Сабақ жоспары: Мәңгілік Ел болу үшін... 9 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: Мәңгілік Ел болу үшін... 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәңгілік Ел болу үшін...
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Мәңгілік Ел – мұратым.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мәңгілік Ел болу үшін...

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.1.1 мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;

9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, орфографиялық норма заңдылықтарын білу;

Көпшілігі: мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай қолдану;

Кейбір оқушылар: мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру, өз көзқарасын таныту, мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Бағалау критерийі

  • Оқушылар тыңдалатын мәтіннің тақырыбын, мазмұнын қойылған сұрақтар бойынша алдын-ала болжайды.

  • Сұрақтарға болжаммен жауап береді.

  • Өз жауабын түпнұсқамен салыстырады, талқылайды.

  • орфографиялық нормаға сай жазады.

Құндылықтарға баулу


Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Оқушылар бұл сабақта қазақ тілінің болмыс-бітімін түсініп, қазақ жазуының шығу тарихын зерделейді

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, өнер


Бастапқы білім

Мақала жазудың құрылымын біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.

Жағымды психологиялық ахуал. «Бір тілек» әдісі. Оқушылар бір-біріне сабаққа қатысты жақсы тілектер айтады.

ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ

Оқушыларға өлең сөзі таратылады. Оқушылар іштей бір рет оқиды. Екінші ретінде дауыстап мұғалім нұсқауымен кезек-кезек оқиды.

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген…

Мұқағали Мақатаев

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Не тындырдың «басымды иемменен?»
Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой,
«Отан үшін өлемін, күйем» деген.


Өлім деген ерліктің қорегі ме?
Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не.
…Егер Отан сыңсыған орман болса,
Жапырақ боп жармасқын терегіне.


Самалы бол, Отанның салқындаған,
Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.
Семсері бол Отанның қынабында,
Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған.


Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына ма?
Сүй Отанды.
Шыныңмен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да!


«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,
Ақ басты алып анаммен шырайласам.
Қалай оны сүйем деп айта аламын,
Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!


Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,
Іс тынбайды «жанамын, күйемменен»…
Өгей әке емес қой Отан деген,
Отанды мен Атамдай иемденем.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Оқушылар бір-біріне сабаққа қатысты жақсы тілектер айтады.









Оқушыларға өлең сөзі таратылады. Оқушылар іштей бір рет оқиды. Екінші ретінде дауыстап мұғалім нұсқауымен кезек-кезек оқиды.













Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.


Қалыптастырушы бағалау

ҚБ

Тамаша жауап!

Жақсы жауап!

Ұсыныс!




9-сынып «Қазақ тілі» оқулығы

Сабақ ортасы

30 мин.













Мағынаны тану.

ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беріңдер. Аудиожазбадан ақын Несіпбек

Айтұлының «Мәңгілік Ел белгісі» өлеңін (02. mp3) тыңдап, жауаптарыңды түпнұсқамен салыстырыңдар. «Мәңгілік Ел» сөзін естігенде қандай сезімде боласыңдар?
















(214-бет)

  1. Өлеңде Қазақстан халқының өмірі қалай суреттелген?

  2. Тарихқа көз жүгіртіңдер. Мәңгілік Ел болуды кімдер армандады?

  3. Қазақстан халқының болашақ өмірін қалай елестетесіңдер?

  4. Экспрессивті-эмоциональды сөздер кездесе ме?

  5. Автор бұл сөздерді не үшін қолданған?

  6. Экспрессивті-эмоциональды сөздер өлеңге қандай мән үстеп тұр?

Дескриптор:

  • мәтінді тыңдап, негізгі ойды анықтайды;

  • мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, өз ойларын дәлелдеп жазады;

  • орфографиялық нормаға сай жазады.

ҚБ

ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН.

7-тапсырма. Тіл тазалығына қайшы сөздер мен тіркестерді түзетіп жазып, тізімді өздерің жалғаңдар.

Үлкен рақмет, құрметті халықтар, әскерлер жиылсын,

ағайындар арасында, аспазшы мамандығы, жанұямыз үлкен,

сот кама хабарлас, мен бару керекпін.

Дескриптор:

  • Тіл тазалығына қайшы сөздер мен тіркестерді түзетіп жазады;

  • тізімді жалғайды;

  • орфографиялық нормаға сай жазады.

ҚБ

Бекіту. 5-тапсырма. Оқылым және тыңдалым материалдарын негізге алып, «Мәңгілік Ел болу үшін...» тақырыбында пікір алмасыңдар. Сөйлеу стиліне тән репликалар қолданыңдар.

Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беріңдер. Аудиожазбадан ақын Несіпбек Айтұлының «Мәңгілік Ел белгісі» өлеңін (02. mp3) тыңдап, жауаптарыңды түпнұсқамен салыстырыңдар.







Мәтінді тыңдап, негізгі ойды анықтайды;

мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, өз ойларын дәлелдеп жазады;

орфографиялық нормаға сай жазады.



Тіл тазалығына қайшы сөздер мен тіркестерді түзетіп жазады;

тізімді жалғайды;

орфографиялық нормаға сай жазады.


Оқылым және тыңдалым материалдарын негізге алып, «Мәңгілік Ел болу үшін...» тақырыбында пікір алмасыңдар. Сөйлеу стиліне тән репликалар қолданыңдар.

























Қалыптастырушы бағалау

ҚБ

Тамаша жауап!

Жақсы жауап!

Ұсыныс!



Қалыптастырушы бағалау

ҚБ

Тамаша жауап!

Жақсы жауап!

Ұсыныс!


02.mp3

(Несіпбек Айтұлы)


(Не сіп бек Айтлы) «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялықа

Сабақтың соңы



Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік;

Рефлексия


Өзін-өзі бағалау

Кері байланыс парағы

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары

Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім?

Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма?

















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2025
115
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі