400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары МАД

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық шығарманың сипатын ажырату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: Пәні: музыка Сыныбы:


Тақырыбы: № 1-2 ҰОҚ

«Менің музыкалық әлемім»

Мектеп/МҰ: Садық Аманжолов орта мектебі КММ

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Абдрахманова К.А.

Сынып/ТОП:

Қатысқан балалар саны:

Қатыспаған балалар саны:

ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты:

0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашықжарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы).

0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу.

0.2.2.1. Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау.

0.3.1.1. Музыкаға қосылып оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау.

Күтілетін нәтиже:

Барлық балалар: Музыкалық шығарманың сипатын ажыратады (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашықжарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы). Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасайды.

Көпшілік балалар: Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән салады.

Кейбір балалар: Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнайды.

Тілдік мақсат:

Балалар: Өздері туралы, музыкаға деген құштарлығы туралы әңгімелей алады.

Көптілділік: ән – песня – song.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Ән, әуен, музыка, әннің сипаты.

Пікір алмасу сұрақтары:

Музыка деген не?

Қандай әнді ұнатасың?

Қандай әуен түрлерін білесің?

Өткен ҰОҚ-нен алған білім

Балалар өздері білетін әндерді орындайды, би қимылдарын көрсетіп, өз армандары туралы әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам

3-5 минут

Музыкалық сәлемдесу. Жеңіл әуенді бубен аспабында ойнап, балаларға кезекпен ырғақты сезіне орындауды ұсыну.

Музыка әлемі туралы мағұламат беру. Балалардың ой-қиялдары, армандары туралы әңгімелесу.

Бубен аспабы

ҰОҚ-нің ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Балалығым балғын шағым» (муз. Е. Ташев, сөзі Т. Қажыбаев). Тыңдаған әннен алған әсерлерін, мазмұны, көңіл күйі туралы сұрау, әңгімелеу (көңілді, ашық-жарқын т.б.) Әннің сипаттары туралы түсінік беру (мұңды, көңілді, салтанатты, ойнақы, қайғылы т.б).

(Т, Ж) Дауыс жаттығулары: «Жоғарыға шығамыз, төмен қарай түсеміз». Әуенді дауыс ырғағымен қол қимылдары арқылы жоғары, төмен көрсете білу. «Ән» сөзінің аудармасын үш тілде белгілі бір әуенмен әндете қайталату: ән – песня – song.

(Т, Ж) Ән айту: «Мен елімнің ертеңі» (муз. мен сөзі Л. Мұқашева). Педагог әнді аспаптың сүйемелдеумен орындап, балаларға сұрақтар қояды: – Қарқыны қандай? – Көңіл күйі қандай?

– Ән мәтінінде не туралы айтылады? Бірнеше топтарға бөлініп, ән ырғағын шапалақтап, әрі қарай бубен ырғағымен көрсетуді ұсыну. Ырғақты дәл көрсете білуге үйрету.

(Т) Аспаппен танысу: Бубен аспабымен таныстыру. Ұрмалы аспап екенін ұғындыру.

(Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: Қазақ биі «Айгөлек» (өңдеген Е. Лапин). Қазақтың кейбір ұлттық би элементтерімен таныстыру, суреттен көрсету. Балалар орындарынан тұрып, би қимылдарын қайталайды. Әуенге қосылып, мәнерлі қозғалыстар жасайды. Өздері ойдан шығарған би қимылдарымен көрсету. Екі топқа бөліну, бір топ би қимылдарын жасайды, екінші топ бубен аспаптарында ырғақпен ойнайды.

(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Музыка әлемін қалай елестете аласың? Қандай ғажайыптармен байланыстырар едің? Ән қандай көңіл күйде орындалды? Қай гүл әннің сипатына сәйкес келеді? Айгөлектің киімін әннің сипатына сай боя.

2-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Қандай мамандық иелерін білесің? Ержеткенде кім болғың келеді? Әр мамандықтың қажетті заттарын сызықпен қосып көрсет. Өзің ұнататын мамандық иесін белгіле. Өзіңе ұнайтын мамандықтың суретін сал.

«Балалығым балғын шағым» әні Интерактивті тақта «Балалық шақ» атты слайд көрсету


Музыкалық сүйемелдеу





«Мен елімнің ертеңі» әні









Бубен аспаптары




Би элементтері көрсетілген суретті материалдар


Қазақ биі «Айгөлек» Аудио, бейнематериалдар Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар

IV. ҰОҚ-нің қорытындысы. Рефлексия

28-30 минут

(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау. – Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
1126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі