атқылаған кезде өзін ұстау ережелерін біледі, тақырып бойынша карта-схема жасай алады |
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың ойлау әрекеттерін әрі қарай дамыта отырып, литосфералық қозғалыстардың себеп-салдары туралы білімді меңгереді, түйінді түсініктерді есте сақтайды, картаны және сызбалық суреттерді оқу кезінде алынған мәліметтерді талдайды |
|
Бағалау критериі |
Түсіну: - литосфералық катаклизмдер туралы біледі, себебін түсіндіріп, салдарын анықтай алады; Қолдану: -кескін картаға жерсілкіну және жанартау аймақтарын белгілейді; Талдау: - литосфералық катаклизмдердің пайда болу себеп-салдарын және олардың таралу ошақтарын талдайды; - Жинақтау: - картадан геосинклинальдік белдеулерді анықтайды, жер сілкіну және жанартау атқылау кезінде өзін ұстау ережелері туралы ұсыныстар береді. |
|
Тілдік мақсаттар |
Мәтінді оқи отырып литосфералық катаклизмдердің адам өміріне кері әсерін зерделейді, зерттеу жұмыстарының маңыздылығын сипаттайды. Бір- бірінің пікір ұсыныстарын тыңдайды және кесте, тірек -сызба құрастырады. Негізгі сөздер мен терминдер: эпицентр, сейсмология, сейсмограф, лава, кратер. |
|
Құндылықтарға баулу |
Оқушының бойында зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы , бәсекеге қабілетті ету |
|
Пәнаралық байланыс |
Физика- жер сілкіну салдарынан тербелмелі қозғалыстардың туындауы. Тарих- тарихта қалған апатты жер сілкіністері туралы айтылады. Химия- жанартау атқылауы кезінде шығатын улы газдар әсерінен қышқыл жауынының түсуі. |
|
Алдыңғы білім |
1.Литосфераның құрылысы және заттық құрамы ? 2. Тау жыныстары деген не, оның қанша түрі бар? 3.Литосфералық тақталардың қозғалысы неліктен болады? |
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер, ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 15 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. «Табиғат мінезі» ойыны арқылы оқушылар ара-сында ынтымақтастық атмосферасын қалыптас-тыру, геометриялық пішіндер арқылы топқа бөлу Фармативті бағалау Үй тапсырмасын тексеру. «Зымыран сұрақтар» бойынша бақылаушылық сұрақ-жауап алу. Өзін –өзі бағалау. «Литосфералық тақталардың қозғалысы» видео көрінісінің көмегімен бірлесе отырып сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау. |
Геометриялық пішіндер, видеокөрініс expert@okulyk-edu.kz |
||||||
|
Сабақтың ортасы 20 мин |
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мәтінмен танысады. Топтық жұмыс «Кластер» әдісі бойынша литосфералық катаклизмдердің түрлерін сызба ретінде көрсетеді. Жұптық жұмыс. Кескін картаға жер сілкіну және жанартау аймақтарын белгілейді. Жеке жұмыс. «Жер сілкінісінің салдары» кестесін толтырады.
Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау |
Атлас, Дүниежүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта, таратпа материалдар. www.geo-site.ru |
||||||
|
Сабақтың соңы 10 мин
|
Сабақты қорыту Топтық жұмыс «Гауhартастар иерархиясы» стратегиясы бойынша дәптерге тақырыптың түйінді ұғымдарын жазады, пікір алмасады, бағалайды. 1.Не себепті ірі құрылыстарды салу үшін ол жердің сейсмикалық жағдайын ескеру керек? 2.Апаттың адамдарға кері әсері қандай? «Бағалау парағы» арқылы өзін-өзі бағалайды. Үй тапсырмасы §15 оқу Кері байланыс: ҚҚҚ 1.Қызық болған 3 нәрсе 2.Қиын болған 3 нәрсе 3.Құнды болған 3 нәрсе |
Тапсырма парақтары, стикерлер |
||||||
|
Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау–Сіз оқушылардың материал-ды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану |
|
Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай А, В, С деңгейіндегі тапсырмалар |
Бағалау критерийлері: 1.Литосфералық катаклизмдердің түр-лерін кластерге салады; 4 балл 2.Жер сілкіну және жанартау аймақ-тарын кескін картаға түсіреді; 2 балл 3.Катаклизмдердің себеп-салдарын анықтайды. 4 балл |
Физика, тарих, химия АКТ-оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жұмыс істей алады. |
|
Сабақ бойынша рефлекция |
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген