Ақмола облысы Целиноград
ауданы
№3 Талапкер орта мектебі
"Логикалық есептерді шешу
әдістері"
Информатика пәні
мұғалімі: Бимагамбетов Қуандық
Молжігітұлы
2016-2017 О/Ж
Сабақтың түрі: топпен
жұмыс
Тақырыбы: «Логикалық есептерді шешу
әдістері»
Сабақтың
мақсаты:
Оқытушылық;
1)Логика заңдарына
байланыстыр алған білімдерін бекіту.
2)Логикалық есептерді
шығару тәсілдерін қайталау.
3) Логикалық есептерді
шығару тәсілдерін дұрыс таңдауға
үйрету.
Дамытушылық:
1) Ойлау қабілетін дамытуға
жетелеу.
2)Зейін - зердесін
дамыту.
3) Талдау жасауға және
далелдеуге үйрету.
4) Өз ойын толық жеткізуге
және сөйлеу манерін қалыптастыруға
үйрету.
мысли.
Тарбиелік
1)Бір – бірімен жақсы қарым
қатынаста жұмыс істеуге тәрбиелеу.
2)Е;сеп шығару кезінде
топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
3)Басқалардың пікірлерін
тыңдап өз ойын талқыға салуға үйрету.
Оқыту
әдістері: эвристикалық, репродуктивтік, практикалық
және зерттеу.
Оқыту барысын ұйымдастыру
формалары: топпен,жеке,ұжыммен.
Жүмыс
формалары: фронтальды,жеке,өз
бетінше,топпен
жұмыс
Құрал
саймандар: компьютер, проектор.
Үлестірме: логикалық
тапсыврмалар.
Білім мен біліктілікке
қойыцлатын талаптар:
Оқушылар білуі
керек:
Оқушы не істей алуы
керек:
Сабақ құрылымы
|
№
бөлімдер
|
Бөлім атауы
|
Жұмыс мазмұны
|
Болім регламенті
|
|
I
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Білімдерін пысықтау
|
Кіріспе
|
1
мин
|
|
II
|
Үй
тапсырмасын тексеру
|
Логикалық
пайымдау
|
7
мин
|
|
III
|
Өткен материалдарды қайталау
|
Есептерді талдау
|
10
мин
|
|
IV
|
Топпен жұмыс
|
Логикалық есептерді әр түрлі
тәсілмен шығару
|
11
мин
|
|
V
|
Сергіту сәті
|
|
2
мин
|
|
VI
|
Әр
топтың шығарған есептерінің шығару жолдарын
талдау
|
Оқушылар пікірлері
Кестені толтыру
(кесте
4)
|
10
мин
|
|
VII
|
Үй
тапсырмасы
|
Үй
тапсырмасына байланысты ойлар
|
2
мин
|
|
VIII
|
Қорытынды
|
Оқушылар мұғаліммен бірге есептер шешіміне
қорытынды шығарады
Бағалау.
|
2 мин
|
|
|
|
|
Барлығы 45
минут
|
Үй
тапсырмасы:
Логика заңдарын қайталау.
Ұлттық нақыштағы тақырыпта есеп құрастыру
Сабақ барысы
-
ұйымдастыру
-
Үй тапсырмасын
тексеру:
|
1 нұсқа
1)
3)
2)
6)
5)
4)
|
2 нұсқа
2)
1)
3)
4)
6)
5)
|
(проектор арқылы слайд көрсетіп
тексеру)
3.өкен материалдарды
қайталау.
Логика заңдары бізге не үшін
қажет?
(логикалық пайымдау
үшін)
Жиі қолданылатын
заңдар?
(тепе – теңдік заңы,
қайшылық заңы, үшіншінің аластатылуы
заңы)
Логикалық пайымдау не үшін
қажет? (логикалық есептерді шешу
үшін)
Міне осылай бүгінгі тақырыпты
да анықтадық: "Логикалық есептерді шешу
әдістері"
Тақырыпты дәптерге жазамыз.
Есепті бірнеше жолмен шешуге
болады деген шешімге келеміз:
1) логикалық
пайымдау
2) ақиқат кестесі
арқылы
3)
кестелік
Логикалық есептерді шешу
кезеңдері Слайд
№4
Ал бір есепті бірнеше
жолмен шешуге болады ма, қалай ойлайсыңдар? Енді осы немесе басқа
есепке қандай тәсілдер қолдануға болатынын
тексерейік.
1. Есептің шартын мұқият оқып
шығамыз: Слайд
№5
1 - Есеп: Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина,
Динара гимнастикадан - өткен жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ
олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен
жоқ.
Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш
жанкүйер былай деп жауап
берді.
а) Әлия – ІІ, Динара –
ІІІ
ә) Әлия – І, Ғалия –
ІІ
б) Мадина – ІІ, Динара –
ІV.
Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін
ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табу
керек.
Жауабы: Әлия – І
орын
Мадина – ІІ
орын
Динара – ІІІ
орын
Ғалия – ІV
орын
Әр жауапта бір ғана тұжырым
жұрыс екені белгілі. Орындарды қалай
анықтаймыз?
Әдіс (логикалық
пайымдау) Слайд
№7
2 - Есеп: Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев,
Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады.
«Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы қара, үшіншісінің шашы
сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилиясына сәйкес келмейді».
Олардың әрқайсысының шаштарының түстері
қандай?
Шешуі:
1 - тәсіл (логикалық пайымдау
арқылы)
Қара шашты адам Ақбаевпен сөйлескендіктен,
Ақбаев қара шашты да болмайды, ақ шашты да болмайды (себебі шашының
түсі фамилясына сәйкес келмеу керек). Олай болса Ақбаев – сары
шашты. Онда Қарабаев – ақ шашты, ал Сарыбаев – қара шашты
болады.
2 - тәсіл. (ақиқат кестесінің көмегімен
)
4. топпен
жұмыс
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр
топқа есептің шығарылу жолы бөлінеді (кестелік, пайымдау және
ақиқат кестесін құру). Есеғптің шешуі топпен немесе топтың мүшесі
жоба ретінде қорғайды. Есепті шешугі және жобаны рәсімдеуге 12
минут беріледі. Слайд №9
Есеп
Сейсенбі күніне 11 сыныпқа сабақ кестесін құруда
пән мұғалімдері оқу ісінің меңгерушісіне ұсыныстарын
жеткізді:
-
Математика пәні мұғалімі:
«бірінші не екінші сабақ өткізуге».
-
Тарих пәні мұғалім : «бірінші
не үшінші сабақ өткізуге».
-
Қазақ тілі пәні мұғалімі:
«екінші не үшінші сабақ өткізуге».
5. Сергіту
сәті: Слайд
№10
6. Есептің шешімін
қорғау
|
Оқушының аты - жөні
|
Пікірлер
|
Бағасы
|
|
Пайымдау
|
Қанша
?
|
|
|
Есептің шешімі
|
Әдісі, есептің жауабының
жұрыстығы?
|
|
|
Қорытынды баға
|
|
7. үй
тапсырмасы: Слайд №11
1. Логика заңдарын
қайталау
2. Есеп
құрастыру.
3.Бақылау жұмысына
дайындалу
8. қорытынды